Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2009.08.03 № 297 қаулысымен.
Облыс бюджетінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 44-бабына, "Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер беру" туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 20 ақпандағы N 47 "Мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі N 1339, "Костанайские новости" 2002 жылғы 24 сәуір N 61, "Қостанай таңы" 2002 жылғы 23 сәуір N 32, Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 11 ақпандағы N 30 қаулысымен өзгерістер енгізілген (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2756, "Қостанай таңы" 2004 жылғы 2 наурыз N 25) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыптағы "мүгедектердің" деген сөз "азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
осы қаулымен бекітілген мүгедектердің жекелеген санаттарын санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесінде тақырыптағы "мүгедектердің" деген сөзбен ауыстырылсын, кіріспе алынып тасталсын;
1-тармақта: "мүгедектердің" деген сөз "азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта: "мүгедектердің", "мүгедектер" деген сөздерді "азаматтардың", "азаматтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3)-тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
6) зейнеткерлік жасқа жеткен 2, 3 топтағы мүгедектер";
3-тармақта:
"мүгедектердің" деген сөз "азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары" деген сөздер "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1)-тармақшада "мүгедектің" деген сөз "азаматтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
4)-тармақшада "мүгедектері" деген сөзден кейін "мен қатысушылары" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
1)-тармақшада "2" саны "6" санымен ауыстырылсын;
2)-тармақша алынып тасталсын;
9-тармақта "мүгедектердің" деген сөз "азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақта "мүгедекке" деген сөз алынып тасталсын;
13-тармақта:
"облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздер "Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - департамент) деген сөздермен ауыстырылсын;
13-1, 13-2-тармақтары мынадай мазмұнымен толықтырылсын:
"13-1. Ереженің 2-тармағындағы 1), 2), 4)-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар "Санаторлық-курорттық емдеу бойынша жеңілдіктер" бюджеттік кіші бағдарлама шеңберінде ақысыз санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз етіледі.
13-2. Ереженің 2-тармағындағы 5), 6)-тармақшаларында көрсетілген тұлғалар "Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту" кіші бағдарламасы шеңберінде ақысыз санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз етіледі";
14-тармақта:
"мүгедектердің" деген сөз "азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздер "департамент" деген сөзбен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Департамент аудандық (қалалық) уәкілетті органдары берген тізімдерге сәйкес санаторлық-курорттық емдеу жолдамаларын белгіленген мақсат бойынша пайдалану үшін қабылдау-табыстау актісін ресімдеп аудандық, қалалық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне бөліп береді.";
16-тармақта:
"мүгедектің" деген сөз "азаматтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"туған жылы, әлеуметтік деңгейі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Г.Қ. Құсайыноваға жүктелсін.
Қостанай облысы
әкімінің міндетін атқарушы