"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 7 наурыздағы N 66-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4136. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2256 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда жарияланған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы  N 253-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы  N 269-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 шілдедегі  N 322-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы  N 493-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 наурыздағы   N 108-НҚ бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережеде:
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) құзыретті орган - салалық министрлік және (немесе) ведомство, ал су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін - жергілікті атқарушы органдар;";

      4) тармақша алынып тасталсын;

      6) тармақшада»"жыл сайын және (немесе) орташа немесе ұзақ мерзімді кезеңге" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақта»"қабылдағанда" деген сөзден кейін»", сондай-ақ тарифтік сметаның атқарылуы туралы есепті қарағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, он екі айда бір реттен жиі емес жүргізілуі мүмкін";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтің (бағаның, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің және табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік сметаларының өзгерісін тарифтер және тарифтік сметалар туралы ақпаратты тексерудің нәтижелері бойынша қорытындының негізінде бастамашылық етеді.";

      7-тармақта "алпыс күн ішінде" деген сөздер»"тоқсан күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы:
      16) тармақшада:
      "нормативтік" деген сөзден кейін»"техникалық" деген сөздермен толықтырылсын;

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жылдық техникалық және технологиялық нормалары;";

      24) тармақша»"Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес" деген сөздерден кейін»"осы Ереженің 2-27 және 29-қосымшаларында көрсетілген нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 25) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
      "25) реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін таза табысты (пайданы) пайдалану туралы ақпарат;

      26) амортизациялық аударымдарды пайдалану туралы ақпарат.";

      8-1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақта:
      2) тармақшадағы 9-цифр алынып тасталсын;

      4) тармақша "заңда" деген сөздің алдынан»"инвестициялық тарифті бекітуге берілген өтініммен табиғи монополия субъектісінің өтініштерін беру жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) сенімді емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Көрсетілген себептер бойынша өтінімді қарауға қабылдаудан бас тартқан кезде табиғи монополия субъектісі бас тартылған сәттен бастап отыз күннен ерте емес өтініммен уәкілетті органға жүгіне алады.";

      13-тармақта:
      "қызметтерінің" деген сөздің алдынан»"реттеліп көрсетілетін" деген сөздермен толықтырылсын;
      "45" деген цифр "елу бес" ден сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:
      бірінші абзацта»"Табиғи монополия" деген сөздер»"Табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшада:
      "қаржылық және қажет болған жағдайда, техникалық" деген сөздер алынып тасталсын;
      "табиғи монополия" деген сөздер»"табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган бір уақытта осы Ережеге берілген 2-27 және 29-қосымшаларындағы нысан бойынша тарифтік сметаны бекітеді.";

      19-тармақта»"15" деген цифр»"отыз бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Жаңа тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың, инвестициялық тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданысқа енгізілуі тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
      Уәкілетті органның бастамашылығы бойынша бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданысқа енгізілуі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      21-тармақтағы»"10" деген цифр»"отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Табиғи монополия субъектісі бес жұмыс күн ішінде тұтынушыларды хабардар ету фактісі туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.";

      22-тармақта "екі тоқсаннан кейін" деген сөздер»"тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Түзетпелерді ескере отырып, тарифтiк сметаны бекiту";

      25-1, 25-2, 26-тармақтар алынып тасталсын;

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Табиғи монополия субъектісі ағымдағы жылдың аяғына дейін 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей тарифтік сметаны түзету туралы ұсыныспен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
      Тарифтік сметаны түзету туралы ұсыныспен жүгінген кезде табиғи монополия субъектісі түзетпелерді ескере отырып, тарифтік сметаның жобасын және бекітілген тарифтік сметаға енгізілетін түзетулерді негіздейтін материалдарды уәкілетті органға ұсынады.

      28. Тарифтік сметаға қоса беріліп отырған материалдарға табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, ал қаржылық құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қоюға тиіс.

      29. Уәкілетті орган ұсынған сәттен бастап 30 күн ішінде тарифтік сметаны түзету бойынша құжаттарды қарайды.";

      көрсетілген Ережеге берілген 1-қосымшада:
      4-тармақтың 26) тармақшасы алынып тасталсын;

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Пайда, оның ішінде:
      негізгі қорлар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу
      пайданың есебінен жүзеге асырылатын басқа шығындар
      тариф құрамындағы пайда
      тарифтік табыс
      салық салынғаннан кейін жиынтықты табыс (залал)
      дивидендтерді төлеу

      6. ҚҚС-сыз тариф (баға, алым ставкасы)";

      "Анықтамалық:" деген бөлімде:

      2-тармақта»"Орташа" деген сөз»"Орташа айлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      "7. Тарифті (бағаны, алым ставкасын) қалыптастырған кезде ескерілмейтін шығыстар, оның ішінде:
      әлеуметтік салыққа арналған шығыстар***
      тауар-материалдық қорлардың жетіспеушілігінен және бүлінуінен болатын ысыраптар***";

      көрсетілген Ережеге берілген 2-27, 29-қосымшаларда:
      кестелердің атауында "_____жылға арналған" деген сөздер алынып тасталсын;

      "Анықтамалық:" деген бөлім алынып тасталсын;

      көрсетілген Ережеге берілген 16-қосымшада:
      "Көрсеткіштердің атауы" деген бағандағы реттік нөмірі 1.2-жолдағы»"Отын" деген сөз»"Өзге де материалдық шығындар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8.7-жолмен толықтырылсын:
      "8.7. Өзге шығыстар";

      реттік нөмірі 11-жол алынып тасталсын;
      көрсетілген Ережеге берілген 24-қосымшада "**" ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      "** - Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік реттеуге жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша ұсынылады";

      көрсетілген Ережеге берілген 25 және 26-қосымшалардың 4-бағанында»"шетел авиакомпаниялары үшін" деген сөздер»"Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы ұшып өтуді қоспағанда халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялар үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге берілген 27-қосымшада "**" ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
      "** - табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жатқызылған көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады