Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-2) және 5-3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е. О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2007 жылғы 27 тамыздағы
N 226-НҚ бұйрығымен бекітілген
Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар
болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің
және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының
басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы
төлеудің шекті деңгейін келісу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
2. Ереже Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің және олармен аффилиирленген тұлғалардың әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін ұсынудың, қарау мен келісудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
3. Ереже жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілеріне және олармен аффилиирленген тұлғаларға (бұдан әрі - Субъект) қолданылады.
4. Осы Ереженің мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) өтінім - Субъектінің уәкілетті органға Субъектілердің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелерін және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейін келісу туралы ресми өтініші (мәлімдемесі);
3) әкімшілік персоналдың басшы қызметкерлері - Субъектінің бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, атқарушы органының мүшесі;
4) еңбекақы төлеудің шекті деңгейі - басшы қызметкердің функционалдық міндеттері мен жауапкершілік деңгейін ескере отырып, оған айына белгіленетін лауазымды жалақының, өндірістің тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға қызметкерлердің қызығушылығын күшейту мақсатында төленетін сыйлықақылар мен ынталандырушы төлемдердің сомасы.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
2. Өтінімді ұсыну тәртібі
5. Субъект өтінімді онда уәкілетті орган бекіткен немесе уәкілетті органмен қабылдаған ақпарат Субектінің персоналдың нормативтік саны өтінімдерін бекіту үшін ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
6. Субъект уәкілетті органға өтінімді осы Ереженің 8-тармағында көзделген қажетті негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, ұсынады.
7. Келісуге Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің бекітілген штат кестесі және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейі ұсынылады.
8. Өтінімге мыналар:
1) Субъектінің ресми бланкісінде ұсынылатын материалдардың тізбесімен ілеспе хат, Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестесіне және оларға еңбекақы төлеудің шекті деңгейіне түсіндірме жазба;
2) әкімшілік персонал бойынша лауазымды жалақыларға (тарифтік ставкаларға) сараланған үстеме ақылар мен үстемелерді, сыйлық беру және өзге де сыйақылар жүйесін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына лауазымды жалақылардың (тарифтік ставкалардың) мөлшерін қоса алғанда, еңбекақы төлеудің нысаны мен жүйесін қамтитын Субъекті қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды ынталандыру туралы Субъекті бекіткен ереже;
3) Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің тізбесі;
4) жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуын және олармен аффилиирленген тұлғаларды растайтын құжат;
5) Субъект бекіткен штат кестесі екі данада;
6) Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейі екі данада;
7) Субъекті бекіткен ұйымдық құрылымы;
8) Уәкілетті орган Субъект персоналдың нормативтік санын бекіту немесе Субъектінің персонал санын бекіту үшін өтінімдерді қарау үшін қабылдау туралы ақпарат уәкілетті органның шешімі көшірмесі;
9) ағымдағы жыл және алдыңғы екі жыл үшін есеп (1-т есебі);
10) еңбекақы төлеу қорын (еңбекақы төлеуге шығыстарды) бекіту туралы шешім қоса беріледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
9. Өтінімге қоса берілетін материалдарға Субъектінің бірінші басшысы не оның алмастыратын тұлға қол қоюға тиіс. Бұл ретте материалдардың әрбір парағына Субъектінің бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.
10. Субъектінің штат кестелері нөмірленуге және мазмұны (тақырыбы) бар, сол жағының жоғарғы бұрышында "Келісілген", ал оң жағының жоғарғы бұрышында "Бекітілген" деген белгісі бар, штат кестесі қабылданған негізгі актінің түрін көрсете отырып, оны қабылдаған күні және мөрмен расталған тіркеу нөмірі бар бірінші парақ болуға тиіс.
11. Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейлері нөмірленуге және мазмұны (тақырыбы) бар, сол жағының жоғарғы бұрышында "Келісілген", ал оң жағының жоғарғы бұрышында "Бекітілген" деген белгісі бар, Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейлері қабылданған негізгі актінің түрін көрсете отырып, оны қабылдаған күні және мөрмен расталған тіркеу нөмірі бар бірінші парақ болуға тиіс.
12. Уәкілетті органмен келісу уәкілетті органның соған уәкілетті лауазымды тұлғасының бұрыштамасымен ресімделеді.
Бұрыштама соған уәкілетті лауазымды тұлға лауазымының атауын, бұрыштама қоятынның жеке қолын, қолдың таратылып жазылуын, күнін және елтаңбалық мөрді қамтиды.
3. Өтінімді қарау тәртібі
13. Уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде берілген материалдардың толықтығын тексереді және Субъектінің өтінімді қарауға алғаны туралы не оны қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
14. Қарауға Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту үшін негіздер:
1) осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды және ақпаратты ұсынбауы немесе толық көлемде ұсынбауы;
2) осы Ереженің 9-тармағының талаптарын бұза отырып құжаттарды ұсыну;
3) шынайы емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну болып табылады.
15. Уәкілетті орган өтінімді уәкілетті органға өтінім түскен күннен бастап отыз күн күнтізбелік ішінде қарайды.
16. Өтінімге берілген материалдарды растау, нақтылау және тексеру үшін уәкілетті орган қосымша ақпаратты сұратуға, сондай-ақ қызметтің осындай түрімен айналысатын Субъектілердің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелеріне және оларға еңбек ақы төлеудің шекті деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізе алады.
17. Қызметтің осындай түрімен айналысатын Субъектілердің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестелеріне және оларға еңбек ақы төлеудің шекті деңгейіне салыстырмалы талдау жүргізу кезінде өтінімді қарау мерзімі салыстырмалы талдау жүргізу кезеңіне, бірақ отыз күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге тоқтатыла тұрады. Уәкілетті орган өтінімді қарау тоқтатыла тұрғаны туралы Субъектіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
18. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлерінің штат кестесінің бір данасын және Субъектінің әкімшілік персоналының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шекті деңгейінің бір данасын қоса бере отырып, келісілгені не келісуден бас тартылғаны туралы бас тарту себептерін көрсете отырып Субъектіні жазбаша хабардар етеді.