"Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистка агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 71 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі 2007 жылғы 8 мамырдағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 6 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4704 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 100 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010.04.29 № 100 Бұйрығымен.

      "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 56-р Өкімінің 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1928 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 34, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі Төрағаның 2005 жылғы 4 мамырдағы N 76 бұйрығындағы өзгерістермен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3648 нөмірмен тіркелген және "Заң газеті" 2005 жылғы 21 желтоқсанда N 237-238 жарияланған) бұйрығына келесі өзгертулер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібінде:

      13-тармағы үшінші абзацтың 4) тармақшасы жойылсын;

      16-тармақта:
      төртінші абзацтағы:
      "есептiк бiрлiктiң кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк жалпы жiктегiшiне (бұдан былай - КҰЖЖ)" сөздерді "есептілік бірліктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "басқару құжатының жалпы жiктегiшiне (бұдан былай - БҚЖЖ) сай келетiн идентификациялық кодын" сөздерді "нысан коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "КҰЖЖ кодын қабылдап, толтырылу дұрыстығын тексергеннен кейiн" сөздерді "бизнес-сәйкестендіру нөмірін қабылдап, толтырылып тексерілгеннен кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21-тармақ алынып тасталсын;

      1 және 2-қосымшаларында:
      "БҚЖЖ коды" сөздер "Нысан коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "КҰЖЖ коды" сөздер "БСН" аббревиатурамен ауыстырылсын;

      5-қосымшасында:
      "БҚЖЖ коды" сөздер "Нысан коды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-қосымшасында:
      1-тармағында:
      "БҚЖЖ бойынша құжат нысанының" сөздерді "Нысан коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "КҰЖЖ бойынша сәйкестендiру кодының" сөздерді "БСН" аббревиатурамен ауыстырылсын;

      7-тармақтан кейін "Қысқартулар тiзбесi БҚЖЖ - Басқару құжаттарының жалпы жiктегішi КҰЖЖ - Кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жiктегішi" сөздер алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ішкі әкімшілік департаменті заңгерлік қызмет бөліміне (Л.М. Доскенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз ету.

      3. Осы бұйрық, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, бесінші, сегізінші және он бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төрайым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады