Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 58 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі 2007 жылғы 5 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4788 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының жаңа түрлерін және төлем карточкаларын пайдалана отырып ұсынылатын банк қызметтерін дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы  N 331  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1260 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000 жылғы 23 қазан - 5 қарашадағы N 22 (193)»"Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1667 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 36-37 бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 қыркүйектегі  N 328 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1984 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 43-44 бюллетенінде жарияланған,»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегі  N 361 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2582 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 318 (23617) жарияланған»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының төлем карточкаларын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы  N 370 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2581 тіркелген,»"Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 318 (23617) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1260 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2158 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің қызмет ету ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 510 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы  N 371 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3852 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2005 жылғы 16-31 шілдедегі "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында N 14 (314) жарияланған,»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 91 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3950 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2005 жылғы 1-30 сәуірдегі N 7-8»"Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында жарияланған»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы N 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы  N 138 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Ережеде»"Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көзделген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) авторизация - эмитенттің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға рұқсат беруі. Авторизацияны алу рәсімі төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне және/немесе төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді;
      2) банкомат - төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақшаны алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды- механикалық құрылғы;
      3) дебеттік карточка - ұстаушыға клиенттің карт-шотындағы ақша сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы. Дебеттік карточка ұстаушыға эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік береді;
      4) дербес бірегейлендіру нөмірі - төлем карточкасын ұстаушыға берілетін және төлем карточкасын ұстаушыны бірегейлендіруге арналған құпия код;
      5) кәсіпкер - өзі жеткізетін тауарларына және/немесе қызметіне төлемді ақша аудару арқылы жасауға арналған төлем карточкаларын қабылдайтын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      6) процессинг - төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және басқа да операцияларды жүзеге асырған кезде қалыптасатын ақпаратты жинауға, өңдеуге және беруге байланысты қызмет;
      7) клиент - эмитентпен төлем карточкасын беру туралы шарт жасаушы және карт-есепшоттың иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      8) корпоративті төлем карточкасы - ұстаушыға эмитент пен заңды тұлға-карт-шот иесінің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілетін төлем карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау заңды тұлғаның карт-шотындағы ақша сомасы және/немесе аталмыш заңды тұлғаға берілген заем сомасы шегінде жүзеге асырылады. Корпоративті төлем карточкасын ұстаушы заңды тұлғаның-карт-шот иесінің уәкілетті өкілі болып табылады;
      9) эмитенттің шоғырландырылған шоты - банк эмитент ашқан және алдын-ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алуға арналған ішкі шот;
      10) кредиттік карточка - ұстаушыға эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартының талаптарына сәйкес эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
      11) төлемдік емес қосымшалар - төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша беруге және төлем карточкасында орналастырылуы/іске асырылуы мүмкін банктік қызмет көрсетулердің өзге түрлерін көрсетумен байланысты емес қосалқы қосымшалар/функциялар;
      12) процессинг ұйымы - процессингті, сондай-ақ төлем карточкалары жүйесіне қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын төлем карточкалары жүйесіне қатысушы;
      13) сауда чегі - төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау фактісін растайтын құжат;
      14) слип - кәсіпкердің немесе эквайердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау кезінде қағазға шығарылған төлем құжаты;
      15) төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелері - соған сәйкес төлем карточкалары шығарылатын және оларды пайдалану арқылы төлем карточкалары жүйесінде төлем жасалатын ереже;
      16) төлем карточкаларын шығару - ұстаушыларға төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде не алдын ала төленген төлем карточкаларын беру кезінде мұндай шарт жасамай-ақ төлем карточкаларын беруді көздейтін операция;
      17) төлем карточкаларының жүйесі - осы төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық- техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
      18) төлем карточкалары жүйесіне қатысушы - жасалған шарттарға сәйкес төлем карточкаларының белгілі бір жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып ақы төлеу кезінде жасалған төлем құжатын беру, өңдеу және/немесе орындау бойынша міндеттемелер туындайтын жеке немесе заңды тұлға;
      19) төлем карточкасын беру туралы шарт - эмитент пен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалатын шарт, оның негізінде төлем карточкасы беріледі;
      20) төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда карточканы ұстаушыға төлем жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті белгілеген әрі соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады. Төлем карточкасы дебеттік карточка және кредиттік карточка болып екіге бөлінеді;
      21) алдын ала төленген төлем карточкасы - ұстаушысына бастапқы ұстаушы алдын ала салған және эмитенттің шоғырландырылған есебінде есептелген ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақша алу мүмкіндігін беретін төлем карточкасы. Алдын ала төленген төлем карточкасында оның ұстаушысын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін деректемелер болмайды;
      22) төлем карточкасын доғару - төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;
      23) төлем карточкасының деректемелері - төлем карточкасының ұстаушыға, эмитентке және төлем карточкаларының жүйесіне тиесілігін айқындауға мүмкіндік беретін төлем карточкасындағы және/немесе онда сақталатын ақпарат;
      24) төлем карточкасын ұстаушы - төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес төлем карточкасын пайдалануға құқығы бар немесе егер төлем карточкасы алдын-ала төленген болса, оған тікелей иелік етуші жеке тұлға;
      25) эквайер - төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған кезде кәсіпкермен жасалған шарт талаптарына және/немесе кәсіпкерде жасалған төлем құжаты талаптарына сәйкес кәсіпкердің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға және/немесе кәсіпкермен жасалған шартта көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк). Сондай-ақ төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақша беретін банк те эквайер болып табылады;
      26) эмитент - төлем карточкаларын шығаратын банк.";

      4-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3, 6-4 және 6-5-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Эмитент шығарған төлем карточкасында олардың арасындағы жасалған шарттарға сәйкес басқа тұлғалар іске асыратын қызмет көрсетулердің белгілі бір түрлерін ұсыну немесе есепке алу үшін пайдаланылатын төлемдік емес қосымшалар болуы мүмкін.
      6-2. Эмитенттер алдын ала төленген төлем карточкаларын шығаруды, таратуды және қызмет көрсетуді осы Ереженің және төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерінің талаптарына сәйкес өздері әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттар негізінде жүзеге асырады.
      6-3. Эмитент шығаруы мүмкін алдын ала төленген төлем карточкасының ең көп сомасы оның ұстаушысы алдын ала төленген төлем карточкасын пайдалана отырып операцияны жүзеге асыра алатын шекте алдын ала төленген төлем карточкасы шығарылған күнгі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке тең сомадан немесе оның шетел валютасындағы баламасынан аспауы тиіс.
      6-4. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкасында көрсетілген осы Ереженің 6-3-тармағында белгіленген мөлшері шегінде алдын ала төленген төлем карточкасын шығаруға құқылы. Белгіленген номиналы бар алдын ала төленген төлем карточкалары толықтырылмайды.
      6-5. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған операциялардың түрлеріне және сомаларына шектеулер қоюға құқылы.";

      3-тараудың тақырыбы»"және эмитенттің шоғырландырылған шоты" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақтың екінші сөйлемінде»"карточкаларын" деген сөзден кейін»", алдын ала төленген төлем карточкаларын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкалары ұстаушыларының ақшасын есепке алу үшін эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады. Алдын ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын барлық төлемдер эмитенттің шоғырландырылған шотында көрсетіледі.";

      23-тармақта:
      бірінші сөйлемде»"Төлем құжаты" деген сөздер»"Кәсіпкердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асырған кезде төлем құжаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Эмитентке тиесілі банкоматтар арқылы төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжаты төлем карточкасын ұстаушының эмитентке бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын білдіреді.";

      мынадай мазмұндағы 35-4-тармақпен толықтырылсын:
      "35-4. Процессинг ұйымы эквайермен және кәсіпкерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес төлем карточкаларына қызмет көрсетудің меншікті желілерін құруға құқылы.";

      36-тармақтың екінші сөйлемінде»"алғаннан кейін" деген сөздерден кейін»"осы Ереженің 36-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      "36-1. Төлем карточкасын пайдалана отырып салықты немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжатын орындау эмитент оны алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.";

      45-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) төлемді төлем карточкалары жүйесіне бірегейлендіретін авторизация коды немесе басқа код;
      4-2) төлем жүргізу уақыты;";

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
      "45-1. Салықты немесе бюджетке басқа да міндетті төлемдерді банкоматтар арқылы не электронды терминалдар арқылы жүзеге асырған кезде төлем карточкасының ұстаушысына берілетін сауда чегінде осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген деректемелерден басқа мынадай қосымша деректемелер болуы тиіс:
      1) салық төлеушінің тіркеу номері;
      2) салық төлеушінің аты-жөні;
      3) бюджеттік жіктеулер кодының сандық мәнін көрсете отырып, салықтың немесе бюджетке басқа төлемнің атауы;
      4) салық органының коды;
      5) төлем тағайындау коды;
      6) комиссиялық сыйақының мөлшері (комиссия алынған жағдайда).";

      72-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз бірінші және алпыс екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары  М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

         Ұлттық Банк
      Төрағасы

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      2007 жылғы»11 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады