Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасын бекіту туралы" 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 02-01-02/64 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4239. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасын бекіту туралы" 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 986 тіркелген, 2001 жылғы 23 маусымдағы N 149-150 "Казахстанская правда" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы  N 02-1-7/3 - N 1043 тіркелген; 2000 жылғы 25 ақпандағы  N 02-1-7/16 - N 1066 тіркелген; 2000 жылғы 16 маусымдағы  N 02-1-7/60 - N 1173 тіркелген; 2000 жылғы 3 қарашадағы  N 02-1-7/154 - N 1281 тіркелген; 2001 жылғы 6 маусымдағы  N 02-2-4/98 - N 1544 тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі   N 02-01-02/44 - N 2268 тіркелген және 2005 жылғы 21 маусымдағы  N 02-01-02/80 - N 3694 тіркелген бұйрықтарымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Өкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үмiткерлермен әңгiмелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсiне қатыса алады.";

      7-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;
      3-2) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
      3-3) мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
      3-4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      3-5) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.";

      4) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      "17-1. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  12-бабы 2, 3-тармақтары мен  14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсімдері аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.";

      18-тармақтың 5) тармақшасы "хабарландыру" деген сөзден кейін "соңғы" деген сөзбен толықтырылсын;

      24-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      "Ескертпе: осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған, мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады.";

      26-тармақ "жiберген" деген сөзден кейін "(қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған)" деген сөздермен толықтырылсын;

      33-тармақта "тестілеу жүйесiне қосылған", "немесе басқа да мемлекеттік органның" деген сөздер алынып тасталсын;

      41-1-тармақта "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      42-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "42-1. Әрбiр үмiткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен ресiмделедi немесе техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.
      Үмiткермен әңгімелесу хаттамасына конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелері, үміткер, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асырушы хатшы қолдарын қояды.
      Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Жазба тасығыштар конкурс комиссиясының хатшысында сақталады.
      Әңгімелесу кезінде үмiткер де техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Техникалық жазба құралдарын қолдану конкурс комиссиясы отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.".

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады