"Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 70-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 89-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4184. 3516. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.07.2013 № 216-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы  ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы N 70-НҚ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінің N 3516 тізілімінде тіркелген "Ресми газетінің" 2005 жылғы 30 сәуірдегі N 18 (227) нөмірінде жарияланған)  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесінде:
      6 тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өтініште көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) өзінің қызметін бір жылдан кем жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру қорытындысының және оған берілген қосымшаның көшірмесі;";

      8) тармақшасы алынып алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстары күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспағанда, уәкілетті органға мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):
      1) қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті өтінішке берілген анықтама-негіздеме;
      2) жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды табыстар мен шығыстар туралы мәліметтер;
      3) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін табыстар күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін табыстарының бір процентінен аспайтынын растайтын өткен жыл ішіндегі белгіленген нысандағы бухгалтерлік теңгерімнің және табыстар мен шығыстар туралы есептің көшірмесін;
      4) өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда соңғы аудиторлық тексерудің қорытындысының және оған берілген қосымшаның көшірмесін ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Заң департаментi (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады