Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік өкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 қазандағы N 6/1167 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2006 жылғы 2 қарашада N 715 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 1/56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008.01.22 N 1/56 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз).
      
      Алматы қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік уәкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 658 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 2 маусымдағы "Вечерний Алматы" газетінде және 2005 жылғы 28 мамырдағы "Алматы Ақшамы" газетінде жарияланды) Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 17 маусымдағы N 3/364 "Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N№2/211 "Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік уәкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына енгізілген өзгерістермен бірге (2005 жылғы 4 тамыздағы N 156 "Вечерний Алматы" газетінде және 2005 жылғы 23 шілдедегі N 83 "Алматы Ақшамы" газетінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 665 нөмірмен тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген, Алматы қаласының Жер комиссиясы құрамына:
      Қайрат Заманбекұлы       Алматы қаласының құрылыс
      Нұрқаділов               департаментінің директорының
                               орынбасары

      Сұлтанбек Алмасбекұлы    Алматы қаласы табиғи ресурстар және
      Мәкежанов                табиғатты пайдалануды реттеу
                               департаментінің директоры
      енгізілсін.      
      Аталған құрамнан Мұрзин Алмат Зарлықұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасауды өз құзырыма қалдырамын.

      Алматы қаласының әкімі

      Әкімдік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады