Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 17.07.2013 № 213-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының:
1) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2173 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 5 сәуірде N 14 нөмірінде жарияланған) 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығының;
2) "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларға, жұмыстарға) орта мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2832 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 5 маусымда N 23 нөмірінде жарияланған) 2004 жылғы 15 сәуірдегі N 190-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2006 жылғы 12 маусымдағы
N 149-НҚ бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының,
алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрығымен.
2. Осы Ереже Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту мен енгізудің тәртібін, сондай-ақ тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастырудың қағидаттарын айқындайды.
3. Осы Ереже бекітілген инвестициялық бағдарламасы және (немесе) инвестициялық жобасы бар табиғи монополиялар субъектілеріне белгіленген тәртіппен қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрықтарымен.
3-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейінің жобасы табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) параметрлері (көрсеткіштері) қалыптасады.
Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
4. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық тарифтiк смета - тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу жылына белгiленген тәртiппен бекiтiлген тарифтiк смета;
2) болжанып отырған тарифтiк смета - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңнiң әрбiр жылына уәкiлеттi орган қабылдаған және бекiткен тарифтiк смета;
3) құзыреттi орган - тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4) орташа мерзiмдi кезең - бес жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда бiр жылдан асатын уақыт аралығы;
5) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
6) тарифтiк табыс - уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бойынша Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетiн табысы;
7) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.04.2013 № 116-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2. тарау
Ескерту. 2-тарау алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар
ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге берілген өтінімді
ұсыну мен қабылдау тәртібі
7. Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрi - Субъект) уәкiлеттi органға тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын бекiтуге өтiнiм ұсынады.
Табиғи монополия субъектісі тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекітуге арналған өтініммен бір мезгілде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуге ұсынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.04.2013 № 116-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге берілген өтінімге мыналар:
1) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба;
2) инвестициялық бағдарлама (жоба);
3) салалық ерекшеліктерді ескере отырып, прейскурантпен тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасы;
4) екі алдыңғы күнтізбелік жылға бухгалтерлік теңгерім;
5) екі алдыңғы күнтізбелік жылға табыстар мен шығыстар туралы есеп;
6) екі алдыңғы күнтізбелік жылға ақшаның қозғалысы туралы есеп;
7) қызметкерлердің тізімі бойынша саны 50 адамнан асатын заңды тұлғалар үшін екі алдыңғы күнтізбелік жылға инвестициялар туралы мәлімет (1-инвест нысаны);
8) екі алдыңғы күнтізбелік жылға (N 1-т жылдық нысаны) еңбек бойынша есеп;
9) екі алдыңғы күнтізбелік жылға жекелеген лауазымдар мен мамандықтар бойынша қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы мәліметтер (N 2-т (маман.) нысаны);
10) екі алдыңғы күнтізбелік жылға өндірістік-қаржылық қызметтің (N 1-ӨҚ нысаны) негізгі көрсеткіштері;
11) екі алдыңғы күнтізбелік жылға негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы туралы (N 11-нысан) есеп;
12) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес тарифтік смета;
13) екі алдыңғы күнтізбелік жылға дебиторлық және кредиторлық берешекті ажырату;
14) екі алдыңғы күнтізбелік жылға өзге және басқа да шығыстарды ажырату;
15) белгіленген тәртіппен бекітілген:
персоналдың нормативтік саны;
техникалық және технологиялық нормалардың шығыны;
нормативтік техникалық ысыраптардың болуын растайтын құжаттар;
Олар болмаған жағдайда - персоналдың нормативтік санын, шығыстың техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге өтінімдерді қарауға уәкілетті органның қабылдағаны туралы ақпарат.
15-1) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін Субъектінің ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген сметасы;
16) алдыңғы күнтізбелік жылға және материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері;
17) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасының есебі;
18) алынып тасталды
19) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асырғанға дейін пайдаланылатын және жылдарға бөле отырып, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеу туралы ақпарат;
20) алынып тасталды
21) алынып тасталды
22) заемдық ресурстарды қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар);
23) алынып тасталды
24) басшылардың, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын және лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін (мемлекет қатысуының басым үлесі бар мемлекеттік кәсіпорындар не кәсіпорындар үшін) белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның шешімі қоса беріледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.28 N 19-НҚ, 16.04.2013 № 116-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
9. Өтiнiмге берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай тәртіп сақталып ұсынылады:
1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді, Субъект басшысының мөрiмен және қолымен расталады. Бұл ретте қаржы құжаттарына Субъектiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және Субъектiнiң мөрiмен расталады;
2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
3) көлемдердiң маусымдық ауытқуларының тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсер етуiн болдырмау мақсатында негiздемеге жылға арналған есептегi деректер, мұндай есеп салықтық есептiң ұстанымдарымен мақсатсыз жағдайын қоспағанда, алынады;
4) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын есептеген кезде негiзге өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан немесе өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерi алынады;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады;
6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
10. Уәкілетті орган өтінім алған күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны туралы немесе бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтінімді қараудан бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрығымен.
11. Субъектінің өтінімін қараудан бас тартудың себептері мыналар:
1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы;
2) алынып тасталды
3) Субъектінің осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы болып табылады;
4) Ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 9-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуі;
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрықтарымен.
4. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейінің жобасын қарау тәртібі
12. Субъект тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiнiң жобасын уәкiлеттi орган табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес экономикалық негiзделген есеп айырысуларды ұсынған жағдайда, өтiнiмдi беру сәтiнен бастап күнтізбелік бiр жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
13. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың шекті деңгейінің жобасына:
1) Субъекті өтінішпен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есеп айырысулар талдауының, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын табиғи монополиялар субъектілері көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауының негізінде;
2) осы үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.
14. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес Субъектіден қосымша ақпарат сұратады.
Субъект уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмдерде талап етiлген ақпаратты ұсынбаған немесе оларды толық емес көлемде ұсынған жағдайда, уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде мәлiмделген шығындарды есепке алмайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
15. Уәкілетті орган Субъект ұсынған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға шығарады.
Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өткізіледі.
5. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының)
шекті деңгейін қалыптастыру қағидаттары мен тәртібі
16. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін қалыптастыру Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызметі бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алудың негізінде жүзеге асырылады.
17. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанып отырған тарифтік сметаны қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарында көзделген негізгі көрсеткіштерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
18. Тарифтік сметаның болжанып отырған көрсеткіштері Субъектінің орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтік табысын айқындауға негізделеді.
Тарифтік табыс орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке-жеке есептеледі. Барлық кезеңге арналған тарифтік табыстың негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым ставкасы) есептеледі.
Тарифтік табыс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың болжанып отырған көлемдеріне, кезең шығыстарына, сондай-ақ пайданың ұйғарынды деңгейіне сүйене отырып, айқындалады.
19. Тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (қызметтердің, тауарлардың, жұмыстардың) бірлігін шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына (бұдан әрі - материалдық ресурстар) және (немесе) уәкілетті органның ол белгілеген тәртіппен бекітілген материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.01.28 N 19-НҚ Бұйрығымен.
20. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн есептеген кезде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтен тыс техникалық ысыраптармен байланысты шығындар есептеледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
21. Субъекті негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарға бағыттайтын қаражаттары құзыретті органның орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезең ішінде осы көлемдерде жүргізу қажеттілігі туралы растауы болған кезде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеген кезде ескеріледі. Құзыретті орган осы жұмыстарды (әрбір объект бойынша) жүргізу қажеттілігін және олардың нақты көлемдерін айқындайды.
22. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне төтежелілі (бірқалыпты) әдіс бойынша есептелген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары енгізіледі. Амортизацияны есептеудің өзге әдістерін қолдану уәкілетті органның келісімі бойынша мүмкін.
Амортизация негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталады.
23. Субъекті персоналының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды айқындаған кезде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік сан есепке алынады.
24. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізілетін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары Субъекті персоналының бекітілген нормативтік санына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарында көзделген тұтынушы бағалары индексінің болжанып отырған өзгерісін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа жалақыға сүйене отырып, айқындалады.
25. Субъектілер басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға бухгалтерлерінің және Субъекті әкімшілік персоналының басқа да қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы бойынша тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) енгізілетін мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары 15 реттен аспайтын Субъекті жалақысының ең жоғары және ең төмен деңгейінің арасындағы ара қатынасына сүйене отырып, лимиттенеді.
Осы ара қатынас неғұрлым жоғары ақы төленетін қызметкерлердің (мысалы, басшының) және неғұрлым төмен ақы төленетін қызметкерлердің (мысалы, 1 тарифтік разрядқа ие қызметкердің) жалақысы мөлшерлерінің қатынасы болып табылады.
26. Табиғи монополия саласында қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстарын, лауазымдық жалақыларының мөлшерлерін, сондай-ақ оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік басқару органдары айқындайды.
27. Әкімшілік мақсаттағы шығыстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің өзгеруін ескере отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінде ескеріледі.
28. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру үшін кредиттер үшін сыйақылар төлеуге арналған шығындар енгізіледі. Инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде алынған кредиттер бойынша сыйақылардың мөлшерін (кредиттердің проценттері, комиссиялық төлемдер) төмендету жағына қарай өзгертуге жол беріледі.
Шетел валютасында алынған кредиттер үшін сыйақылар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарының негізгі көрсеткіштерінің негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерісін ескере отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізіледі.
29. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырудың міндетті түрлеріне арналған шығындар енгізіледі.
30. Әкімшілік персоналдың өкілдік шығыстары, іссапар шығыстары, байланыс қызметтеріне, мерзімді баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық қызметтерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспарында көзделген тұтынушы бағалар индексінің болжанып отырған өзгерісін ескере отырып, уәкілетті органның келісімі бойынша Субъекті белгілеген лимиттердің шегінде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізіледі.
31. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың шекті деңгейін қалыптастыру және бекіту кезінде шығын бөлігінде мыналарға:
нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың бүлiнуi мен жетiспеуiне және қоймалардағы қорларға, басқа да өндiрiстiк емес шығыстар мен ысыраптарға арналған;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсеткен, ұсынған кезде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдарына;
сенімді басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемге;
ластайтын заттардың нормативтен тыс тастандылары (түсіргендері) үшін төлемдерге;
сот шығындарына;
үмітсіз борыштарға;
айыппұлдарға, өсімпұлдарға, тұрақсыздық айыбына және шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін санкциялардың басқа да түрлеріне;
табысты жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдарға және өсімпұлдарға;
ұрлықтан болатын залалдарға арналған;
қызмет көрсететін өндірістерді және шаруашылықтарды (қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына үй-жайларды тегін беру, коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстау жөнінде;
құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа, денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, білім беру мекемелерін, кәсіби-техникалық училищилерді ұстауға;
сауықтыру лагерлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын-үй қорының объектілерін ұстауға;
мәдени-ағартушылық, сауықтыру және спорт іс-шараларын өткізуге (демалу кештерін, спектакльдерді, концерттерді өткізуге);
кәсіпорынның қызметкерлеріне тұрғын-үй жағдайларын жақсартуға, бақшалы үйлерді сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге берілген несиелерді (процентсізді қоса) өтеуге арналған;
бақшалы серіктестіктерді абаттандыру (оның ішінде, жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа шығыстарды жүзеге асыру) бойынша;
лекциялар, көрмелер, пікірталастар, ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар, қоғамдық ұйымдарға және қауымдастықтарға мүшелік жарналар өткізу мен ұйымдастыруға арналған;
бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама бойынша, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімді қоспағанда, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімді басып шығару бойынша;
табиғи монополия субъектісінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын-үй ғимараттары мен құрылыстарды, жатақханалардағы және қонақ үйлердегі орындарды сатып алуға, жалдауға және ұстауға;
қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және басқа да осындай жұмыстарды орындауға арналған;
білім беру ұйымда білім алатын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеуге;
жұмыстың қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа нысандарына арналған;
кәсіби ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектісі қаражатының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, экскурсияға баруға арналған жолдамаларына ақы төлеу бойынша;
өздерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалған шарттар бойынша емханалардың қызметтеріне ақы төлеу бойынша;
сақтандыру (өздерінің қызметкерлерінің пайдасына кәсіпорындармен жасалған жеке және мүліктік сақтандырудың шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар) төлемдеріне арналған;
қызметкерлерге, оның ішінде балаларды тәрбиелеп жатқан әйелдерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс) ақы төлеу бойынша, демалысты пайдалану орнына және кері қызметкердің отбасы мүшелерінің жол жүруіне ақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысты өтеу;
демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге арналған;
заңнамада көзделгеннен басқа, табиғи монополия субъектісінің қызметкерлеріне жеңілдіктер (қызметкерлерге тегін немесе төмен бағамен тамақ беру, денсаулық сақтау топтарына арналған абонементтерге, секцияларда, клубтарда айналысуға, протездеуге және т.б. ақы төлеу) беру;
мерейтой күндеріне немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілетін сыйлықтар (автомашиналарды, пәтерлерді, ұзақ пайдаланылатын заттарды және басқа да тауарларды, сондай-ақ қызметкерлердің дербес шоттарының проценттік ставкаларының өсуін қоса) сатып алуға;
мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерлердегі балалар тамағының құнын өтеуге арналған;
кәсіподақтарға ұжымдық шартпен айқындалған мақсаттар үшін аударымдар;
тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарды өткізуге, өнертабыс пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша (қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынғанда қолданылатындарды және экономикалық тиімділігі барларды қоспағанда) модельдер мен үлгілерді жасауға және сынақтан өткізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық бойынша көрмелер, байқаулар, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізуге, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б. байланысты;
реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге және көрсетуге тікелей жатпайтын және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өсуіне алып келетін шығыстардың басқа да түрлерінің шығыстары ескерілмейді.
Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
32. Орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге шекті тарифтерді бекіту деңгейі жыл сайын бекітуге жол беріледі.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
33. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде ескерілетін пайданың ұйғарынды деңгейі заңнамада белгіленген тәртіппен есептеледі.
6. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және
тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту мен енгізу
34. Уәкiлеттi орган жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың шектi деңгейiн оның қолданыс мерзiмiн көрсете отырып, бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асыруға көзделген кезеңнен аспайтын мерзiмге белгiленедi.
Тарифтердiң шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда, өңірлік электр желілік компания болып табылатын табиғи монополия субъектісі салыстырмалы талдау әдісін қолданып реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф бекітілгенге дейін тарифтердiң бекітілген шекті деңгейін қолданады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
35. Уәкілетті органның Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметалардың шекті деңгейін бекіту туралы шешімі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
36. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың шектi деңгейiн бекiту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Субъектiге оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз бес күн бұрын жолдайды.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
37. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
38. Субъект тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз бес күн бұрын жеткiзедi.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
39. Субъект күнтізбелік бес күн iшiнде уәкiлеттi органға тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар еткен фактi туралы ақпаратты ұсынады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
40. Егер субъект тұтынушыларды тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу туралы осы Ережеде көзделген мерзімдерде хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі уәкілетті органның шешімінде көрсетілген күннен бастап енгізілмейді. Бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
7. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті
деңгейлері белгіленген Субъектілердің қызметін бақылау
41. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі қолданыста болған кезеңде Субъекті тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асырған кезде уәкілетті орган қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыны тартады.
Уәкілетті органның мамандары және уәкілетті орган тартатын тәуелсіз сарапшылар Субъектінің инвестициялық бағдарламасы және (немесе) инвестициялық жобасы бойынша коммерциялық пен өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпей техникалық, бухгалтерлік және өзге де құжаттамаға қол жеткізу құқығына ие.
42. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің қолданысы кезінде уәкілетті орган:
1) осы Ереженің 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізі құралдарды қайта бағалауға келіспейді;
2) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыру үшін қосымша қарыздар мен кредиттерді тартуға келіспейді.
43. Субъект тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің қолданысы ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету кезінде шығындарды тарифтік смета шегінде жүзеге асырады.
44. Субъект тарифтердің шектi деңгейiнің қолданысы кезінде уәкілетті органға:
1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1568 қаулысымен бекітілген нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат береді және осы ақпаратты табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
2) өңірлік электр желісі компаниясын қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынады;
3) қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін тоқсан сайын ұсынады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 16.04.2013 № 116-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
45. Ақпарат қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттама түрінде растай отырып және олардың келісілген нұсқадан ауытқулары болған жағдайда себептерін түсіндіре отырып, осы Ереженің 2-4-қосымшаларына сәйкес ұсынылады.
46. Тарифтердің шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субъект шығындарды бекiтiлген тарифтiк смета шегiнде азайтуға қарай, оның iшiнде:
1) еңбекке ақы төлеу қорын төмендету;
2) материалдық ресурстар шығысының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтiк техникалық және нормативтен тыс техникалық ысыраптарды және басқаны төмендету;
3) әкiмшiлiк және шығыстардың басқа да түрлерi есебiнен қысқартады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
47. Уәкілетті орган, егер Субъект бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің шығын бөлігін азайтса, бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған қаражаттарды Субъект өз бетінше жұмсайды. Бұл ретте Субъект:
тарифтік сметаны реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері, инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны, күрделі, ағымдағы және жөндеу жұмыстарының басқа түрлерін іске асыру, салалық стандарттардың талаптарына сәйкес пайдалану шығындар бөлігінде орындайды;
тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде көзделген тарифтік табысты алуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған кезде тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің өзгеруі
48. Бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінде көзделген табыстарды толық көлемде алмауға әкелген еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің өзгеруі уәкілетті органның бастамасы бойынша не Субъектінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
49. Уәкілетті орган, егер Субъектінің қаржы жағдайы оған тәуелсіз себептердің ықпалына едәуір шалдықса және инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны орындауға қауіп төндірсе, еңсерілмес күш мән-жайлары болды деп есептейді.
50. Еңсерілмес күш мән-жайларына:
1) валюта бағамының нақты және болжанып отырған деңгейінің және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту кезінде көзделген бағамының арасындағы;
2) инфляция деңгейінің;
3) бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінде көзделгеннен қарағанда реттеліп көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты шығындардың нақты және болжанып отырған деңгейлерінің арасындағы елеулі өзгеріс жатады;
5) стратегиялық тауарлардың құнының арасындағы елеулі өзгеріс жатады.
Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
51. Еңсерілмес күш мән-жайларын қарау кезінде тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі қолданысының барлық қалған кезеңі ішінде еңсерілмес күштің әрбір мән-жайының кумулятивтік ықпал етуі ескеріледі.
52. Уәкілетті орган Субъекті ұсынатын есептерді талдау және уәкілетті орган Субъектіге жүргізген тексеру нәтижелері бойынша тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін:
болжанған тарифтік сметаны көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері, инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны, жөндеу-қалпына келтіру, күрделі, ағымдағы және жөндеу жұмыстарының басқа да түрлерін іске асыру бөлігінде орындамау және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде көзделген нормативтен тыс ысыраптар деңгейінің төмендеу серпіні болмаған жағдайда;
тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін есептеу кезінде көзделген тарифтік табыстан 90% кем тарифтік табыстың көлемін алу;
Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
52-1. Уәкілетті орган субъектінің персонал саны нормативтерінің қолданылу мерзімі тоқтатылған немесе өзгерген жағдайда тарифтердің (бағаларды, алым ставкаларының) шекті деңгейін өзгертеді.
Ескерту. 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
53. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін заңсыз көтерумен және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейіне іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құнын енгізумен келтірілген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекіту туралы шешім қабылдайды.
54. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің өзгерілуі және (немесе) уақытша өтемдік тарифті (бағаны, алым ставкасын) енгізілуі уәкілетті органның шешімі бойынша шешім қабылданғаннан кейінгі айдың басынан бастап жүргізіледі.
Табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
______________________________________________ ________________
реттеліп көрсетілетін қызметтер ТМС-нің атауы
(тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы тарифтік смета
Көрсеткіштердің атауы* |
Өлшем бірлігі |
Қолданыстағы тарифтік сметада қабылданды |
Алдағы аяқталған жыл ішінде нақты көрсеткіштер |
Алдағы аяқталған 4 тоқсан ішінде нақты көрсеткіштер |
|
І |
Тауарлар өндіруге және қызметтер ұсынуға арналған шығындар, барлығы, оның ішінде |
мың теңге |
|||
1 |
материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде |
||||
1.1 |
Шикізат және материалдар |
- " - |
|||
1.2 |
сатып алынатын бұйымдар |
- " - |
|||
1.3 |
ЖЖМ |
||||
1.4 |
отын |
||||
1.5 |
Энергия |
||||
2 |
Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
|||
2.1 |
өндірістік персоналдың жалақысы |
||||
2.2 |
әлеуметтік салық |
- " - |
|||
3 |
Амортизация |
- " - |
|||
4 |
Жөндеу, барлығы, оның ішінде |
||||
4.1 |
Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу |
||||
5 |
Өзге шығындар (ажыратып жазу) |
- " - |
|||
ІІ |
Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
|||
6 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде: |
- " - |
|||
6.1 |
Әкімшілік персоналдың жалақысы |
- " - |
|||
6.2 |
әлеуметтік салық |
- " - |
|||
6.3 |
Салықтар |
- " - |
|||
6.4 |
Өзге шығыстар |
- " - |
|||
7 |
Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар |
- " - |
|||
ІІІ |
Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығын |
- " - |
|||
ІV |
Табыс (АРБ*ПС) |
- " - |
|||
V |
Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ) |
- " - |
|||
VІ |
Барлық табыс |
- " - |
|||
VІІ |
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
заттай көрсеткіштерде |
|||
VІІІ |
Нормативтік техникалық ысыраптар |
% |
|||
заттай көрсеткіштерде |
|||||
ІХ |
Тариф |
теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өлшеміне арналған |
кестенің жалғасы
Субъекті тарифтік сметасының жобасы |
|||
жобаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде, оның ішінде |
жобаны іске асырудың 1 (негізгі) жылы |
жобаны іске асырудың 2-жылы |
жобаны іске асырудың і жылы |
Анықтамалық: |
|||
8 |
Персоналдың тізім бойынша орташа саны, |
адам |
|
оның ішінде: |
|||
8.1 |
өндірістік |
- " - |
|
8.2 |
әкімшілік |
- " - |
|
9 |
Орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде |
теңге |
|
9.1 |
өндірістік персоналдың |
- " - |
|
9.2 |
әкімшілік персоналдың |
- " - |
|
10 |
Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу |
мың теңге |
|
11 |
Пайданың есебінен жүзеге асырылатын шығындар (ажыратып жазу) |
- " - |
|
12 |
Шаруашылық тәсілмен орындалатын ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу, барлығы, оның ішінде |
- " - |
|
12.1 |
жөндеуге арналған материалдар |
- " - |
|
12.2 |
жалақы |
- " - |
|
12.3 |
әлеуметтік салық |
- " - |
|
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе
толықтырылуы мүмкін
Табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007.06.13. N 163 -НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру туралы есеп
N |
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшем бірлігі |
Тариф (баға, алым ставкасы) қолданыста болған і-жылы |
Жобаны іске асырудың і-жылдағы нақты көрсеткіштері |
1 |
Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде |
мың теңге |
||
1.1 |
Шикізат және материалдар, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
1.1.1 |
шетел валютасында сатып алынғандар |
- " - |
||
1.2 |
Сатып алынатын бұйымдар және жартылай дайын фабрикаттар, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
1.2.1 |
шетел валютасында сатып алынғандар |
- " - |
||
1.3 |
ЖЖМ, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
1.3.1 |
шетел валютасында сатып алынған |
- " - |
||
1.4 |
Отын, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
1.4.1 |
шетел валютасында сатып алынған |
- " - |
||
1.5 |
Электр энергиясы, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
1.5.1 |
шетел валютасында сатып алынған |
- " - |
||
2 |
Жөндеу, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
2.1 |
ағымдағы жөндеу |
|||
2.2 |
негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу |
- " - |
||
3 |
Өзге шығындар*) |
- " - |
||
4 |
Негізгі құралдардың тозуы |
|||
5 |
Материалдық емес активтердің амортизациясы |
- " - |
||
6 |
Өзге шығыстар - барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
6.1 |
іссапар шығыстары |
- " - |
||
7 |
Салық төлемдері мен алымдары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
7.1 |
мүлікке арналған салық |
- " - |
||
7.2 |
табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем |
- " - |
||
8 |
Бөгде ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеу, барлығы, оның ішінде: *) |
- " - |
||
8.1 |
жалгерлік төлем |
|||
9 |
Басқа шығындар*), барлығы, оның ішінде |
- " - |
||
9.1 |
сыйақылар төлеу бойынша шығыстар |
- " - |
||
9.1.1 |
шетел валютасында |
|||
10 |
Жалақы қоры, барлығы, оның ішінде: |
|||
10.1 |
өндірістік персонал |
- " - |
||
10.2 |
көмекші персонал |
- " - |
||
10.3 |
әкімшілік персонал - барлығы, олардан |
- " - |
||
10.3.1 |
орталық аппарат |
- " - |
||
10.4 |
әлеуметтік салық |
- " - |
||
11 |
Барлық шығыс |
|||
12 |
Жылдар бойынша күрделі қаржы жұмсалымдарына арналған шығындарды қаржыландыру, барлығы, оның ішінде: |
- " - |
||
12.1 |
Құрылыс - барлығы, олардан |
- " - |
||
12.1.1 |
шаруашылық тәсілмен салынған меншік құрылыс |
- " - |
||
12.1.2 |
машиналар мен жабдықтар, табыстау құрылғылары |
- " - |
||
12.1.3 |
көлік құрылғылары |
- " - |
||
12.1.4 |
материалдық емес активтерді сатып алуға, барлығы, оның ішінде: |
- " - |
||
12.1.4.1 |
компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауға және сатып алуға |
- " - |
||
13 |
Бөлуге арналған пайда, оның ішінде |
- " - |
||
13.1 |
күрделі қаржы салымдарын қайтару |
- " - |
||
13.2 |
қарыздар бойынша міндеттемелерді төлеу |
- " - |
||
14 |
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
заттай көрсеткіштерде |
||
15 |
Тұтынушыларға одан әрі беру үшін сатып алынатын өнімнің көлемі, барлығы |
млн. теңге |
||
заттай көрсеткіштерде |
||||
16 |
уәкілетті орган бекіткен норматив бойынша өзінің мұқтажына пайдаланылатын өндірілген өнімнің (тауарлардың, қызметтердің) көлемі, барлығы |
млн. теңге |
||
заттай көрсеткіштерде |
||||
17 |
Нормативтік техникалық ысыраптар |
млн. теңге |
||
заттай көрсеткіштерде |
||||
18 |
Жалпы көлемнен түсетін нақты ысыраптар |
% |
||
заттай көрсеткіштерде |
*) шығындардың ажыратып жазылуы міндетті түрде қоса берілді
**) амортизациялық аударымдардың есебі міндетті түрде қоса берілді
Табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2012.11.29 № 305-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
_________________________________________
реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтік сметаның
(тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы атқарылуы туралы есеп
Көрсеткіштердің атауы* |
Өлшем бірлігі |
Бекітілген тарифтік сметада көзделген |
Тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштері |
% ауытқу |
ауытқудың себептері |
Тауарларды өндіру мен қызметтерді ұсыну шығындары |
мың теңге |
||||
материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
Шикізат және материалдар |
- " - |
||||
сатып алынатын бұйымдар |
- " - |
||||
ЖЖМ |
- " - |
||||
отын |
- " - |
||||
Энергия |
- " - |
||||
Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
өндірістік персоналдың жалақысы |
- " - |
||||
әлеуметтік салық |
- " - |
||||
Амортизация |
- " - |
||||
Жөндеу, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін күрделі жөндеу |
- " - |
||||
Өзге шығындар (ажыратып жазу) |
- " - |
||||
Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде |
- " - |
||||
Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы: оның ішінде: |
- " - |
||||
Әкімшілік персоналдың жалақысы |
- " - |
||||
әлеуметтік салық |
- " - |
||||
Салықтар |
- " - |
||||
Өзге шығыстар (ажыратып жазу) |
- " - |
||||
Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар |
- " - |
||||
Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығын |
- " - |
||||
Табыс (АРБ*ПС) |
- " - |
||||
Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (АРБ) |
- " - |
||||
Барлық табыс |
- " - |
||||
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі |
заттай көрсеткіштерде |
||||
Нормативтік техникалық ысыраптар |
% |
||||
Тариф |
теңге/көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өлшеміне арналған |
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе
толықтырылуы мүмкін
Табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтері
(тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің
(бағаларының, алымдар ставкаларының)
және тарифтік сметаларының шекті
деңгейін бекіту ережесіне
4-қосымша
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшем бірлігі |
1-тоқсан |
2-тоқсан |
3-тоқсан |
4-тоқсан |
... |
|
Төлем бойынша міндеттемелер: |
мың $* |
||||||
млн. теңге* |
|||||||
кредиттер үшін проценттер |
мың $ |
||||||
млн. теңге |
|||||||
комиссиялық төлемақы, сыйақылар, және т.б. |
мың $ |
||||||
млн. теңге |
|||||||
қарыздың негізгі сомасы |
мың $ |
||||||
млн. теңге |
|||||||
Резервтік қорға жіберілді |
мың $ |
||||||
млн. теңге |
|||||||
Есепті кезең аяғында резервтік қорда қаражаттардың нақты болуы |
мың $ |
||||||
млн. теңге |
|||||||
Жинақталған қаражатқа сыйақы есептеу сомалары |
мың $ |
||||||
млн. теңге |
* Егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек
теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел
валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел
валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерін төлемнің
нақты бағамы бойынша ұлттық валютада беріледі.
** АҚШ-тың долларына теңгенің бағамын көрсету.