Әкімдіктің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық - курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 14 қаулысы. Қостанай облысының әділет департаментінде 2006 жылға 8 ақпанда N 3538 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 297 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009.08.03 № 297 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 754 "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" қаулысының қабылдануына байланысты Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1339, "Қостанай таңы" 2002 жылғы 23 сәуір N 32, "Костанайские новости"»2002 жылғы 24 сәуір N 61), Қостанай облысы әкімдігінің 2004 жылғы 11 ақпандағы N 30 "Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2756, "Қостанай таңы" 2004 жылғы 2 наурыз N 25, Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 21 ақпандағы N 62 "Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3368, "Қостанай таңы" 2005 жылғы 18 наурыз N 30-31, "Костанайские новости" 2005 жылғы 29 наурыз N 42) мынадай өзгерістер енгізілсін: 

      осы қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесінде: 

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Санаторлық-курорттық жолдамаларды ақысыз алуға Ұлы Отан соғысына қатысушылары құқылы."; 

      4-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 

      4-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: 
      "4) Ұлы Отан соғысына қатысушысы куәлігінің көшірмесі.";

      5-тармақ алынып тасталсын; 

      13-1-тармақ алынып тасталсын; 

      13-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 
      "13-2. Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту»кіші бағдарламасы шеңберінде ақысыз санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз етіледі.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: 
      "15. Департамент уәкілетті органдардың берген тізімдеріне сәйкес санаторлық-курорттық емдеу жолдамаларын белгіленген мақсат бойынша пайдалану үшін аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне бөліп береді."; 

      16-тармақтағы "әлеуметтік деңгейін" деген сөздер "Ұлы Отан соғысына қатысушы куәлігінің нөмірі және берілген күні" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.

      Қостанай облысының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады