Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шарт нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 218 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4291. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.04.27. N 154 бұйрығымен. V074678

        Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.04.27. N  154  бұйрығымен. 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысымен  бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнің 477-тармағын орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шарт нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шартқа қол қоюды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің осындай өкілеттіктер беру туралы бұйрығының негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М. Шәженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрінің      
2006 жылғы 20 маусымдағы  
N 218 бұйрығымен      
бекітілген         

Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған шарт нысаны

_____________ қаласы               200___ ж. "_____" ______________

      Бұдан әрі "Қаржымині" деп аталатын, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119  қаулысымен  бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің және
"___________________________" Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 200___ ж. "_____" ______________N ______ бұйрығының
негізінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
атынан Қазынашылық комитетінің ________________ _____ бір тараптан,
                               (лауазымының атауы)
бұдан әрі "Салымшы" деп аталатын, 200___ ж. "_____" _______________
бекітілген _____________________________ ереженің негізінде әрекет
ететін _____________________________________ (облысының, қаласының)
  (бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атауы)

екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1.1. Салымшы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚР Ұлттық банкі) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін жылдық ____ %-бен 200___ ж. "_____" _______________ "___" бастап "____" қоса алғанда _________ күнтізбелік күн мерзіммен _______________ теңге сомасында уақытша бос бюджет ақшасын (бұдан әрі - салым) қабылдайды, ал Қаржымині қабылдайды, бір жылда 360 күн есебінен есепке алудың қарапайым әдісі бойынша есептелген сыйақы (мүдде) сомасы ___________ теңге _____ тиынды құрайды, қайтаруға жататын есептелген сыйақымен (мүддемен) сомасы ___________ теңге _____ тиынды құрайды, мерзімінен бұрын талап еткен кезде сыйақы (мүдде) ставкасы жылдық ____ %-ды құрайды.
      1.2. Қаржыминінің атынан Шартты орындауға байланысты барлық қажетті іс-шараларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Қазынашылық) жүзеге асырады.

2. Уақытша бос бюджет ақшасын аудару тәртібі

      2.1. Қаржымині қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ҚБАЖ) Салымшыдан түскен салымның сомасын есепке алу үшін N ________________ шотын ашады.
      2.2. Салымшы уақытша бюджет ақшасын ҚР Ұлттықбанкінің салымына (депозиттеріне) орналастыру үшін беру ниеті болған кезде Қаржыминіне уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен расталған хабарлама (Шартқа 1-қосымша) жібереді.
      2.3. Қаржымині хабарламаны алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей Салымшының мекен-жайына факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шарттарды (бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан) қол қою үшін жібереді.
      2.4. Салымшы факсимильдік байланыс арқылы Қаржыминінен Шарттардың нұсқаларын алғаннан кейін оларға қол қояды, мөрмен бекітеді, содан кейін факсимильдік байланыс арқылы Қаржыминінің мекен-жайына кері жібереді.
      2.5. Салымшы қол қойылған Шарттың негізінде сол күні астана уақытымен 11 сағат 30 минуттан кешіктірмей Қазынашылық департаментіне Салымшының қолдарының және мөртабанының түпнұсқаларымен Тараптар қол қойған Шарттың факстік нұсқасын, сондай-ақ Қаржыминінің көрсетілген деректемелеріне ақшаны аударуға арналған ақы төлеуге шотты ұсынады.
      Салымшы ұсынған Шарт Қазынашылық департаментінде қалады және ақшаны аудару үшін негіздердің бірі болып табылады. 
      2.6. Қаржымині қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шарттардың факстік нұсқаларын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей Салымшы қол қою және мөртабанмен бекіту үшін 4 (төрт) дана қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шарттардың түпнұсқаларын почтамен жібереді. 
      2.7. Салымшы Қаржыминінен Шарттардың түпнұсқаларын алғаннан кейін оларға қол қояды, мөртабанмен бекітеді және мемлекеттік және орыс тілдерінде Шарттардың бір-бір данасын Қаржыминіне қайтарады.
      2.8. Шартта белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін салым сомасын толық көлемде немесе ішінара мерзімінен бұрын талап еткен кезде салымшы Қаржыминіне салым және сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін қажет тиісті деректемелерді нақты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы талап етуді (Шартқа 2-қосымша) беруге міндетті.
      2.9. Салымшы Шартта белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Қаржыминіне сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін қажетті деректемелерді көрсете отырып, жазбаша хабарлама (Шартқа 3-қосымша) ұсынады.
      2.10. Қаржымині Салымшыдан хабарлама алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей Салымшы қол қою және мөрмен бекіту үшін 4 (төрт) дана қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шартқа 200___ ж. "___" _____________N _____ қосымша келісімдердің түпнұсқаларын почтамен жібереді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Қаржымині:
      3.1.1. Салымшыдан хабарлама алғаннан кейін келесі күннің астана уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шартты қол қою үшін жіберуге.
      3.1.2. Факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шарттарды жібергеннен кейін келесі күннен кешіктірмей почтамен 4 (төрт) данада Шарттың қол қойылған және мөртабанмен бекітілген түпнұсқаларын Салымшы қол қою және мөртабанмен бекіту үшін жіберуге.
      3.1.3. Ақша N ________шотқа түскеннен кейін келесі күннен кешіктірмей ҚР Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастыруға.
      3.1.4. Салымның мерзімі аяқталғаннан кейін немесе Салымшының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы жазбаша талап етуін (Шартқа 2-қосымша) алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімінен бұрын талап еткен кезде салымды БСК 195301070N _______________ ЖСК, бенефициардың СТН-і __________________, ал ҚР Ұлттықбанкі есептеген сыйақыны (мүддені) ЖСК 000080900, БСК 195301070, бенефициардың атауы мен СТН-і, кіріс коды _____ қайтаруға міндеттенеді.
      3.2. Салымшы:
      3.2.1. ҚР Ұлттықбанкінің салымына (депозиттеріне) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын беру ниеті болған кезде астана уақытымен сағат 11-ден кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы Қаржыминіне уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен бекітілген хабарламаны (Шартқа 1-қосымша) жіберуге.
      3.2.2. Қаржыминінен Шарттарды алғаннан кейін астана уақытымен 11 сағат 30 минуттан кешіктірмей факсимильдік байланыс арқылы қол қойылған және мөртабанмен бекітілген Шартты жіберуге.
      3.2.3. Астана уақытымен 11 сағат 30 минутқа дейін
_________________________________________ Қазынашылық департаментіне
      (облыстың немесе қаланың)
Салымшының қолының және мөртабанының түпнұсқасымен тараптар қол қойған Шарттың, сондай-ақ ҚР Ұлттықбанкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған ақы төлеуге шоттың факстік нұсқасын беруге.
      3.2.4. Қаржыминінен Шарттардың түпнұсқаларын алғаннан кейін оларға қол қоюға, мөртабанмен бекітуге және Шарттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір-бір данасын Қаржыминіне қайтаруға.
      3.2.5. Шартта белгіленген салымды орналастырудың ағымдағы мерзімі аяқталғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Қаржыминіне салым және сыйақы (мүдде) сомасын есепке алу үшін қажетті тиісті деректемелерді нақты көрсете отырып, салым сомасын толық көлемде мерзімінен бұрын талап еткен немесе ішінара талап еткен кезде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне берілген ақшаны қайтару туралы хабарлама (Шартқа 2-қосымша) ұсынуға міндеттенеді.
      Қаржымині:
      3.3.1. Салымшы Шарттың 2.9-тармағына сәйкес шарттың әрекет ету мерзімін ұзартқан кезде ҚР Ұлттықбанкі ұсынатын ставкаға Салымшымен келісім бойынша сыйақының (мүдденің) бастапқы белгіленген ставкасын өзгертуге құқығы бар.
      3.4. Салымшы:
      3.4.1. салымды беру мерзімін ұзартуға құқығы бар.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарт бойынша өз міндеттемелеріне жауапкершілікте болады.
      4.2. Қаржымині есептелген сыйақыдан (мүддеден) салым қайтару мерзімін бұзған жағдайда, Қаржымині Салымшыға ҚР Ұлттықбанкінен нақты алынған айыппұл сомасын төлейді.
      4.3. Қаржымині Салымшының өз міндеттемелерін уақтылы орындамауының салдарынан пайда болған зиянға жауапкершілікте болмайды. 
      4.4. Тараптар Қазақстан Республикасы заңнама және атқарушы органдары шешімдерінің салдарына жауапкершілікте болмайды, ол Тараптардың біріне немесе екеуіне Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігін болдырмайды. 
      4.5. Салымшы Шарттың 3.2.3-тармағында көрсетілген ақшаны аударуға төлеуге шотты беру мерзімін бұзған кезде Салымшы Қаржыминіне соманы уақтылы аудармағаны үшін әрбір мерзімі өткен аудару күнтізбелік күніне ҚР Ұлттықбанкі беретін айыппұл мөлшерінен төмен емес айыппұл төлейді.

5. Форс-мажор

      5.1. Тараптар, егер орындамау күтпеген мән-жайлар, атап айтқанда: өрт, топансу, зілзала, індет, әскери іс-қимылдар, электр энергиясы мен телекоммуникациялық байланыстың уақытша болмауының және Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға тікелей әсер ететін Тараптардың еркіне бағынбайтын басқа мән-жайлардың салдары болып табылатын болса, Шарт бойынша мiндеттемелерiн iшiнара немесе толық орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Тараптар, егер мұндай мән-жайлар болған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде және байланыс болған кезде, оның әсерінен зардап шеккен Тарап болған жағдай туралы екінші Тараптың назарына жеткізсе, сондай-ақ өз тарапынан форс-мажорлық мән-жайлардың салдарын жылдам жою үшін барлық күш-жігерін жұмсаса, өздеріне алған міндеттемелерді орындаудан босатылады.
      5.2. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты зиян шеккен Тарап тежеусіз күштің объектісі болған Тараптан болған оқиғаларға дәлелдер, сондай-ақ шеккен зиян көлемін есептеуге байланысты кез келген басқа құжаттаманы талап ете алады.

6. Шарттың қолданылу мерзімі, бұзу және өзгерту талабы

      6.1. Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді. Бұл ретте, Шарт облыстық (қалалық) Қазынашылық департаментінде тіркелуге жатпайды.
      6.2. Шарт Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады. 
      6.3. Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапты Шартты бұзудың болжамдалған күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінде бұл туралы ескерте отырып және Шарт бойынша бұрын өзіне алынған міндеттемелерді орындай отырып, Шартты бұзуға құқығы бар.

7. Өзге талаптар

      7.1. Тараптардың арасындағы Шарт бойынша пайда болған барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      7.2. Шарт бірдей заң күші бар екеуі мемлекеттік, екеуі орыс тілдерінде төрт түпнұсқа данада жасалған.
      7.3. Осы Шартпен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      7.4. Тараптардың біреуі немесе Тараптардың екеуі қайта ұйымдастырылған жағдайда, Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқықтық мирасқорына көшеді.
      7.5. Егер салым мерзімінің соңғы күні жұмыс күні емес күнге сәйкес келсе, салым есептелген сыйақымен (мүддемен) бірге келесі жұмыс күніне қайтарылады, бұл ретте, көрсетілген жұмыс күні емес күнге сыйақы (мүдде) есептелмейді.

8. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері

Қазақстан Республикасы              _______________________________
Қаржы министрлігі,                  _______________________________
010000, Астана қаласы               индексі_________, ______ қаласы
Жеңіс даңғылы, 11                   ________________ көшесі, N_____
Министрліктер үйі
ДСК ______________                  ДСК ______________
БСК ______________                  БСК ______________
СТН ______________                  СТН ______________

Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің                Қаржы министрлігінің 
Қазынашылық комитетінде             Қазынашылық комитетінде 

Қазақстан Республикасы                      атынан
Қаржы министрлігінің                _____________________________
        атынан                      _____________________________
______________________              _____________________________

 

                                      200_жылғы "___"__________
                                               Шартқа 1-қосымша

Шығыс N_________________
200_жылғы"___"__________

                                ХАБАРЛАМА

___________________________________________________________________
  (бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атауы)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  91-бабының  3-тармағына
сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 200_жылғы
"___"________ бастап "___"________ қоса алғанда "____" күн мерзімге
____________________________________________________________________
                         (цифрмен және жазбаша)

соманы беруге ниетті.

Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті
органның уәкілетті тұлғасы _____________   _________________________
                               (қолы)               Аты-жөні

М.О.

                                        200_жылғы "___"__________
                                             Шартқа 2-қосымша

Шығыс N_________________
200_жылғы"___"__________

             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне
               берілген ақшаны қайтару туралы
                                ТАЛАП

___________________________________________________________________
   (бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атауы)
200_жылғы "___"__________ Шарттың 2.8-тармағының негізінде
___________________________________________________________________
                     (цифрмен және жазбаша)

сомасында салымды 200_жылғы "___"____________________ ішінара/толық қайтаруды және оны ДСК_____________, БСК___________, бенефициардың атауы және СТН __________________ аударуды өтінеді.
      Талап етілген сомаға есептелген сыйақы (мүдде) сомасын ДСК000080900, БСК 195301070, бенефициардың атауы және СТН________, кіріс коды _____________ аударуды өтінеміз.

Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті
органның уәкілетті тұлғасы _____________   _________________________
                               (қолы)               Аты-жөні

М.О.

                                        200_жылғы "___"__________
                                             Шартқа 3-қосымша

Шығыс N_________________
200_жылғы"___"__________

                              ХАБАРЛАМА

___________________________________________________________________
  (бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атауы)

__________________________________ теңге сомасында салым мерзімінің аяқталуына байланысты (200_жылғы "___"__________N_____ Шарт) жоғарыда көрсетілген Шарттың 2.9-тармағына сәйкес салым мерзімін 200_жылғы "___"__________ бастап "___"__________ қоса алғанда "__" күн мерзімге ұзартуды өтінеді.
      Банктік салымда ақшаның нақты болғанына есептелген сыйақы (мүдде) сомасын ДСК 000080900, БСК 195301070, бенефициардың атауы және СТН_________________, кіріс коды ________________ аударуды өтінеміз.

Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті
органның уәкілетті тұлғасы _____________   _________________________
                               (қолы)               Аты-жөні

М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады