Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қоса, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және селолық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 17 сессиясының 2009 жылғы 21 шілдедегі N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда N 8-11-80 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010.09.28 N 7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының N 4 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-23 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2006 жылғы 5 тамыздағы N 31, 2006 жылғы 12 тамыздағы N 32 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 23 шілдедегі 41 сессиясының N 5 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-44 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 34 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы 4 сессиясының N 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-53 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі N 17 санында жарияланған), Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы 5 сессиясының N 9 "Бұқар жырау аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 27 маусымдағы 29 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасын бекіту туралы" N 4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-57 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2008 жылғы 12 шілдедегі N 28 санында жарияланған) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) шешімнің кіріспесіндегі "2004 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 949 қаулысын" деген сөздері "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 45261 болып енгізілген), 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 40727 болып енгізілген) Қаулыларын" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      2) аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қоса, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және селолық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидасында:
      1 тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) Халыққа қызмет көрсету орталығы – Бұқар жырау ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы;
      8) телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы.";
      10 тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы көтерілуіне өтемақы төлеу, ауданның жергілікті өкілетті органы бекіткен, шығыстардың жол берілетін деңгейінен асатын көлемде осы жергілікті жерде тұрақты өмір сүретін күн көрісі төмен отбасыларға (азаматтарға) ұсынылатын тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асырылады.
      Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін абонент тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді.";
      18 тармақ "тұрғылықты жерінің уәкілетті органына" деген сөздерден кейін "немесе ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығына" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ә. Тілеубаев

      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады