Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-205қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 11 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 436 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2017 № 158-158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" (Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2004 жылдың 26 қаңтарында N 308 болып тiркелген, 2004 жылдың 12 ақпандағы N 21 "Астана хабары"; 2004 жылдың 27 наурызындағы N 34 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған, Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылдың 6 мамырындағы N 3-1-323қ қаулысымен енгізілген өзгеріспен және толықтырумен Астана қаласының Әдiлет департаментiнде 2005 жылдың 31 мамырындағы N 389 болып тiркелген; 2005 жылдың 7 маусымындағы N 75 "Астана хабары"; 2005 жылдың 4 маусымындағы N 82-83 "Вечерняя Астана" газеттерiнде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында:
      барлық мәтін бойынша "айлық" деген сөз алынып тасталсын;
      25-тармақтағы "жеке еңбек шарты" деген сөздер "кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өтуге арналған шарттар" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасындағы 1-қосымшада:
      преамбулада:
      "бастығы" деген сөзі "директоры" деген сөзімен ауыстырылсын;
      "Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы "___"___________ N_______ қаулысымен" деген сөздерімен сандары "Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысымен" деген сөздері мен сандарына ауыстырылсын;
      2-тармақтың 2-тармақшасындағы "айлық" сөзі алынып тасталсын;
      3-тармақ 1-1) тармақшамен мына мазмұнда толықтырылсын:
      "1-1) Жастар тәжірибесіне қатысушылармен жеке еңбек шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жасалсын;";
      4-тармақтағы "жеке еңбек шарты" деген сөздер "кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өту үшін шарттар" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасына 3-қосымшадағы:
      атауы мына редакцияда мазмұндалсын:
      "Кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өтуге арналған шарт";
      1-тармақтың 2) тармақшасында:
      "айлық" сөзі алынып тасталсын;
      "2004" деген сандар "тиісті қаржылық" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "2004" деген сандар "тиісті деген қаржылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Жұмыссыз өз еркімен Жастар тәжірибесін бұзған жағдайда Департамент есебінен шығады және лайықты жұмыс іздеуге есептен шыққан күннен отыз күнтізбелік күн ішінде ғана қайтадан тіркелуіне болады.";
      2) аталған қаулымен бекітілген оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу Қағидасында:
      барлық мәтін бойынша "айлық" сөзі алынып тасталсын;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С. Мұстафинаға жүктелсін.

Әкiм
 
Әкiмнiң бiрiншi орынбасары
 
Әкiмнiң орынбасары
 
Әкiмнiң орынбасары
 
Әкiмнiң орынбасары
 
Әкiмнiң орынбасары
 
Әкiм аппаратының басшысы
 
"Астана қаласының Қаржы
 
департаменті" мемлекеттік
 
мекемесінің директоры
 
Құжаттамалық сараптама
 
бөлiмiнiң меңгерушiсi
 
"Астана қаласының
 
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк
 
бағдарламалар департаментi"
 
мемлекеттік мекемесінің директоры
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады