"Табиғи монополиалар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополиаларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополиаларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы N 148-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі 2007 жылғы 9 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4792 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 19.07.2013 № 215-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы  N 82-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2256 нөмірмен тіркелген,»"Ресми газетте" 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірмен жарияланған,»"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) өндіруге және ұсынуға тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 мамырдағы N 82-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы N  253-НҚ бұйрығына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірде N 2256 нөмірмен тіркелген", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2533 нөмірмен тіркелген,»"Ресми газетте" 2003 жылғы 8 қарашада N 45 нөмірмен жарияланған,»"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 14 қарашадағы   N 269-НҚ бұйрығына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 сәуірде N 2256 нөмірмен тіркелген", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2608 нөмірмен тіркелген,»"Ресми газетте" жылғы 27 желтоқсанда N 52 жарияланған, "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 19 шілдедегі  N 322-НҚ бұйрығына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3011 нөмірмен тіркелген,»"Ресми газетте" 2004 жылғы 18 қыркүйекте N 38 нөмірмен жарияланған,»"Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы, N 2256 нөмірмен тіркелген" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 493-НҚ бұйрығына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3370 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 5 наурызда N 10 жарияланған, "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 29 наурыздағы  N 108-НҚ бұйрығына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3527 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 14 мамырда N 20 нөмірмен жарияланған,»"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 82-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 7 наурыздағы  N 66-НҚ бұйрығына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4136 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" 2006 жылғы 7 сәуірде N 61-62 нөмірмен жарияланған,»"Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 19 шілдедегі  N 177-НҚ бұйрығына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4328 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" 2006 жылғы 11 тамызда N 147 нөмірмен жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметалар бекіту жөніндегі ережеде:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) құзыретті орган - бір облыстың аумағында су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін салалық министрлік және (немесе) ведомство, және (немесе) кәріз жүйелері үшін - жергілікті атқарушы органдар, ал екі немесе одан көп облыстардың аумағында су шаруашылығы жүйесінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      "Тарифтер (бағалар, алым ставкалары) төтенше реттеуші шаралар ретінде қайта қараған жағдайда, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге оларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтік смета және тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жобаларын ұсынады, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мұндай жағдайда қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
      "8-2. Төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге берілген өтінімге:
      1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітудің себептері көрсетілген түсіндірме жазба;
      2) осы Ереженің 30-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес тарифтік сметаның жобасы. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда тарифтік сметадағы стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын бабы ғана түзетіледі;
      3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар.
      Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, сатып алынатын стратегиялық тауарлардың құнын арттыруды, азаматтардың өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төндіретінін растайтын құжаттар (конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарт, шот-фактуралар, шығын деңгейін есептеу).";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10-1. Осы Ереженің 10-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту жағдайына қолданылмайды.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөліммен толықтырылсын:
      "Осы Ереженің 8-2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге берілген табиғи монополия субъектісінің өтінімін қарауға қабылдауға уәкілетті органның бас тартуы үшін негіз болып табылады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
      "Төтенше реттеуші шаралар ретінде шешім қабылдау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жобаларын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қолданады.";

      15-тармақта:
      1) тармақшадағы»";" белгісі "." деген белгімен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;

      17-1-тармақтағы»"және 29" деген сан»", 29 және 30" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын:
      "20-2. тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шаралар ретінде қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте жаңа тарифті бекіту үшін он екі айлық уақыт кезеңі бұрын бекітілген тарифті (бағаны, алым ставкасын) жалпы тәртіппен қолданысқа енгізген күннен бастап белгіленеді.";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
      "Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) төтенше реттеуші шаралар ретінде өзгерткен жағдайда олардың өзгерісі туралы ақпаратты табиғи монополия субъектісінің тұтынушылардың назарына олар қолданысқа енгізілгенге дейін бес күннен кешіктірмей жеткізеді.";

      23-тармақтағы:
      "15," деген саннан кейін»"19," деген санмен толықтырылсын;
      "21," деген сан алып тасталсын;

      Осы бұйрыққа берілген қосымшаға сәйкес 30-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетика саласындағы реттеу және бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары
Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2007 жылғы 13 маусым

                                    Қазақстан Республикасы Табиғи 
                                   монополияларды реттеу агенттігі
                                 төрағасының 2007 жылғы 31 мамырдағы
                                      N 148-НҚ бұйрығына Қосымша

                                "Табиғи монополиялар субъектілерінің
                                 реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
                                (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер
                                   (бағалар, алымдар ставкаларын)
                                    және тарифтік сметалар бекіту
                                        ережесіне 30-қосымша

      Атауы _________________________________________________
                  (табиғи монополиялар субъектісі)

  Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
               қызметтеріне тарифтік сметасы

N
р/с

Көрсеткіштердің
атаулары

Өлшем
бірлігі

Бір жылға
есептелген
қолданыс-
тағы тариф
қабылдан-
ды,
барлығы

Табиғи
монопо-
лиялар
субъекті-
лерінің
жобасы

1

2

3

4

5

I
 
 
 
      1
 
 
    1.1
 
  1.2
1.3
1.4
1.5
1.6
2
 
 
 
 
        3
 
  3.1
3.2
4
5
 
  5.1
 
 
 
      6
 
  6.1
6.2
 
 
    6.3
6.4
6.5
6.6
 
  6.7
 
 
 
      6.8
 
  6.9
 
 
 
 
        6.10
 
  6.11
6.12
6.13
 
  II
 
  7
 
  7.1
 
 
    7.1.1
 
  7.1.2
7.2
7.3
7.4
 
 
 
 
 
          7.5
7.6
 
  7.8
7.9
 
 
    7.10
 
  7.11
 
 
    7.12
7.13
 
  8
 
 
 
      8.1
8.2
8.3
 
  8.4
 
 
 
      8.5
8.6
 
 
    8.7
8.8
 
  9
 
  III
IV
V
VI
 
  VII
 
 
 
 
 
 
            VIII

Тауарлар өндіруге және
қызмет көрсетуге
арналған шығындар,
барлығы
Материалдық шығындар,
барлығы
оның ішінде:
Шикізат және
материалдар
Энергия
ЖЖМ
Отын
Сатып алынатын энергия
Сатып алынатын су
Электр энергиясының, су
шаруашылығы мен кәріз
жүйелерінің техникалық
шығыстары (нормативтік
ысыраптары)
еңбекке ақы төлеу
шығыстары, барлығы
жалақы
әлеуметтік салық
Амортизация
Жөндеу, барлығы
оның ішінде:
негізгі қорлардың
құнының өсіруіне алып
келмейтін күрделі
жөндеу
Өзге шығындар, барлығы
оның ішінде:
Байланыс қызметтері
Бөгде ұйымдар
көрсететін жүкті
тасымалдау қызметтері
Күзету қызметі
Іссапар шығыстары
Кадрды даярлау
Еңбекті қорғау және
техникалық қауіпсіздік
Табиғи ресурстарды
қолданған үшін ақы
төлеу (суға және
басқалар)
Іске қосу реттеуші
жұмыстар
өндірістік үй-жайларды
дезинфекциялау,
дератизациялау, қоқысты
шығару және басқа да
коммуналдық қызметтер
міндетті сақтандыру
түрлері
лицензияны сатып алу
қоршаған ортаны сақтау
өзге де шығындар
(таратып жазу қажет)
Кезең шығыстары,
барлығы
Жалпы әкімшілік
шығыстар, барлығы
Еңбекке ақы төлеу үшін
шығындары барлығы,
оның ішінде:
әкімшілік персоналдың
жалақысы
әлеуметтік салық
банк қызметтері
Амортизация
Техникалық басқару
құралдарын, есептеу
техникаларын ұстауға
және қызмет көрсетуге
жұмсалған шығыстар
және т.б.
Коммуналдық шығындар
Бөгде ұйымдардың
көрсеткен қызметтері
Іссапар шығыстары
Баспасөз басылымға,
байланысуға арналған
өкілдік шығыстар
Еңбекті қорғау және
техникалық қауіпсіздік
Жалпы шаруашылыққа
арналған негізгі
құралдарды жалға алу
Салықтар
өзге де шығыстар
(таратып жазу қажет)
Ұстауға және қызмет
көрсетуге арналған
шығыстар, барлығы
оның ішінде:
жалақы
әлеуметтік салық
квитанцияны ресімдеуге
арналған шығыстар
Қызметтерді өткізуге
байланысты амортизация
(оның ішінде су
өлшегіш)
ағымдағы жөндеу
негізгі қорлар құнының
өсуіне әкелмейтін
күрделі жөндеу
маркетинг қызметтер
өзге де шығындар
(таратып жазу қажет)
сыйақылар төлеуге
арналған шығыстар
Барлық шығыс
Табыс
Барлық табыстар
Көрсетілетін
қызметтердің көлемі
Нормативтік ысыраптар
 
 
 
 
 
 
            Тариф (ҚҚС-сыз)


 
 
 

      мың теңге
 
  -II-
 
  -II-
 
  -II-
-II-
-II-
-II-
-II-
-II-
 
 
 
 
 
          -II- 
-II-
-II-
-II-
-II-
 
  -II-
 
 
 
      -II-
 
  -II-
-II-
 
 
    -II-
-II-
-II-
-II-
 
  -II-
 
 
 
      -II-
 
  -II-
 
 
 
 
        -II-
 
  -II-
-II-
-II-
 
  -II-
 
  -II-
 
  -II-
 
 
    -II-
 
  -II-
-II-
-II-
-II-
 
 
 
 
 
          -II-
-II-
 
  -II-
-II-
 
 
    -II-
 
  -II-
 
 
    -II-
-II-
 
  -II-
 
 
 
      -II-
-II-
-II-
 
  -II-
 
 
 
      -II-
-II-
 
 
    -II-
-II-
 
  -II-
 
  -II-
-II-
-II-
-II-
 
  мың м 3 /
мың теңге,
Гкал мың/
мың теңге,
кВтч/мың
теңге
м 3 /теңге,
Гкал/
теңге,
кВтч/теңге



         Басшысы _____________________________________________
                  (лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)
      М.О
      * - шығындарды қажет болған жағдайда табиғи монополиялар субъектісі кеңейте немесе толықтыра алады, көрсеткіштердің атауы мен өлшем бірлігі ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің түріне сәйкес көрсетіледі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады