Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы жыне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 174 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 24 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4828 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 Қаулысымен. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының  45-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын бұдан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы  N 379 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2583 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2003 жылғы 13 желтоқсанда N 358-359 (24298-24299) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 1-4, 905-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  N 396 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3416 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы  N 278 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3854 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 379 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы  N 45 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4612 тіркелген) енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы "почта" деген сөзден кейін "және банктердің" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады