"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 23) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, 14-1-бабы 1-тармағының 4-1) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3531 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 30 сәуірде N 18 нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы N 85-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) уәкiлеттi орган - табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
7-тармақта:
1) тармақшада "табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға" деген сөздер "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның" және "табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган" деген сөздер тиісінше "уәкілетті органның" және "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға