"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы N 587 және "Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ішікі істер министрінің 2006 жылғы 16 ақпандағы N 78 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4115. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.02.26 № 90 Бұйрығымен.

      Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеуді және техникалық байқауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. <*>
       Ескерту: 1-тармақ алынып тасталды - Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы   N 263   бұйрығымен .

      2. "Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы N 343  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 679 болып тіркелген, Ішкі істер министрінің N 1341 болып тіркелген 2000 жылы 20 қарашадағы  N 614 ; N 1458 болып тіркелген 2001 жылғы 25 наурыздағы  N 249 ; N 1663 болып тіркелген 2001 жылғы 28 қазандағы  N 762 ; N 2038 болып тіркелген 2002 жылғы 1 қазандағы  N 632 ; N 3641 болып тіркелген 2005 жылғы 26 сәуірдегі  N 249 ; N 3974 болып тіркелген 2005 жылғы 23 қарашадағы  N 651 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Жеке адамдардың жеңіл көлік құралдары мен мотоциклдерін қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару қалалардың (аудандардың) қорғаныс істер жөніндегі тиісті басқармаларын (бөлімдерін) жазбаша хабарлағаннан кейін ғана жүргізіледі.".

      3. Жол полициясы департаменті (Ө.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      2006 жылғы 2 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады