Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылу жасауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 9 маусымдағы N 393а Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 16 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4808 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      26. Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылау жасауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 9 маусымдағы № 393 а бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4808 болып тіркелді, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 22 тамыздағы № 128, "Ресми газет" газетінде 2007 жылғы 22 қыркүйектегі № 38 жарияланды).
      .........

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға бақылау жүргізуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Өндірістік емес төлемдер басқармасы (Г.Ә. Смағұлова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің ұйымдастыру-қаржылық қамтамасыз ету басқармасы (Р.Ю. Юсупов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттiгiнiң төрағасы
      2007 жылғы 24 сәуір

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
      реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы
      2007 жылғы 21 мамыр

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
      басқару агенттiгiнiң төрағасы
      2007 жылғы 5 ақпан

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      2007 жылғы 5 маусым

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      2007 жылғы 8 маусым

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
      Соты жанындағы Сот әкiмшілігі
      комитетінiң төрағасы
      2007 жылғы 8 қаңтар

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау
      комитетінiң төрағасы
      2007 жылғы 17 қаңтар

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен
      Жұмыс жөніндегі комитетінiң төрағасы
      2007 жылғы 22 қаңтар

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 17 сәуір

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі
      2007 жылғы 2 наурыз

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрі
      2007 жылғы 19 ақпан

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      2007 жылғы 30 наурыз

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және ақпарат министрі
      2007 жылғы 5 наурыз

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      2007 жылғы 23 сәуір

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      2007 жылғы 6 наурыз

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      2007 жылғы 31 қаңтар

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      2007 жылғы 25 қаңтар

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      2007 жылғы 4 сәуір

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
      2007 жылғы 26 ақпан

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрi
      2007 жылғы 12 ақпан

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрi
      2007 жылғы 14 наурыз

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық ресурстар министрі
      2007 жылғы 9 сәуір

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      2007 жылғы

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық банкінің төрағасы
      2007 жылғы 28 мамыр

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
төрағасының       
2007 жылғы 9 маусымдағы  
N 393а бұйрығымен бекітілген

Уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау
жасауды жүзеге асыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  551-бабына сәйкес әзірленген және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы жөнiндегi мәселелер бойынша уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасауды жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.

      2. Уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасауды жүзеге асырудың мақсаты олардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң дұрыстығы, оларды алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы бойынша функцияны орындауын тексеру болып табылады.

      3. Уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары.

2. Бақылауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері

      4. Тексеру жүргізу (бұдан әрі - тексеру) арқылы уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы органдарға (бұдан әрі - уәкілетті органдар) бақылау жасауды жүзеге асыру үшін негіз болып салық органының бланкісінде ресімделген және мынадай деректемелерді:
      1) салық органында бұйрықты тіркеу нөмірі мен күнін;
      2) бақылауды жүзеге асырушы адамдардың лауазымдарын, аты-жөндерін;
      3) тексерілетін уәкілетті органның толық атауы мен салық тіркеуінің нөмірін;
      4) тексеру тағайындаудың негіздемесін (салық органының тексеру жоспарының, жоғары тұрған салық органы тапсырмасының және басқа да аумақтық салық органдары сұрау салуларының, құқық қорғау органдары қаулыларының және талаптарының негізінде не болмаса салық заңнамасын бұзушылық белгісі бар ақпарат келіп түскен кезде);
      5) тексеру барысында анықталуы тиіс мәселелерді;
      6) тексерілетін кезең мен тексеру жүргізу мерзімін;
      7) бақылауды жүзеге асыруға тартылатын басқа мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары (бұдан әрі - өзге де адамдар) лауазымдарын, аты-жөндерін;
      8) уәкілетті органның бұйрықпен (көшірмесін) танысқаны және алғаны туралы белгісін қамтитын тексеру тағайындау туралы бұйрық (бұдан әрі - бұйрық) табылады.

      5. Бұйрыққа салық органының басшысы (немесе оның орынбасары) қол қоюға тиіс және салық органының мөрімен расталады.

      6. Бұйрық салық органдарында тіркеуден өткен соң, оны Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2005 жылғы 22 желтоқсандағы N 69 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда N 3999 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметіне тексерісті есепке алу бойынша нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң аумақтық басқармаларында тіркеу жүргізіледі.

      7. Бір бұйрықтың негізінде бір ғана уәкілетті органға тексеру жүргізуге болады, бұл ретте аталған тексеру салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір ғана түрі бойынша сияқты бірнешеуі бойынша да жүргізілуі мүмкін.

      8. Бұйрықтарда көрсетілетін тексеру жүргізудің мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған мақсаттарды ескере отырып белгіленеді және бұйрық тіркелген кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Аса күрделі мәселелерді тексеру кезінде салық органының басшысы тексеру жүргізу мерзімін елу жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Аса күрделі мәселелер салық органы басшысының жазбаша негізделген шешімімен расталады және уәкілетті органға тапсырылады.

      9. Тексеру мерзімі ұзартылған және (немесе) бақылауды жүзеге асырушы адамдардың саны өзгертілген және (немесе) тексерілетін кезең өзгертілген жағдайда салық органы бұйрығының бланкісінде мынадай деректемелерді:
      1) салық органында қосымша бұйрықты тіркеу күні мен нөмірін;
      2) тексеруді ұзарту мерзімін;
      3) тексерілетін уәкілетті органның толық атауы және салық тіркеуінің нөмірін;
      4) тексерілетін кезеңді өзгертуді;
      5) бақылауды жүзеге асырушы адамдардың, бақылауды жүзеге асыруға тартылатын өзге де адамдардың санын өзгертуді;
      6) уәкілетті органның қосымша бұйрықпен (көшірмесімен) танысқаны және алғаны туралы белгісін қамтитын қосымша бұйрық ресімделеді.

      10. Тексеру жүргізу мерзімінің барысы салық органының уәкілетті органға құжаттарды беру туралы талаптарды тапсыруы мен уәкілетті органның тексеру жүргізу кезінде сұрау салынатын құжаттарды берген кездегі уақыт арасындағы кезеңдерде, сондай-ақ салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді және құжаттарды алу кезінде тоқтатыла тұрады.

      11. Тексеру мерзімі тоқтатыла тұрған кезде мынадай деректемелерді:
      1) бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабарламаны салық органында тіркеу күні мен нөмірін;
      2) салық органының атауын;
      3) тексерілетін уәкілетті органның толық атауы мен салық тіркеуінің нөмірін;
      4) тоқтатыла тұрған бұйрықтың күні мен тіркеу нөмірін;
      5) бақылауды тоқтата тұру қажеттілігінің негіздемесін;
      6) бақылауды жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабарламаның табыс етілгені және алынғаны туралы белгіні көрсете отырып бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру туралы хабарлама ресімделеді.

      12. Құжаттарды беру туралы салық органының талабы салық органының бланкісінде ресімделеді, сонымен қатар бұйрықты шығарған салық органы басшысының (немесе оның орынбасарының) қолы қойылады және осы талапты орындау және тапсыру күнін көрсетумен уәкілетті органға тапсырылады.

      13. Уәкілетті органның лауазымды адамы тексеру кезінде сұрау салынған құжаттарды беруден бас тартқан немесе оларды көрсетілген мерзімде бермеген жағдайда бақылауды жүзеге асырушы тікелей лауазымды адам талапқа тиісті жазба жасайды.

      14. Тексеру мерзімдері қайта жаңартылған кезде мынадай деректерді:
      1) бақылау жүргізу мерзімдерін қайта жаңарту туралы хабарламаны салық органында тіркеу күні мен нөмірін;
      2) салық органының атауын;
      3) тексерілетін салық органының толық атауы мен салық тіркеуінің нөмірін;
      4) қайта жаңартылатын бұйрықтың күні мен тіркеу нөмірі;
      5) бақылауды қайта жаңарту мерзімін;
      6) бақылауды жүргізу мерзімдерін қайта жаңарту туралы хабарламаны тапсыру және алу күні туралы белгіні көрсете отырып бақылауды жүргізу мерзімдерін қайта жаңарту туралы хабарлама ресімделеді.

      15. Бақылауды жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру және қайта жаңарту туралы хабарламалар салық органы хатының бланкісінде қалыптастырылады және басып шығарылады, сонымен қатар бұйрықты шығарған салық органы басшысының (немесе оның орынбасарының) қолы қойылады және уәкілетті органның лауазымды адамына табыс етіледі.

      16. Бақылауды жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру және қайта жаңарту туралы хабарламалар хабарламаларды тіркеу журналында (1-қосымша) тіркеледі.

      17. Бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру туралы және қайта жаңарту туралы қосымша бұйрықты, хабарламаларды тіркеген соң салық органдары Нұсқаулықтың 13-тармағында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетiнiң аумақтық басқармаларында карточка береді.

      18. Тексерудің тоқтатыла тұрған кезеңі оны жүргізу мерзіміне кірмейді.

      19. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша есептеудiң дұрыстығы, алудың толымдылығы мен уақтылы аударылуы мәселелері бойынша уәкілетті органдарға тексеру жүргізудің кезеңділігі мынадай жағдайларды:
      1) уәкілетті органды қайта ұйымдастыру немесе таратуға байланысты тексеру жүргізуді;
      2) нақты органға қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес кезектен тыс бақылау жүзеге асырылған кезді қоспағанда, жарты жылда бір реттен жиі емес.

      20. Бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру объектісіне келісімен уәкілетті органның лауазымды адамына қызметтік куәлігін көрсетіп бұйрықты (көшірмесін) тапсыруға тиіс.

      21. Уәкілетті органның лауазымды адамы салық органының бұйрығын (көшірмесін) алған кез тексеру жүргізу мерзімінің басталуы болып табылады.

      22. Уәкілетті органның лауазымды адамы салық органы бұйрығының данасына бұйрықпен (көшірмесімен) танысқаны және алғаны туралы белгі қояды. Бұйрықты көрсету фактісін уәкілетті органның лауазымды адамы тиісті күнді көрсетумен қолын қойып куәландырады.

      23. Уәкілетті органның лауазымды адамы бұйрықтың данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам көрсетілген құжаттың соңына: "Бұйрық ұсынылды, қол қоюдан бас тартты" деген жазба жүргізеді.

      24. Уәкілетті органның лауазымды адамы бұйрықты (көшірмесін) алудан бас тартуы тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

      25. Бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тексеру жүргізуі үшін пайдаланылатын аумақтарға немесе уәкілетті органның үй-жайларына (тұрғылықты үй-жайлардан басқа) кіруіне кедергі келтірілген кезде хаттама толтырылады.
      Хаттамаға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және уәкілетті орган қол қояды. Уәкілетті органның лауазымды адамы көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме беруі тиіс.
      Бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бермеген жағдайда, бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам хаттамаға куәгерлердің қатысуымен тиісті жазба жасайды.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес уәкілетті органның аумағына немесе үй-жайына кіру үшін арнайы рұқсат қажет болса, бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарда арнайы рұқсаттар болуы тиіс.

      27. Тексеру аяқталған кезде бақылауды жүзеге асырған лауазымды адам мыналарды:
      1) бақылауды жүзеге асыру орнын, бақылау актісін жасау күнін;
      2) бақылауды жүргізген лауазымды адамдардың лауазымдарын, аты-жөндерін;
      3) бақылауды тағайындау негіздемесін;
      4) уәкілетті органның толық атауын және салық тіркеуінің нөмірін;
      5) тексеру барысында анықталуы тиіс мәселелерді;
      6) уәкілетті органның олардың келісімімен және қатысуымен тексеру жүргізілген лауазымды адамдарының лауазымдарын, аты-жөндерін;
      7) тексеру жүргізу мерзімін;
      8) тексерудің басталған және аяқталған күнін;
      9) тексеруге берілген және берілмеген құжаттардың тізбесін;
      10) уәкілетті орган туралы мәліметтерді (мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы, ұйымдастыру - құқықтық нысаны, мекен-жайы);
      11) алдыңғы бақылаудың нәтижелерін және бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шараларды;
      12) жүргізілген тексерудің жиынтық нәтижесін;
      13) бақылауды жүргізген лауазымды адамдардың және уәкілетті органның ұсыныстары мен ескертулерін;
      14) бақылауды жүзеге асырған және уәкілетті органның лауазымды адамдарының лауазымдарын, аты-жөндерін, қолдарын көрсетумен бақылау актісін жасайды.

      28. Бақылау актісін уәкілетті органға табыс ету күні тексеру жүргізу мерзімінің аяқталуы болып саналады.

      29. Бақылау актісінде тексерумен қамтылған барлық мәліметтер және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып анықталған бұзушылықтың егжей-тегжейлі сипаттамасы толық жете баяндалады.
      Салық заңнамасын бұзушылықтар және бюджетке жеткіліксіз түсу сомаларының бар болуы анықталған кезде бақылау актісі табыс етілген кезден бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде кейіннен төлем құжаттарын қоса бере отырып талаптың орындалуы туралы ақпарат берумен анықталған бұзушылықтарды жою және анықталған жеткіліксіз түсу сомаларының түсуін қамтамасыз ету туралы талап ұсынады.
      Ұсынылған талаптар орындалмаған жағдайда бақылауды жүзеге асырған лауазымды адам тексерілген уәкілетті органның жоғары тұрған органына немесе құқық қорғау органдарына растаушы құжаттарды (бақылау актісі, талап және тағы сол сияқтылар) қоса бере отырып анықталған салық заңнамасын бұзушылықтардың және ұсынылған талаптардың егжей-тегжейлі сипаттамасымен хат жібереді.

      30. Егер тексеру жүргізу аяқталған соң салық заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, бұл туралы бақылау актісінде тиісті жазба жасалады.

      31. Бақылау актісі екі данада жасалады және бақылауды жүзеге асырған және уәкілетті органның лауазымды адамдары қол қояды.

      32. Бақылау актісі нөмірленген, тігілген және салық органының мөрімен бекітілген болуға тиіс бақылау актілерін тіркеу журналында (2-қосымша) тіркеледі.

      33. Бақылау актісінің бір данасы уәкілетті органға табыс етіледі. Бақылау актісін алған кезде уәкілетті органның лауазымды адамы оны алғаны туралы белгі қояды.

      34. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес бақылауды жүзеге асырған лауазымды адам уәкілетті органның лауазымды адамына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.

      35. Бұйрық және бақылау актісі "Салық аудитiне электрондық бақылау" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

                                 Уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы
                                     органдарға бақылау жасауды
                                       жүзеге асыру ережесіне
                                              1-қосымша

       Бақылау жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру туралы және
       қайта жаңарту туралы хабарламаларды тіркеу журналы

Р/с N

Бақылана-
тын уәкілетті органның атауы

СТН

Бақылау
жүргізу
мерзімдерін
тоқтата
тұру немесе
қайта
жаңарту
туралы
хабарлама

Тапсырылды

Тап-
сы-
рыл-
ған
күні

Лауазым-
ды адам-
ның аты-жөні

қолы

қолма-
қол

почтамен

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















                                   Уәкiлеттi және жергiлiктi атқарушы
                                    органдарға бақылау жасауды
                                     жүзеге асыру ережесіне
                                            2-қосымша

           Бақылау актілерін тіркеу журналы

Р/с N

Бақылау актісі-
нің
нөмірі
мен күні
 

Бақыла-
натын
уәкілет-
ті органның атауы

СТН

Тексеру барысында
анықталуы тиіс мәселелер

Анықталған бұзушылықтың сипаттамасы ҚР салық заңнамасының тиісті нормасына сілтеме)

Бюджетке енгізілме- ген (неме-
се уақтылы
енгізілме- ген)
анықталған
сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7















  кестенің жалғасы

Қабылданған шаралар

Ес-
керту

Анықталған бұзушылық-тарды жою бойынша қабылдан- ған өзге де шаралар

Бюджетке енгізілмеген сомалар өндіріп алынды

әкімшілік айыппұл салынды

сомасы, теңге

төлем құжатының нөмірі мен күні

ҚР ӘҚБК
нормасына
сілтеме
жасаумен
сомасы, теңге

төлем
құжатының
нөмірі
мен күні

8

9

10

11

12

13













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады