Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы»3 тамыздағы N 258-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4359. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.04.24. N 123 (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007.04.24. N  123  (ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының
8-бабындағы 12-2-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 178-ө  өкімін  орындауда,  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша берілген өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ереже бекітілсін.
      2. Табиғатты қорғауды бақылау комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң өз күшіне енеді. 

       Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау министрі
міндетін атқарушының     
2006 жылғы»3 тамыздағы    
N 258-Ө бұйрығымен бекітілген  

 

  Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі
Үлгі ережені бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі Үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) табиғатты пайдаланушылардың өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
      1) табиғатты пайдаланушы - қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті орган беретін табиғатты пайдалануға рұқсат негізінде (бұдан әрі - рұқсат), қоршаған ортаға ластаушы шығарындылар мен төгінділерге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      2) өндірістік экологиялық бақылау (бұдан әрі - ӨЭБ) - табиғатты пайдаланушылармен жүзеге асатын қоршаған ортаның жағдайы мен шаруашылық және өзге қызметтің ықпалынан оның өзгерістерін, қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі жоспарлар және іс-шаралардың орындалуын тексеру, табиғи ресурстарды қайта жаңғырту және тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаларды, өндірістік мониторинг, есепке алу, есеп беру, нәтижелерді құжаттаумен қоса оның сапасы және экологиялық талдау нормативтерін қадағалауды бақылау үшін шаралар жүйесі;
      3) өндірістік мониторинг (бұдан әрі - ӨМ) - өндірістік процестің белгіленген параметрлерінің, шаруашылық немесе өзге де қызметтің нәтижесінде қоршаған ортаға ықпал етудің физикалық және химиялық факторлардың экспериментті (өлшеу негізінде) және/немесе жанама (есептесу негізінде) бағасы;
      4) эмиссиялар - қоршаған ортаға ластаушы заттардың немесе физикалық ықпал ету факторларының тікелей немесе орталықтандырылған шығаруы. 

      3. ӨЭБ -  шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде, меншіктік түріне қарамастан жүргізіледі.

      4. ӨЭБ процесінде қадағаланатын міндетті параметрлер тізбесіне, оның мерзімділігін белгілеу тұрғысы мен критерияларына, өлшеудің ұзақтығы мен жиілігіне, табиғатты пайдаланушымен әзірленген және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, инструменталды қолданылатын немесе есеп айырысу әдісімен өндірістік экологиялық іс-әрекет жоспарына талаптар қойылады.

      5. ӨЭБ жүргізу кезінде табиғатты пайдаланушы:
      1) іс-әрекет жоспарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
      2) іс-әрекет жоспарының шарттарын іске асырады және нәтижелерді құжаттайды;
      3) рәсімдік талаптарды қадағалайды және алынған мәліметтердің сапасын қамтамасыз етеді;
      4) ӨЭБ нәтижелерін жүйелі түрде бағалайды және қоршаған ортаны қорғау саласында айқындалған сәйкессіздікті жою жөніндегі тиісті шараларды қабылдайды;
      5) ӨЭБ нәтижелері бойынша белгіленген тәртіпте өкілетті органға есеп беруді ұсынады;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органмен қойылған тәртіпте, ӨЭБ нәтижелері бойынша ішкі есеп жүргізу, мерзімді есеп беруді қалыптастырады және ұсынады;
      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқару органға, ӨЭБ процесінде анықталған, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамалардың, оның сапасының нормативі мен экологиялық талаптарының бұзылу фактілері жөнінде кідіріссіз хабарлайды;
      8) техникалық қауіпсіздікті қадағалайды;
      9) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, жүзеге асырып отырған ӨЭБ-нің сапасы мен әділдігін растау үшін қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
      10) ӨЭБ жүргізуге персоналдардың ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функцияналдық құрылымын өзі белгілейді;
      11) өз еркімен кеңейтілген ӨЭБ жүргізеді.

  2. Іс-әрекет жоспарын әзірлеуге талаптар

      6. Іс-әрекет жоспары табиғатты пайдаланушының өзімен не табиғатты қорғау жөніндегі жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында жұмыс істеу қызметіне лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғаны қатыстыра отырып әзірленеді. 

      7. Іс-әрекет жоспары мынадай ақпаратты мазмұндауы тиіс:
      1) ӨМ процесінде қадағаланатын міндетті параметрлер тізімі;
      2) ӨМ және өлшеулерді жүзеге асырудың кезеңі, ұзақтығы және жиілігі;
      3) ӨМ жүргізуде қолданылатын әдістер туралы мәліметтер (эксперименталды және/немесе жанама);
      4) сынамаларды алу нүктесі және өлшеуді жүргізу орны;
      5) есепке алудың, талдаудың, мәліметтерді хабарлаудың әдісі мен жиілігі;
      6) ішкі тексеру мен қоршаған ортаны қорғау заңнамаларының, оның сапасының нормативтері және экологиялық талаптардың (оларды қадағаламауға ішкі әрекет ету инструментін қоса) бұзушылығын жою рәсімінің жоспар-кестесі;
      7) аккредитация және сертификация жөніндегі нақты мәліметтерді қоса, инструменталды өлшеу сапасын қамтамасыз ету тетігі;
      8) штаттан тыс жағдайда іс-әрекет хаттамасы;
      9) ӨЭБ жүргізуге персоналдардың ішкі жауапкершілігінің ұйымдастырушылық және функцияналдық құрылымы;
      10) ӨЭБ ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін айқындайтын өзге де мәліметтер.

  3. ӨМ жүргізудің ерекшелігі

      8. ӨМ қондырылған мерзімділікпен әділетті мәліметтер алу үшін орындалатын ӨЭБ-ның элементі болып табылады.

      9. ӨЭБ-ны жүзеге асыру аясында операциялық мониторинг, эмиссия мониторингі және ықпал ету мониторингі орындалады:
      1) операциялық мониторинг (немесе өндірістік процесс мониторинг) - табиғатты пайдаланушының қызметінің көрсеткіштері, оның тиісті жобалық пайдалану және осы өндірістің технологиялық регламентінің шарттарын қадағалау үшін дұрыс мақсатты болып есептелетін диапазонда екендігін растау үшін, технологиялық процестің параметрлерін қадағалау; 
      2) эмиссия мониторингі - өндірістің ысыраптары, эмиссияның саны мен сапасын және олардың өзгеруін қадағалау үшін өндірістік эмиссияларға дереккөздерден бақылау;
      3) ықпал ету мониторингі - табиғатты пайдаланушыға бөлінген, санитарлы-қорғау аймағындағы қоршаған ортаның жағдайына бақылау.

      10. Эмиссияның жанама есеп айырысуы немесе эмиссияның және ықпал ету мониторинг шарттарының сипаттамасы үшін қолданылатын параметрлер мониторингінен өзге, операциялық мониторинг параметрі табиғатты пайдаланушының өзімен белгіленеді.

      11. Эмиссия мониторингінің параметрі табиғатты пайдаланушының іс-әрекет жоспарының құрамында бар.

      12. Ықпал ету мониторингін жүргізу іс-әрекет жоспарына, егер қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамаларды, оның сапасының нормативі мен экологиялық талаптарын қадағалауды бақылау үшін қажет және дұрыс мақсатты болған жағдайда қосылады.

      13. Ықпал ету мониторингі мынадай жағдайда міндетті болып табылады:
      1) табиғатты пайдаланушының қызметі сезімтал экожүйе және тұрғындардың денсаулығының жағдайына әсер етсе;
      2) кәсіпорындар немесе технологиялық объектілерді енгізу кезеңінде;
      3) авариялық эмиссиялардан кейін.

      14. Ықпал ету мониторингін табиғатты пайдаланушы жеке, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органмен келісім бойынша тепе-теңдік бастауда көршілес табиғатты пайдаланушылармен жүзеге асыра алады.

      15. Ықпал ету мониторинг аясында өлшеу және нәтижелер талдауын жүргізуді, табиғатты пайдаланушы не заңды немесе жеке тұлғалармен келісім бойынша жүргізіледі. 

  4. Ішкі тексерістер және айқындалған экологиялық
талаптарға сәйкессіздікті жою жөніндегі шаралар

      16. Табиғатты пайдаланушы экологиялық талаптарды қадағалауды  тұрақты ішкі тексеру және ӨЭБ нәтижесін рұқсат беру шарттарымен салыстыру жөніндегі шараларды қабылдайды.

      17. Ішкі тексеру табиғатты пайдаланушымен, міндетіне қоршаған ортаны қорғау және ӨЭБ жүзеге асыру жөніндегі функциялар енгізілген тұлғамен (тұлғалар тобымен) жүргізіледі.

      18. Ішкі тексеру барысында мыналар бақыланады:
      1) іс-әрекет жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы;
      2) қоршаған ортаны қорғауға қарасты өндірістік нұсқаулар мен ережелерге сүйену;
      3) рұқсат беру шарттарын орындау;
      4) ӨЭБ нәтижесі бойынша есеп айырысу және есеп беруді жүргізудің дұрыстығы;
      5) ӨЭБ ұйымдастыру және жүргізу мәселесін айқындайтын өзге де мәліметтер.

      19. Ішкі тексеруді жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар тобы):
      1) алдындағы тексерістің есебін қарастырады;  
      2) қоршаған ортаға сезімтал тұрғысынан қызметті жүзеге асыратын әр объектіні зерттейді;
      3) Тексеру барысында айқындалған сәйкессіздікті түзету, оларды жою мерзімі мен тәртібі жөніндегі түзету шараларын жүргізу жөніндегі талаптар қоса берілген, табиғатты пайдаланушы-кәсіпорын басшысының мекен-жайына жазбаша есеп құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады