Күші жойылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасының 2008.12.25 N 424-НҚ бұйрығымен.
------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Есенбаев
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
агенттігі (Монополияға қарсы
агенттік) Төрағасының
2008 жылғы 25 желтоқсандағы
N 424-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. ...
2. "Бәсекені шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 164-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4697 тіркелді, 2007 жылғы 22 шілдеде N 94 (1297) "Заң газетінде", 2007 жылғы мамыр-маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды).
.........
"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бәсекені шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті:
осы Бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін;
осы Бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3.»"Бәсекені шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 6 ақпандағы N 34-НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2228 нөмірімен тіркелген,»"Официальная газета" газетінің 2003 жылғы N 20 санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Бәсекелестікті қорғау комитеті
Төрағасының
2007 жылғы 21 мамырдағы
N 174-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Бәсекені шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Бәсекені шектейтін нарық субъектілерінің келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық)» "Теріс пиғылды бәсекелестік туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы,» "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.
2. Осы нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
нарық субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері);
келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) (бұдан әрі - Келісімдер) - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары.
3. Осы Нұсқаулықтың мақсаты нарық субъектілері және (немесе) мемлекеттік органдар арасындағы тетікті және келісімдерді (келісілген іс-әрекеттерді) анықтау тәсілдерін айқындау болып табылады.
4. Осы Нұсқаулық бәсекені шектеуге немесе жою мақсатын көздемейтін, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған нарық субъектілері және (немесе) мемлекеттік органдар арасындағы Келісімдерге қатысты емес.
5. Өз қызметтері нәтижесінде бәсекені, соның ішінде Келісімді шектейтін немесе осыған мүмкіндігі бар нарық субъектілерінің арасындағы кез келген нысанда толықтай немесе ішінара қол жеткізген мыналарға:
1) тауарларды алу немесе өткізудің келісілген бағаларын немесе басқа талаптарын орнату (қолдау);
2) сауда-саттыққа қатысушылар арасында бағаны көтеру, төмендету немесе қолдау нәтижесінде сауда-саттық қорытындыларын немесе өзге де Келісімдерді бұрмалау;
3) тауар нарықтарын аумақтық сипаты, тауардың түр-түріне, сатушылар немесе сатып алушылар шеңбері бойынша оларды өткізу немесе алу көлемі немесе басқа сипаттары бойынша бөлу;
4) квоталауды қоса алғанда тауарды өндіру немесе өткізуді негізсіз шектеу;
5) белгілі сатушылармен немесе сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту;
6) белгілі тауарларды сатушылар немесе оларды сатып алушылар есебінде басқа нарық субъектілерінің тауар нарығына қол жеткізуін шектеу немесе жою;
7) басқа субъектілермен тең мағыналы шарттарға кемсітушілік талаптар қолдану;
8) контрагенттердің өздерінің мазмұны бойынша немесе іскерлік қатынас дәстүрінде осы шарттардың мәніне (қаржы құралдарын немесе өзге де мүлікті, мүліктік құқықты және басқаларды беру талаптарының негізсіздігі) қатысты қосымша міндеттемелерді қабылдағанда шарт жасасуына қатысты Келісімдерге тыйым салынады және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен жарамсыз деп саналады.
6. Нарық субъектілеріне осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетілген салдарға әкеліп соғатын немесе соқтыруы мүмкін экономикалық қызметтің жеке тұлғаларымен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарымен үйлестіруге тыйым салынады.
7. Осы Нұсқаулықтың 5 және 6-тармақтарында қаралған шектеулер мыналар бойынша Келісімдерге:
1) лицензиялық шарттарға;
2) кешенді кәсіпкерлік лицензиялық (франчайзингтік) шарттарға;
3) технологияны берумен байланысты шарттарға;
4) ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың кооперациясы туралы шарттарға;
5) зияткерлік меншік объектілеріне құқық берумен байланысты өзге де шарттарға қолданылмайды.
8. Мемлекеттік органдардың кесімдерді немесе шешімдерді, жазбаша немесе ауызша нұсқамаларды қабылдаумен, келісімге отырумен байланысты және немесе бәсекені шектеуге әкелген немесе әкелуі мүмкін мыналарға бағытталған өзге де іс-әрекеттері:
1) қандай да бір қызмет саласында нарық субъектісін құруға тыйым салу немесе кедергі келтіру, сондай-ақ іс-әрекеттің жекелеген түрлеріне, өндіріске, тауардың белгілі бір түрлерін алуға немесе өткізуге, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгедей белгіленбесе жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу;
2) нарық субъектілерін тауарларды тұтынушылардың белгілі бір тобында бірінші кезекте жеткізуге немесе белгілі бір сатушылардан бірінші кезекте тауарлар алуға басым шарттасуға тікелей немесе жанама мәжбүрлеу;
3) тауарларды орталықтандырылған бөлуге бағытталған кез келген іс-әрекет, сондай-ақ нарықтарды нарық субъектілерінің арасында аумақтық сипатына, тауарлардың түр-түріне, өткізу немесе сатып алу көлеміне немесе тұтынушылар және сатушылар тобы бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгедей белгіленбесе;
4) белгілі бір тауарларды Қазақстан Республикасының бір өңірінен екіншісіне өткізуге (сыртқа шығаруға) тыйым салуды белгілеу, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгедей белгіленбесе,;
5) жекелеген нарық субъектілеріне бәсекені шектеуге әкелетін немесе әкелуі мүмкін, бәсекелестерге қатысты басым жағдай туғызатын жеңілдіктер немесе басқа басымдықтар беруге;
6) осының салдарынан бәсекелестермен салыстырғанда жекелеген нарық субъектілері қызметтеріне жайсыз немесе кемсітушілік жағдайлар туғызатын іс-әрекеттер;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында нарық субъектілерінің өзін-өзі билеуіне тыйым салулар мен шектеулер көзделмеген іс-әрекеттер белгіленген, соның ішінде тауарларды алуға немесе өткізуге, баға белгілеуге, қызметтер бағдарламасын құрылымдауға және дамытуға, тауарларды өткізудің кірісіне (түсіміне) билік етуге қатысты іс-әрекеттер бәсекеге қарсы іс-әрекеттер деп танылады, Қазақстан Республикасы заңнамасы белгілеген тәртіппен тыйым салынады.
2. Келісімнің түрлері
9. Көлденең келісім - бәсекені шектеуге бағытталған, бір нарықтағы бәсекелес субъектілер арасындағы келісім.
10. Тік келісім - өз нәтижесінде бәсекеге жол бермеуге, шектеуге, жоюға ие болатын немесе ие болуы мүмкін, тиісті тауар нарығында бәсекелес емес субъектілер арасындағы келісім.
11. Конгломератты келісімдер бір мезгілде көлденең де, тік те келісімдер болатын аралас келісімдер деп сипатталады.
3. Бәсекеге қарсы Келісімдердің белгілерін анықтау
бойынша талдау жүргізу
12. Бәсекеге қарсы Келісімдердің белгілерін анықтау бойынша талдау жүргізу кезеңдермен жүзеге асырылады.
13. Бірінші кезеңде:
1) тиісті тауар нарығы анықталады, Келісімге қатысушы нарық субъектілерінің шеңбері белгіленеді;
2) ақпарат жинау өткізіледі, Келісімнің түрі анықталады;
3) тауар нарықтарының географиялық шекаралары - Келісімге қатысушы нарық субъектілері қызметін жүзеге асыратын аумақ анықталады.
14. Екінші кезеңде тиісті тауар нарығын реттеудің түрі:
1) тіркелген бағаны (тарифті) белгілеу;
2) мемлекеттік тапсырыс бойынша міндетті жеткізілімді орындау;
3) нарық субъектісіне дотация беру, жеңілдік шартпен несие беру жолымен айқындалады.
Мемлекеттік реттеудің жоғарыда айтылған түрлерінің монополияға қарсы заңнамаға қарама-қайшылығының болмауы айқындалады.
15. Үшінші кезеңде олардың арасында Келісімге отырған нарық субъектілерінің және (немесе) мемлекеттік органның құқықтық жағдайы анықталады.
16. Төртінші кезеңде нарық субъектілерінің және (немесе) мемлекеттік органның іс-әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген қылмыс құрамының болуы анықталады.
17. Нақты Келісімді қарауда бәсекеге қарсы ерекшеліктердің элементтерінің болуы айқындалады.
18. Бесінші кезеңде, жекелеп алғанда:
1) Келісімге қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шешімді қабылдаудың дербестігін шектейтін;
2) тиісті нарықта тауарлардың сұранымы мен өтінімінің қатысына ықпал етуші Келісімдер бәсекені шектеуші болып танылуы анықталады.
Осы жағдайлардың біреуі белгілі болса, Келісім бәсекені шектеуші деп табылады.
19. Көрсетілген заң бұзушылықтар белгілі болса, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына қаралған шаралар қолданылады.
Егер талдау үдерісінде Келісімге қатысушылар бәсекені шектемейді деп танылса, Келісім белгілерін анықтау бойынша талдау тоқтатылады.
4. Келісімнің болуы туралы дәлелдемелер
20. Анықталған Келісімді дәлелдеуде олардың құжаттамалық расталуы керек. Мұндай растауларды нарық субъектілерінің және (немесе) мемлекеттік орган өкілдерінің съезд, конгресс және басқа да жиындарда қабылдаған келісім-шарттарды, шарттарды, есеп-қисапты, баяндау құжаттарын, прейскуранттарды, төлем тапсырмаларын, құжаттарды, соның ішінде Келісімге қатысушылардың куәлік айғақтарын, тұлғалық түсініктерін, және Келісім фактісін растайтын өзге де құжаттардың шарттарын талдау негізінде алуға болады.
Дәлелдемелер нарық субъектілері немесе мемлекеттік орган өкілдері арасында телекс және факсимильді байланыс, бағаны жария хабарлау (жаңа бағаны, бағалық жарнаманы тарату) арқылы тұтынушыларға, агенттер мен делдалдарға, соның ішінде нарық субъектілері кіретін бірлестіктің (қауымдастықтың) түрлері арқылы ақпарат алмасу жөніндегі құжаттар түрінде болуы мүмкін. Келісімді анықтау мен дәлелдеу үшін монополияға қарсы орган өз құзыреті шегінде дербес те, басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен бірлесе отырып өзге де іс-әрекетпен айналысады, іс-шаралар өткізеді.
21. Келісім дәлелдемелерін нарық субъектілерінің қаржылық құжаттарын талдау негізінде де алуға болады.
22. Нарық субъектілері және (немесе) мемлекеттік орган арасындағы баға туралы кез келген Келісімге отыру және орындау жағдайында дәлелдеме ретінде мынадай:
1) бағаның бір уақытта немесе 10 күн ішінде көтерілуі (төмендеуі);
2) тауарды алу мен өткізу шығындарының түрлі өлшемдеріне бірдей баға белгілеу;
3) нарықта бірдей баға белгілеу мақсатында өткізілетін, тауардың қалғанын түпкілікті бағалау;
4) бағаның өзгеруі мен тауарды жеткізудің көлемін келісу;
5) бағаның жасанды көтерілуі немесе төмендеуі туралы шарттасу;
6) бір уақытта бағаның дифференциясына немесе бағаға жеңілдік белгілеу;
7) нарықтағы тауар жетіспеушілігі және оларға жоғары баға болған жағдайда екі және одан да көп нарық субъектілері қоймаларында мол тауар қорының болуы;
8) нарық субъектілерінде бағаның көтерілуін (төмендеуін), бірыңғай бағаны қолдауды түсіндіретін шот-фактура, есеп, есеп-қисап, экономикалық негіздеменің болмауы;
9) бір түрлі баға прейскурантын немесе баға бекітілген бұйрықты (хаттаманы, өкімді) қолдану;
10) түрлі жеткізушілер ұсынатын тауарларға, қызметтерге жоғары бағаны жасанды түрде қолдау;
11) өнімнің немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу көлеміне шектеу (квота) белгілеу;
12) басқа сатып алушылар және сатушылармен шарттасу жасалған талаптарда белгілі сатып алушылар және сатушылармен шарттасудан бас тарту;
13) белгілі өңірлерде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу;
14) белгілі өңірлерді жабдықтауды тоқтату шарттарының бірі болуы мүмкін.
23. Нарық субъектілері және (немесе) мемлекеттік органдар арасында Келісім болғанда монополияға қарсы орган Келісім жасалған күннен бастап үш жыл ішіндегі кезеңге Келісімнің болу фактісін анықтау мақсатымен талдау жүргізеді.
24. Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.