Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 58 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 21 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4550 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес жоғарыда аталған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

  Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының    
2007 жылғы 31 қаңтардағы  
N 58 бұйрығымен      
бекітілген        

  Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы
қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже  салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында   өзінің қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қызметін реттейді және үлгілік ұйымдық құрылымын, үлгілік штаттары мен штат нормативтерін айқындайды.

      2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында ұйымдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне, Жарғыға және осы Ережеге сәйкес жұмыс істейді.

      3. Облыстық, Алматы және Астана қалаларының, қалалық және аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары (бұдан әрі - СӨСҚ орталықтары) өңірлік деңгейде салауатты өмір салтын қалыптастыру (бұдан әрі - СӨСҚ) саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, республикалық деңгейде -  өзінің қызметін "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 1678  қаулысына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып табылады.

      4. СӨСҚ орталықтары - СӨСҚ және насихаттау, аурулар мен мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу және денсаулықты нығайту бойынша ұйымдастыру-әдістемелік басшылық көрсететін және   заңды тұлғалардың құқықтарын пайдаланады, атауы көрсетілген мөртаңбасы, мөрі мен фирмалық бланкі бар дербес денсаулық сақтау ұйымы болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары. 

  2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында
қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдарының функциялары

      5. Өңірлік деңгейдегі СӨСҚ орталықтарының негізгі функциялары мыналар болып табылады:
      1) өңірлік деңгейде халықтың салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурулардың бастапқы және қайталанған алдын алудың, халық аурушаңдығы көрсеткіштері, демографиялық деректері талдауының, экологиялық және эпидемиологиялық жай-жапсары жағдайларының жалпы бағыттарын анықтау;
      2) халықтың денсаулығы, оның өмір салты арасындағы себеп-салдар байланыстарын айқындау және бағалау. Аурушаңдықтың қауіп-қатер факторларының таралушылығын зерделеу, нысаналы өңірлік алдын алу бағдарламаларын, салауатты өмір салтын насихаттау және негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу хаттамаларын (бұдан әрі - СӨСҚ хаттамалары)  әзірлеу, енгізуді үйлестіру және мониторингі;
      3) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға сәйкес мүдделі аумақтық органдармен және ведомстволармен, жергілікті атқарушы органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, СӨСҚ және насихаттау мәселелерінде денсаулық сақтау ұйымдарымен сектораралық іс-қимылды қамтамасыз ету;
      4) өңірлік деңгейде СӨСҚ және насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
      5) өңірлік деңгейде СӨС насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бағдарламалар мен жобаларды енгізу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету;
      6) өңірлік деңгейде аурулардың, жарақаттанушылық пен уланулардың алдын алу, денсаулықты сақтау мен нығайту және сауықтыру мәселелері бойынша медициналық-әлеуметтік зерттеу орталықтарының әзірлемелерін енгізу;
      7) өңірлік деңгейдегі халықтың және денсаулық сақтау ұйымдарының арасында СӨСҚ және аурулардың алдын алу және насихаттау мәселесі бойынша әдістемелік, нұсқамалық және ақпараттық-білім беру материалдарын шығару, көбейту және тарату;
      8) СӨСҚ және насихаттау, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары мәселесі бойынша мүдделі ведомстволар мен ұйымдарға өңірлік деңгейде консультациялық және практикалық көмек көрсету;
      9) республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен  және интернетресурстармен жұмыс;
      10) аурулардың алдын алу, СӨСҚ және насихаттау мәселелері бойынша медициналық кадрларды даярлау және қайта даярлау мониторингін қамтамасыз ету;
      11) СӨСҚ, аурулардың алдын алу мәселелері бойынша өңірлік деңгейлерде мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу көмегін көрсететін білім беру және денсаулық  сақтау медициналық ұйымдарының қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау;
      12) жастардың қауіп-қатер топтарынан салауатты өмір салтын насихаттау ерік білдірушілерін, лидерлерін, белсенділерін даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және енгізу.

      6. Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметшілерінің функционалдық міндеттері мыналар болып табылады:
      1) БМСК ұйымы қызмет көрсететін аумақта СӨСҚ және насихаттау, аурулардың, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу;
      2) БМСК мамандарымен бірлесе отырып, есептік нысандар бойынша бекітіліп берілген халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін талдау және БМСК ұйымдарының алдын алу қызметінің басым бағыттарын айқындау жүргізу;
      3) ұйымның қызметін, аурушаңдықты, өңірдің эпидемиологиялық жағдайын есепке ала отырып СӨСҚ және насихаттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және оларды іске асыруды мониторингтеу;
      4) мамандарға денсаулық мектебінің, гипертония бойынша мектептің, денсаулық мектебінің жұмысын ұйымдастыру және аурулардың алдын алу және СӨСҚ жөніндегі басшылықты және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және  басқалар;
      5) алдын алу тексерулерін жүргізуге, СӨСҚ хаттамаларын енгізуге қатысу және оларды ұйымның медицина қызметшілерінің орындау мониторингі;
      6) кейіннен диспансерлей және оңалту және сауықтыру іс-шараларын мониторингтей отырып, алдын алу медициналық тексерулерін жүргізуге жәрдем көрсету;
      7) БМСК осы ұйымдарының мамандарын СӨСҚ және аурулардың алдын алу мәселесі бойынша ақпараттық материалдарымен қамтамасыз ету;
      8) диспансерлік топтармен, дені сау халықпен маскүнемдіктің, нашақорлықтың, темекі шегудің қауіп-қатер факторларының алдын алу мен таралмауы, сондай-ақ аурулардың, қайтадан өршулердің алдын алу жөнінде және сауықтыру іс-шаралары туралы жеке жұмыс жүргізу;
      9) созылмалы жұқпалы ауруларды, жарақаттанушылық пен бақытсыз жағдайлардың алдын алу және ерте диагностикалау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жетілдіру;
      10)  санитарлық-ағарту ақпаратын әзірлеу мен шығаруды қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысқа қатысу;
      11) БМСК ұйымына бекітіліп берілген халықты республикалық кең ауқымды акциялар өткізуге қатысуға тарту;
      12) қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың арасында ақпараттық-білім беру материалдарын (жадынамалар, үндеухаттар, брошюралар) тарату;
      13) білім беру ұйымдарында және қызмет көрсетілетін аумақта орналасқан кәсіпорындарда лекциялар, әңгімелесулер ұйымдастыру және  өткізу;
      14) СӨСҚ және насихаттау бойынша есепке алуды жүргізу және есеп беру;
      15)  аурулардың алдын алу, денсаулықты нығайту және СӨСҚ бойынша олардың білім деңгейін анықтау үшін халыққа сұрау (сауалнама, ауызша) жүргізу;
      16) балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, медицина қызметшілері мен ата-аналарды гигиеналық оқыту қағидаттарына үйрету, дағдыларын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелері бойынша қызметтерін жүзеге асыру;
      17) жүкті  және бала емізетін әйелдерді және сәбилерді  салауатты тамақтану (емшекпен қоректендіру, қосымша тамақтандыру, белсенді тамақтандыру) қағидаттарына үйрету;
      18) қызмет көрсетілетін аумақтағы жаңа туған нәрестелерді сараланған бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
      19) ата-аналарды дені сау және сырқат балаларға күтім жасау мәселесіне үйрету;
      20) медицина қызметкерлерінің СӨСҚ, аурулардың алдын алу және қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың денсаулығын нығайту бойынша атқарылған жұмысын мониторингтеу, олардың іс-шараларды өткізу нормативін орындауы (жұмыс уақытының есебінен 4 сағат);
      21) жұмыс жоспарын әзірлеу, оның орындалуын мониторингтеу және басшылықты атқарылған жұмыс пен проблемалар туралы хабардар ету;
      22) қызмет көрсетілетін аумақтағы дені сау халықпен СӨСҚ  бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      23) аурулардың алдын алу және қызмет көрсетілетін аумақтағы халықтың арасында СӨСҚ бойынша атқарылған жұмыстың ай сайынғы талдауларын жүргізу.

      7. Өңірлік деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік ұйымдық құрылымы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.

      8. Өңірлік деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штат нормативтері осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Салауатты өмір салтын      
қалыптастыру саласындағы қызметті
жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы   
ережеге             
1 қосымша            

Өңірлік деңгейдегі салауатты өмір салтын қалыптастыру
саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық
сақтау ұйымдарының үлгілік ұйымдық құрылымы

      1. Өңірлік салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үлгілік ұйымдық құрылымы мыналарды қамтиды:
      1) әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
      2) ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі;
      3) алдын алу бағдарламалары бөлімі*;
      4) коммуникация және салауатты өмір салтын насихаттау бөлімі;
      5) баспа бөлімі*;
      6) білім беру және халықаралық бағдарламалар бөлімі*;
      7) мектеп медицинасы мен жасөспірімдер қызметі бөлімі*;
      8) консультациялық-сауықтыру бөлімі.
      * Ескерту: қалалық және аудандық СӨСҚ деңгейіндегі бұл бөлімдер басқа бөлімдердің құрамындағы жекелеген мамандармен ұсынылуы мүмкін 

                                         Салауатты өмір салтын
                                   қалыптастыру саласындағы қызметті
                                   жүзеге асыратын денсаулық сақтау
                                       ұйымдарының қызметі туралы
                                                 ережеге
                                                2 қосымша

              Өңірлік деңгейдегі салауатты өмір салтын
             қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге
          асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік
                   штаттары мен штат нормативтері

               1. Әкімшілік-шаруашылық қызметшілері

р/с
N

Лауазымдардың атауы
 

Лауазымдардың саны

1.

Директор

әрбір ұйымда, оның ішінде қалалық
облыстық бағыныстағы және
аудандық СӨСҚО 1 лауазым

2.

Директордың орынбасары

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының, қалалық СӨСҚ
орталықтарында 1 лауазым  

3.

Бас бухгалтер

Дербес балансы бар ұйымдарда 1
лауазым 

4.

Бухгалтер-экономист

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының, қалалық СӨСҚ
орталықтарында 1 лауазым  

5.

Директордың әкімшілік-
шаруашылық бөлімі
жөніндегі орынбасары 

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының, қалалық СӨСҚ
орталықтарында 1 лауазым  

6.

Шаруашылық меңгерушісі
(шаруашылық иесі)

Қалалық және аудандық СӨСҚ
1 лауазым

7.

Кітапханашы - ресурс орталығының
меңгерушісі

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының, қалалық СӨСҚ
орталықтарында 1 лауазым

8.

Кадр жөніндегі
инспектор-іс жүргізуші

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының СӨСҚ орталықтарында
1 лауазым  

9.

Бағдарламашы 

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының СӨСҚ орталықтарында
1 лауазым  

10.

Суретші - дизайнер

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының СӨСҚ орталықтарында
1 лауазым  

11.

Автомобиль жүргізушісі

СӨСҚ орталықтарында автомиль.
дердің саны бойынша 1 лауазым 

12.

Қызметтік үй-жайды
жинаушы

1 лауазым есебінен:
- 250 ш.м. ағаш едендер
- 350 ш.м. керамикалық едендер
- 450 ш.м. линолеумді едендер 

13.

Слесарь - сантехник

Дербес балансы бар әрбір
ұйымдарда 1 лауазым

14.

Қызмет көрсету жөнін.
дегі электромонтер 

Дербес балансы бар әрбір 
ұйымдарда 1 лауазым

15.

Күзетші

Жеке орналасқан жағдайда әрбір
ұйымға 3 лауазым 

16.

Аулашы

Кем дегенде 150-200 ш.м. ұсынылып
отырған аумақ болған жағдайда
1 лауазым 

17.

Іс жүргізуші - хатшы

әрбір ұйымға 1 лауазым 

18.

Заңгер консультант

Облыстық, Астана және Алматы
қалаларының СӨСҚ орталықтарында
1 лауазым  

                2. Медициналық емес қызметшілер 


Лауазымдар.
дың атауы 

Облыстық, қалалық, аудандық СӨСҚ
орталықтары*

Қызмет көрсетілетін халықтың саны мен
лауазымның саны

1,5 млн. астам

1 млн.
-нан
1,5
млн.-ға
дейін

500
мың.
-нан
1 млн.
-ға
дейін

150-нан
500
мыңға
дейін

75-ден 150
мыңға
дейін

25-дан 75
мыңға
дейін


1. Жоғары
медициналық
емес білімі
бар маман.
дар, оның ішінде:

7

7

6

5

4

2


валеологтар

2

2

1

1

1

1


психологтар

1

1

1

1

1



социологтар

1

1

1

1

-

-


редактор -
аудармашы

1

1

1

1

1

1


Шығару
орталығының
меңгеруші 

1

1

1

-

-

-


журналист 

1

1

1

1

1

-

                   3. Медициналық қызметшілер


Лауазымдардың атауы

Облыстық, қалалық, аудандық СӨСҚ*
орталықтары

Қызмет көрсетілетін халықтың саны мен
лауазымның саны

1,5
млн.
астам

1 млн.
-нан 
1,5
млн.-ға
дейін

500
мың.
-нан
1 млн.
-ға
дейін

150-нан
500
мыңға
дейін 

75-ден
150
мыңға
дейін

25-дан
75
мыңға
дейін 

1.

Дәрігер

12

11

10

7

4

3

2.

Орта медици.
налық қызмет.
шілер

3

3

3

3

2

2

      * Халқының саны кем дегенде 25 мың адам болатын аудан
орталықтарында штат нормативтері көзделіп отырған медициналық және
медициналық емес қызметшілердің кем дегенде 1 лауазымы есебінен
белгіленеді.
      Ескерту:   СӨСҚ орталықтарының базасында   көбейткіш
орталықтарын, өңірлерді қамтамасыз ететін шағын баспа басылымдарын
шығару үшін баспахана, бейне өнімдері студиясын, облыстық (қалалық)
газеттер мен журналдарды шығару редакциясын құру кезінде
облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау
департаментінің шешімімен қосымша сәйкес штаттық лауазымдар
қарастырылуы мүмкін.
      БМСК ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын денсаулықты нығайту орталықтары мен алдын алу кабинеттерінің штат нормативтері осы ұйымдардың бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
      СӨСҚО жанында емдеу-дене шынықтыру бөлімшесі болған жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаментінің шешімі бойынша қосымша сәйкес штаттық лауазымдар қарастырылуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады