Қарағанды облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сенiм білдірілген басқаруға беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 25/02 қаулысы. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2006 жылғы 5 желтоқсанда N 1821 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 43/09 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.11.29 N 43/09 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

    "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына , "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңына , "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1431 қаулысына, "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қарағанды облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сенiмгерлiк басқаруға беру жөніндегі беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.

    2. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
     1) "Қарағанды облысының коммуналдық мемлекеттік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2004 жылғы 27 шілдедегі N 15/05 қаулысы (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте 1606 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 19 қазанда "Орталық Қазақстан" газетінің 205 (19617) нөмірінде, 2004 жылғы 16 қазанда "Индустриальная Караганда" газетінің 121 (20052) нөмірінде жарияланған);
     2) "Қарағанды облысының коммуналдық меншігіндегі кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiмгерлiк басқаруға беру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімиятының 2004 жылғы 27 шілдедегі N 15/05 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2006 жылғы 4 мамырдағы 08/17 қаулысы (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 мамырда 1813 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 20 мамырда "Орталық Қазақстан" газетінің 98-99 (20026) нөмірінде, 2006 жылғы 20 мамырда "Индустриальная Караганда" газетінің 60 (20999) нөмірінде жарияланған).

    3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Камалиевке жүктелсін.

    4. Осы қаулының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

    Облыс әкімі                                 Н.Нығматулин

Қарағанды облысы әкімдігінің
2006 жылғы 20 қарашадағы
N 25/02 қаулысымен бекітілген

Қарағанды облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру
Нұсқаулығы

    1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1431 "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" қаулысына, "Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265 бұйрығына сәйкес әзірленді, мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру тәртібін, оның ішінде тендер өткізуді, сенім білдірген басқарушылармен шарт жасасуды және оларды бақылауды жүзеге асыруды анықтайды.

1. Жалпы ережелер

    1. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    Сенім білдірген басқарушы - уәкілетті органмен Шарт жасасқан тұлға;

    Шарт - уәкілетті орган және Сенім білдірген басқарушы арасында жасалған Объектіні сенім білдірілген басқаруға шарт (келісім-шарт);

    Уәкілетті орган - тиісінше облыстық, қалалық және аудандық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган;

    Объект - мүлік кешені немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесі, сондай-ақ сенім білдірілген басқаруға берілетін өзге мемлекеттік мүлік;

    Басқару органы - акционерлік қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы;

    Тендердің жеңімпазы - тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;

    Ағымдағы құны - кейін сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда объектінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы есебінің негізінде Тендерлік комиссия бекітетін құны;

    Тендер - конкурстық саудалар нысаны, онда облыстық, қалалық және аудандық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган оған ұсынылған шарттардың негізінде тендер Жеңімпазымен Шарт жасасуға міндеттенеді;

    Тендерлік комиссия - уәкілетті орган Объектіні сенім білдірілген басқаруға беру жөнінде тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған орган;

    Тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға.

    2. Объектіні сенім білдірілген басқаруды тағайындаушы уәкілетті орган болып табылады.

    3. Объектіні сенім білдірілген басқару Шарт бойынша мәміле негізінде туындайды (тағайындалады).

    4. Кейін сатып алу құқығымен Объектіні сенім білдірілген басқаруды құрған жағдайда Тендерді өткізу міндетті болып табылады.

    5. Объектіні сенім білдірілген басқаруға кейін сатып алу құқығынсыз беру туралы шешімді тиісінше облыс, қала, ауданның әкімдігі қабылдайды.

    6. Объектіні сенім білдірілген басқаруға кейін сатып алу құқығымен беру туралы шешімді Қарағанды облысының әкімдігі қабылдайды.

    7. Объектіні сенім білдірген басқарушы сатып алу ережелері Шартпен анықталады. Шарт қандай мерзімде және қандай міндеттемелерді орындаған жағдайда Объект Сенім білдірілген басқарушының меншігіне ауысатынын көздеуі керек.

    Сенім білдірген басқарушыға Объектіні сатуға ол Шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.

    8. Уәкілетті орган сенім білдірілген басқаруды құру мақсатында:

    1) тендерді ұйымдастырады (Тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, Тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарларды жариялауды қамтамасыз етеді);

    2) кепілді жарналар қабылдайды;

    3) қажет болған жағдайда Объектіні бағалау жөнінде қызметтер көрсетуге кеңесшілермен шарттарды жасайды;

    4) тендер өткізу барысын бақылауды жүзеге асырады;

    5) тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен Тендерді өткізу рәсімдерімен байланысты есеп айырысуды жүзеге асырады;

    6) сенім білдірген басқарушымен Шарт жасайды;

    7) объектіні сенім білдірілген басқаруға берумен байланысты өзге функцияларды жүзеге асырады.

    9. Акциялары және жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесі сенім білдірілген басқаруға беру Объектісі болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары уәкілетті органның сұрауы бойынша Объектіні сенім білдірілген басқаруға беруге дайындау үшін қажет мәліметтерді олар анықтайтын мерзімдерде ұсынады және ұсынылып жатқан мәліметтердің растығы үшін жауап береді.

    10. Объектіні сенім білдірілген басқаруға беру шарттары Сенім білдірген басқарушының мыналарға қатысты міндеттемелері бола алады:

    1) объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;

    2) өнімнің көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасы;

    3) белгілі тұтынушыларға өнімді жеткізу;

    4) баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулер;

    5) табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу;

    6) бар санын сақтап қалу немесе жаңа жұмыс орындарын құру;

    7) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібі;

    8) объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеу;

    9) сенім білдірген басқарушы Объектіні кейін сатып алуы;

    10) мәмілелер жасау және/немесе белгілі уақыт кезеңі ішінде Объектіге қатысты белгілі қызметтерге тиым салу.

2. Тендерлік комиссия

    11. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган Тендерлік комиссияны құрады, оның құрамына:

    1) уәкілетті органның;

    2) сенім білдірілген басқаруға берілетін мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік басқару органының;

    3) экономика және бюджеттік жоспарлау органының;

    4) аумақтық әділет органының;

    5) кәсіпкерлік және өнеркәсіп органының;

    6) аумақтық салық қызметі органының;

    7) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдарының өкілдері кіреді.

    Тендерлік комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс. Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшысы уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады және уәкілетті органның өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы Тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.

    12. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    1) объектінің Ағымдағы құнын бекітеді;

    2) кепілді жарнаның мөлшерін анықтайды;

    3) тендер шарттарын анықтайды;

    4) тендер өткізеді;

    5) тендер жеңімпазын хабарлайды.

    13. Тендерлік комиссияның хатшысы Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін қажет құжаттарды дайындайды және Тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.

3. Объектіні сенім білдірілген басқаруға беруге дайындау

    14. Объектіні сенім білдірілген басқаруға беруге дайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

    15. Басқару органы уәкілетті органға акциялары (үлестері) Объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы екі жыл ішіндегі қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты, Объектіні кейін сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенім білдірілген басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты ұсынады.

    16. Тендерді өткізуге дайындық кезінде уәкілетті орган Объект туралы ақпаратты жинауды, ақпараттық хабарды уақытылы жариялауды қамтамасыз етеді, Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (Объектіні кейін сатып алу құқығымен сенім білдірілген басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды Тендерлік комиссияның қарауына жібереді.

    17. Тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлау оны өткізгенге дейін 15 күн бұрын жариялануы тиіс. Ақпараттық хабарлау ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануы керек.

    Ақпараттық хабарлау Объект, Тендерді өткізу уақыты және орны, оның шарттары; Тендерге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі; кепілдік жарнаны салу мөлшері, мерзімі және тәртібі; Тендерді өткізу тәртібі, оның ішінде Тендер жеңімпазын анықтау критерийі туралы мәліметтерді, сондай-ақ уәкілетті органның қарауы бойынша басқа мәліметтерді қамтуы керек.

    18. Тендерлік комиссия Тендер шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 16-тармағымен белгіленген тәртіпте Тендерді өткізгенге дейін 5 күн бұрын жариялануы тиіс.

    Тендер шарттары өзгергендігі туралы хабарлама жарияланғанға дейін Тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты Тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарнаны толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.

    19. Акциялары (үлестері) сенім білдірілген басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін уәкілетті орган мына құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:

    1) жарғы;

    2) эмиссияны тіркеу туралы куәлік;

    3) есепті кезең алдындағы жылға қосымшалары бар бухгалтерлік баланстар;

    4) статистикалық карточка;

    5) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;

    6) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімінен үзінді.

    Құжаттар пакетіне сондай-ақ уәкілетті органның тапсырмасы бойынша тәуелсіз кеңесшілермен өткізілген жұмыс істеудің кешенді мониторингі және Объектіні басқару тиімділігі негізінде қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.

    Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін уәкілетті орган Тендерге қатысушы болуға ықылас білдірген үміткерлерге Объект туралы ақпаратқа және осы Нұсқаулыққа қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

    20. Тендерге қатысушылар Тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте кепілдік жарна салады. Кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертіле алмайды. Кепілдік жарна Қатысушы атынан кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен салына алады. Кепілдік жарнаны алушы Департамент болып табылады.

    21. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір Объект үшін жеке оның Ағымдағы бағасының немесе баланстық құнының (объектіні кейін сатып алу құқығынсыз сенім білдірілген басқаруға берген жағдайда) 1-15 пайызы шегінде белгіленеді.

    22. Кепілдік жарна Қатысушының мына міндеттемелерін қамтамасыз ететін болып табылады:

    1) жеңген жағдайда Тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

    2) уәкілетті органмен Шарт жасасу.

    23. Егер Тендерге қатысушылар осы Нұсқаулықтың 18 тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тендерге қатысудан оны өткізгенге дейін кемінде үш күн бұрын бас тартқан жағдайда уәкілетті орган оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.

    24. Осы Нұсқаулықтың 23 және 38 тармақтарында санамаланғандардан басқа барлық жағдайларда кепілдік жарна Тендер аяқталған күннен бастап 10 банктік күннен кешіктірмей, ал егер ақша уәкілетті органның шотына Тендер өткізілгеннен кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктік күн ішінде қайтарылады.

    25. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және Тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

    26. Тендерге қатысушы есебінде тіркеу үшін мыналарды:

    1) тендерге қатысушыны Тендер жеңімпазы деп хабарлаған жағдайда оның жазбаша міндеттемесін білдіретін Тендерге қатысуға өтінімді, ақпараттық хабарламада көрсетілген және Тендерге қатысушының өзімен ұсынылған Тендер ережелерінде Шарт жасасу;

    2) тендер шарттары бойынша жазбаша түрдегі Тендермен шарттасылған құжаттаманы қоса беріп, басқа құжаттардан бөлек конвертте жапсырылған ұсыныстарды;

    3) соңғы қаржы жылы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті аудитті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың аудиторлық есебін;

    4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

    5) статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

    6) ықтимал тендер Қатысушысының біліктілігін растайтын біліктілігі туралы мәліметтер лицензия және/немесе патенттердің, куәліктердің, басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса;

    7) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін. Шетел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

    8) ықтимал Тендерге қатысушының төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды алып тастағанда тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан ұзаққа бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға қол қойған, осы салық органының мөрі бар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;

    9) кепілдік жарнаны уәкілетті органның депозит шотына аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын немесе көшірмесін;

    10) ықтимал Тендерге қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (сенімхатты) (жеке куәлікті, төлқұжатты (шетел азаматтары үшін) немесе ішкі істер органдарының анықтамасын ұсынған жағдайда жарамды) ұсынуы қажет.

    27. Жұмыс істеуге жарамды жеке тұлға болып табылатын ықтимал Тендерге қатысушы осы Нұсқаулықтың 26-тармағының 1, 2, 9, 10 тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ:

    1) жеке куәліктің/төлқұжаттың немесе ішкі істер органдарының жеке тұлғалылығын растайтын құжаттарды алмастыруға алғандығы туралы анықтамасының көшірмелерін;

    2) тиісті мемлекеттік орган берген (Шарт жасау үшін азаматтық құқық қабілетінің барын растау үшін) заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

    3) лицензияларының және/немесе патенттердің, куәліктердің, ықтимал Тендерге қатысушының біліктілігін растайтын басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса берілген біліктілігі туралы мәліметті.

    28. Өтінімдерді қабылдау және Тендерге қатысуға үміт білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар кезде жүргізіледі.

    29. Тендерге қатысушы:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асыруы Тендер шарттары болып табылатын қызметтің сондай түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;

    2) сенім білдірілген басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөнінде тиісті міндеттемелерін орындамаған алдағы тендерлердің жеңімпазы бола алмайды.

    30. Комитет Тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты Тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға құқығы жоқ.

    31. Ықтимал Тендерге қатысушылардың құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендерді өткізу күні Тендерге қатысушылардың құжаттары Тендерлік комиссияға беріледі.

4. Тендерді өткізу

    32. Тендерлік комиссия жеңімпазды анықтау өлшемінен (өлшемдерінен) шыға отырып, Тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.

    33. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің жай дауыстың көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда, Тендерлік комиссия тең дауыс санын алған Қатысушыларды келіссөзге шақыруға құқылы және олардың келісімімен тендерлік комиссияның қарауына Объект жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныстарды енгізген Тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.

    34. Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және Тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше ойын жазбаша жазып, оны хаттамаға тіркеуге құқылы, ол туралы соңғысында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне оның қатысушылары Тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде наразылық білдіре алады.

    35. Тендер нәтижелері туралы хаттама Тендер жеңімпазы мен уәкілетті органның Тендер шарттары негізінде Шарт жасау міндеттемелерін және Тендер жеңімпазының ұсыныстарын бекітетін құжат болып табылады.

    36. Тендер нәтижелері Тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органмен бекітіледі.

    Уәкілетті орган жаңа тендерді хабарлауға, сондай-ақ Тендерлік комиссияға тендер шарттарын мына жағдайларда өзгертуді ұсынуға құқылы:

    1) тендерге қатысуға өтінімдер жоқ болса;

    2) тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқтығы туралы шешімді қабылдаса;

    3) тендер жеңімпазы Шартқа қол қоюдан бас тартса.

    37. Тендер мына жағдайларда өтпеген болып танылады, егер:

    1) қатысушылардың ұсыныстары Тендерлік комиссиямен Тендер шарттарын қанағаттандырмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін болып танылса;

    2) тіркелген Қатысушылардың саны екеуден кем болса.

    38. Тендердің жеңімпазы Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Шартқа қол қоюдан жалтарса, өзі салған кепілдік жарнаны жоғалтады.

    39. Тендер ашық түрде болуы тиіс.

    Мемлекет қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайларын қозғайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкін.

    40. Жабық Тендер өткізу кезінде ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралында жарияланбайды. Жабық Тендерге Кеңесшілердің ұсыныстары бойынша алдын-ала анықталған Қатысушылардың шектелген саны қатысады.

    41. Жабық Тендерге қатысуға жабық Тендердің барлық шарттарымен жазбаша шақыруларды уәкілетті орган жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген тұлғаларды тіркеу жазбаша шақыру жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық Тендерді өткізгенге дейін бір күн бұрын аяқталады.

5. Шарттың орындалуын бақылау

    42. Шарт ережелерінің орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

    43. Шарт тендер Жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды қарастыру керек.

    44. Бақылауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган Шарттың орындалуымен байланысты құжаттармен танысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәуелсіз кеңесшілерді тарта отырып, Объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізуге құқылы.

    45. Сенім білдірген басқарушы уәкілетті органға және пайда алушыға өзінің қызметтері туралы есепті Шартта белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынады. Комитеттің және (немесе) пайда алушының талабы бойынша Сенім білдірген басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайларда да кідірмей ұсынылуы тиіс.

    46. Шарт ережелерінің орындалуын бақылау Сенім білдірген басқарушы міндеттемелерін орындау аяқталған мезгілге дейін жүргізіледі.

    47. Объектінің ерекшеліктеріне байланысты әрбір жеке алған жағдайда талаптар өзгерілуі және толықтырылуы мүмкін. Осымен қатар, Тендерлік комиссия өнеркәсіп секторының құрылымдық-салалық бағытына қарай, Шартты сенім білдірілген басқаруға:

    1) тұтас сала объектілері;

    2) ірі өнеркәсіп кешендері;

    3) жеке объектілер берілетінін ескере отырып, қарайды.

6. Қорытынды ережелер

    48. Осы Нұсқаулықпен көзделген Сенім білдірілген басқару қатынастарына осындай қатынастарды, Заңмен көзделген жағдайларды алып тастағанда, реттейтін азаматтық заңнаманың нормалары таралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады