"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 203-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4377. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.04.2013 № 130-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2438 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 6 қыркүйекте N 36 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 270-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 78-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 156-НҚ  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ережесінде:
      2-тармақтың 2) тармақшасында:
      "Салалық техникалық және технологиялық нормалар" деген сөздер "шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:
      төртінші абзацта:
      "салалық техникалық және технологиялық нормалардың" деген сөздер "шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.";

      7-тармақта:
      "салалық техникалық және технологиялық нормаларға" деген сөздер "шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "құзыреттi және уәкiлеттi органда бекiтiлген және сараптамалық бағалаудан өткен" деген сөздер "уәкілетті органның ол белгілеген тәртіппен бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Субъектінің әкімшілік персоналына жататын қызметкерлерге ақы төлеу жүйесін және олардың лауазымдарын құзыретті орган айқындайды. Субъектінің әкімшілік және өндірістік персоналының нормативтік санын уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен бекітеді. Бұл ретте субъектінің әкімшілік және өндірістік персоналының нормативтік саны, әкімшілік персоналына жататын қызметкерлердің лауазымдары, еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе оның аумақтық органдарымен келісіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Төрағаның
      міндетін атқарушы

        Келісілген:
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрінің міндетін атқарушы
 
        2006 жылғы»16 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады