Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 154 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4678 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 1 шілдедегі N 277 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.07.01 N 277 Бұйрығымен .

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнің 264-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісімге қол қоюды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрайымы немесе оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М. Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. "Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шарт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 218 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4291 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2007 жылғы 27 сәуірдегі
N 154 бұйрығымен  
бекітілген     

Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға
арналған бас келісім

      Астана қаласы N____           "___"______________200__ж.

      Бұдан әрі "Қаржымині" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің негізінде әрекет ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереженің негізінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің атынан _________________________________________________
                                 (лауазымының атауы)
бір тараптан, бұдан әрі "Салымшы" деп аталатын, Әкімдіктің 200___ ж. "___" ___________N __ қаулысымен бекітілген Қаржы департаменті ММ туралы ереже негізінде әрекет ететін ________________________________________________________________
(бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атауы)
(облысының, қаласының) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған осы Бас келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1. Келісімнің мәні

      1.1. Екі жақты мәмілелер түрінде Тараптар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін (бұдан әрі - ҚР Ұлттық Банк салымы) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды (аударуды) жүзеге асыру тәртібі Келісімнің мәні болып табылады.
      1.2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Келісімге сәйкес Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын береді, ал Қаржымині оларды ҚР Ұлттық Банкі салымына орналастыруға міндеттеме алады.
      1.3. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру (аудару) жөніндегі әрбір операция Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәміле паспортымен ресімделеді, онда салымды орналастыру бойынша барлық деректер: сомасы, орналастыру мерзімі, орналастыруды бастау және аяқтау күні, сыйақы ставкасы, сыйақы сомасы, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы, салымды мерзімінен бұрын талап ету кезінде қолданылатын сыйақы ставкасы болуға тиіс. Мәміленің барлық паспорттарына Келісімнің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тараптардың уәкілетті лауазымды тұлғалары қол қояды және Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылады.
      1.4. Келісімді орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды Қаржыминінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Қазынашылық) жүзеге асырады.

  2. Уақытша бос бюджет ақшасын аудару тәртібі

      2.1. Қаржымині Салымшыдан келіп түсетін Ақшаны салу үшін қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі ҚБАЖ) N _____________ шот ашады.
      2.2. Салымшы уақытша бос бюджет ақшасын аударуға ниеті болған кезде Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес Қаржыминіне нысан бойынша уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен растаған хабарлама жібереді.
      2.3. Қаржымині хабарлама алғаннан кейін кейінгі күннен кешіктірмей Салымшының атына факсимильдік байланыс арқылы Салымшының қол қоюы және мөр бедерімен бекіту үшін қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәміле паспортын жібереді (бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данадан).
      2.4. Салымшы Қаржыминінен факсимильдік байланыс арқылы мәмілелер паспортын алғаннан кейін оларға қол қояды, мөрмен бекітіледі, кейін факсимильді байланыс арқылы Қаржыминінің атына кері жіберіледі.
      2.5. Салымшы қол қойылған мәміле паспорты негізінде сол күні астана уақытымен 11 сағат 30 минутта _________________________ Қазынашылық департаментіне Тараптар қол қойған мәміле паспортының Салымшының түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен, сондай-ақ ақша аударуды төлеу шотымен Қаржыминінің аталған деректемесіне жібереді.
      Салымшы ұсынған мәміле паспорты Қазынашылық департаментіне ұсынылады және ақша аударуға арналған негіздердің бірі болып табылады.
      2.6. Қаржымині Салымшыдан ақша түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей Ақшаны ҚР Ұлттық Банкі салымдарына орналастырады.
      2.7. Қаржымині қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының факстық нұсқаларын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қол қойылған және мөр бедерімен бекітілген мәмілелер паспортының 4 (төрт) данасын салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін почтамен жібереді.
      2.8. Салымшы Қаржыминінен мәмілелер паспортын алған соң оларға қол қойып және мөр бедерімен бекітіп мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан Қаржыминіне қайтарады.
      2.9. Мәміле паспортында көрсетілген ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін толық немесе ішінара талап еткен кезде Салымшы Қаржыминіне 3.14-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қаржыминіне берілген Ақшаны қайтару туралы Қаржыминіне талап ұсынуға міндетті.
      2.10. Салымшы мәміле паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Қаржыминіне сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін 3.1.4-тармақта айтылған деректемелерді көрсете отырып, келісімнің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама ұсынады.
      2.11. Қаржымині салымшыдан хабарлама алған күннен кейінгі күннен кешіктірместен Келісімнің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша факсимильдік байланыс арқылы салымшының қол қоюы және мөрмен бекітуі үшін 4 (төрт) данада түпнұсқалық қолы мен мөр бедерімен бекітілген мәміле паспорттарын почтамен жібереді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Қаржымині:
      3.1.1. Салымшыдан хабарлама алғаннан кейін келесі күннің астана уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын қол қою үшін жіберуге.
      3.1.2. Факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген мәмілелер паспортын жібергеннен кейін келесі күннен кешіктірмей почтамен 4 (төрт) данада мәмілелер паспортының қол қойылған және мөртабанмен бекітілген түпнұсқаларын Салымшы қол қою және мөртабанмен бекіту үшін жіберуге.
      3.1.3. Ақша N ___ шотқа түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей ҚР Ұлттық Банкінің салымдарына орналастыруға.
      3.1.4. Салымның мерзімі аяқталғаннан кейін немесе Салымшының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы жазбаша талап етуін Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімінен бұрын талап еткен кезде салымды БСК 195301070 N _______________ ЖСК, бенефициардың СТН-і __________________, ал ҚР Ұлттық банкі есептеген сыйақыны (мүддені) ЖСК 000080900, БСК 195301070, бенефициардың атауы мен СТН-і, кіріс коды _____ қайтаруға міндеттенеді.
      3.2. Салымшы:
      3.2.1. ҚР Ұлттық банкінің салымына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын беру ниеті болған кезде астана уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы Қаржыминіне уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен бекітілген хабарламаны Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберуге.
      3.2.2. Қаржыминінен мәмілелер паспортын алғаннан кейін астана уақытымен 11 сағат 30 минуттан кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шартты жіберуге.
      3.2.3. Астана уақытымен 11 сағат 30 минутқа дейін _____________________________________ Қазынашылық департаментіне Салымшының қолының және мөртабанының түпнұсқасымен тараптар қол қойған мәмілелер паспортына, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің салымдарына орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған ақы төлеуге шоттың факстік нұсқасын беруге.
      3.2.4. Қаржыминінен мәмілелер паспортының түпнұсқаларын алғаннан кейін оларға қол қоюға, мөртабанмен бекітуге және мәмілелер паспортының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данасын Қаржыминіне қайтаруға.
      3.2.5. Мәмілелер паспортында белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Қаржыминіне салым және сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін қажетті тиісті деректемелерді нақты көрсете отырып, салым сомасын толық көлемде мерзімінен бұрын талап еткен немесе ішінара талап еткен кезде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы Келісімнің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама ұсынуға міндеттенеді.
      Қаржымині:
      3.3.1. Салымшы Келісімнің 2.10-тармағына сәйкес шарттың әрекет ету мерзімін ұзартқан кезде ҚР Ұлттық банкі ұсынатын ставкаға Салымшымен келісім бойынша сыйақының (мүдденің) бастапқы белгіленген ставкасын өзгертуге құқығы бар.
      3.4. Салымшы:
      3.4.1. Салымды беру мерзімін ұзартуға;
      3.4.2. Келісімнің 2.9.-тармағына сәйкес салымдарды толық көлемде және ішінара мерзіміне дейін талап етуге құқығы бар.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Келісім бойынша өз міндеттемелеріне жауапкершілікте болады.
      4.2. Қаржымині есептелген сыйақыдан (мүддеден) салым қайтару мерзімін бұзған жағдайда, Қаржымині Салымшыға Келісімнің 3.1.4-тармағында көрсетілген ҚР Ұлттық банкінен нақты алынған айыппұл сомасын төлейді.
      4.3. Қаржымині Салымшының өз міндеттемелерін уақтылы орындамауының салдарынан пайда болған зиянға жауапкершілікте болмайды.
      4.4. Салымшы Келісімнің 3.2.3-тармағында көрсетілген ақшаны аударуға төлеуге шотты беру мерзімін бұзған кезде Салымшы Қаржыминіне соманы уақтылы аудармағаны үшін әрбір мерзімі өткен аудару күнтізбелік күніне ҚР Ұлттық банкі беретін айыппұл мөлшерінен төмен емес айыппұл төлейді.

5. Форс-мажор

      5.1. Тараптар, егер орындамау күтпеген мән-жайлар, атап айтқанда: өрт, топан су, зілзала, індет, әскери іс-қимылдар, электр энергиясы мен телекоммуникациялық байланыстың уақытша болмауының және Келісім бойынша міндеттемелерін орындауға тікелей әсер етерін Тараптардың еркіне бағынбайтын басқа мән-жайлардың салдары болып табылатын болса, Келісім бойынша мiндеттемелерiн iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Тараптар, егер мұндай мән-жайлар болған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және байланыс болған кезде, оның әсерінен зардап шеккен Тарап болған жағдай туралы екінші Тараптың назарына жеткізсе, сондай-ақ өз тарапынан форс-мажорлық мән-жайлардың салдарын жылдам жою үшін барлық күш-жігерін жұмсаса, өздеріне алған міндеттемелерді орындаудан босатылады.
      5.2. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты зиян шеккен Тарап тежеусіз күштің объектісі болған Тараптан болған оқиғаларға дәлелдер, сондай-ақ шеккен зиян көлемін есептеуге байланысты кез келген басқа құжаттаманы талап ете алады.

6. Келісімнің қолданылу мерзімі, бұзу және өзгерту шарттары

      6.1. Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді. Бұл ретте, Келісім облыстық (қалалық) Қазынашылық департаментінде тіркелуге жатпайды.
      6.2. Келісім Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылады.
      6.3. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты келісімді бұзудың болжамдалған күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінде бұл туралы ескерте отырып және Келісім бойынша бұрын өзіне алынған міндеттемелерді орындай отырып, Келісімді бұзуға құқығы бар.

7. Өзге де шарттар

      7.1. Тараптардың арасындағы Келісім бойынша пайда болған барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      7.2. Келісім бірдей заң күші бар екеуі мемлекеттік, екеуі орыс тілдерінде төрт түпнұсқа данада жасалған.
      7.3. Осы Келісіммен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      7.4. Тараптардың біреуі немесе Тараптардың екеуі қайта ұйымдастырылған жағдайда, Келісім бойынша барлық құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорына көшеді.
      7.5. Егер салым мерзімінің соңғы күні жұмыс күні емес күнге сәйкес келсе, салым есептелген сыйақымен (мүддемен) бірге келесі жұмыс күніне қайтарылады, бұл ретте, көрсетілген жұмыс күні емес күнге сыйақы (мүдде) есептелмейді.

       8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі,
010000, Астана қаласы
Жеңіс даңғылы, 11
Министрліктер үйі
ДСК ______________
БСК ______________
СТН ______________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитетінде
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің атынан
______________________

____________________________
____________________________
индексі_________, _______
қаласы
_______________көшесі, N____
ДСК ______________
БСК ______________
СТН ______________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитетінде
___________________________
___________________________
___________________________
атынан
___________________________

                                                Уақытша бос бюджет
                                                 ақшасын аударуға
                                              арналған бас келісімге
                                                     1-қосымша

                    МӘМІЛЕ ПАСПОРТЫ N ____

      ММ Қаржы департаменті _____________________________
                                (облыс немесе қала)
береді, ал Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ________________
теңге сомасында салым қабылдайды.
Мерзімі: _______
Басталған күні: ______
Аяқталған күні: _____
ҚР ҰБ сыйақы ставкасы: ______
ҚР ҰБ сыйақы сомасы: _______
ҚР ҰБ қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы:__________
Салымды мерзімінен бұрын талап еткен кезде қолданылатын сыйақы
ставкасы:______
"__" __________ 200_ж. _______________ KZT Қаржыминіне төлейді,
                       (сомасы санмен)
Астана қаласы, ЖСК N 000713400, СТН 031400128626, БСК 195301070
ММ Қаржы департаментінің деректемелері ____________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                 Тараптардың қолдары:

Қазақстан Республикасы               ММ Қаржы департаменті
Қаржы министрлігінің                 _____________________
Қазынашылық комитеті
_____________________

                                                Уақытша бос бюджет
                                                 ақшасын аударуға
                                              арналған бас келісімге
                                                     2-қосымша

     Мәміле паспортын ресімдеген кезде қол қоюға құқығы бар
                  уәкілетті лауазымды тұлғалар

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен:

      Қазынашылық комитет
      Төрайымы                             _________________________
      Қазынашылық комитеті
      төрайымының орынбасары               _________________________
      Қазынашылық комитеті
      төрайымының орынбасары               _________________________
      Қаржы департаментінен ____________________________ :
                                       (облыс, қала)
      Қаржы департаментінің
      директоры                 ____________________

      Қаржы департаменті
      директорының орынбасары   ____________________

                        ТАРАПТАР ҚОЛЫ:

Қазақстан Республикасының               __________облысының/қаланың
Қаржы министрлігі Қазынашылық           ММ Қаржы департаменті
комитет Төрағасы                        директоры

_____________________                   _______________________

М.О.                                         М.О.

                                                Уақытша бос бюджет
                                                 ақшасын аударуға
                                              арналған бас келісімге
                                                      3-қосымша

Шығ. N __________
"__" ____________ 200_ж.

                          ХАБАРЛАМА

______________________________________________________________
  (бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган атауы)
200_ жылғы "__" ______ бастап "__" _______________ дейін Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкідегі салымдарға (депозиттерге) орналастыру
үшін ______ күн мерзіміне Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігіне ______________________________________________________
                           (санмен және жазумен)
сома беруге ниеттенеді.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның
уәкілетті тұлғасы             ______________    _____________
                                 (қолы)            аты-жөні

М.О.

                                                Уақытша бос бюджет
                                                 ақшасын аударуға
                                              арналған бас келісімге
                                                     4-қосымша

Шығ.N __________
"__" ____________ 200_ж.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берілген
                    ақшаны қайтару туралы

                            ТАЛАП ____________________________________________________________________
(Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган атауы)
200_ж "__" _______ Келісімнің 2.9-тармағы негізінде 200_ж "________"
_________ __________________________________________________________
                   (санмен және жазумен)
сомасындағы салымды ішінара/толықтай қайтаруды және ЖСК
______________, БСК ______________, бенецифиардың атауы және
СТН-і __________________ аударуды өтінеді.
      Талап етілген соманың есептелген сыйақы (мүдде) сомасын ЖСК
000080900, БИК 195301070, бенецифиардың атауы және СТН-і
____________________________, кіріс код ________________ аударуды
сұраймыз.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның
уәкілетті тұлғасы              _____________ _________________
                                  (қолы)         аты-жөні
М.О.

                                                Уақытша бос бюджет
                                                 ақшасын аударуға
                                              арналған бас келісімге
                                                     5-қосымша

Шығ.N __________
"__" ____________ 200_ж.

                         ХАБАРЛАМА ____________________________________________________________________
(Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган атауы)
салым мерзімінің аяқталуына байланысты ________________________теңге
соманы (мәміле паспорты N_ "__" _________ 200_ж.), Келісімнің
2.10-тармағына сәйкес 200_ жылғы «"__" ____ бастап "__"_____________
дейін "__" күн мерзімге созуыңызды сұрайды.
      Банк салымында нақты болған ақшаның есептелген сыйақы (мүдде)
ЖСК 000080900, БСК 195301070, бенецифиардың атауы және СТН-і
___________________________ кіріс код  __________ аударуды сұрайды.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның
уәкілетті тұлғасы             _____________ __________________
                                  (қолы)         аты-жөні
М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады