Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 қазандағы N 242 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 22 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5004 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі  N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы  N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы  N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы  N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы  N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы  N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы  N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер бойынша есеп айырысудың нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      32-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) заемшылар:
      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы  N 230 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3755 тіркелген) белгіленген оффшорлық аймақтардың (бұдан әрі - оффшорлық аймақ) тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
      Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не
      ірі қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары болып табылатын немесе тіркелген, осы заемшылармен мәмілелер жасасуға мүдделі тұлғалары бар;";

      40-тармақта "коэффициенті" және "айлық мөлшеріне" деген сөздерден кейін "есептелген сыйақыны ескеріп," деген сөздермен толықтырылсын;

      43-тармақтың бірінші абзацы "активтерді қоса алғанда," деген сөздерден кейін "есептелген сыйақыны ескеріп," деген сөздермен толықтырылсын;

      44-тармақта:
      1)-тармақшада "бірінші және екінші санатты күмәнділерінен басқа жіктелген активтер" деген сөздер "қалыптасқан арнайы провизиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3)-тармақшада:
      "заңды тұлға" деген сөздерден кейін "немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "уәкілетті орган белгілеген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізген немесе аталған оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға еншілес ретінде қатысты болып табылатын ұйымдарға қатысы бар мемлекеттердің азаматтарына қойылатын талаптар" деген сөздер "аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44-3-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингінен кем емес рейтингі бар елдердің шетел валюталары мен "Еуро" бойынша жиынтықпен айдың бірінші күнгі жағдай бойынша есептеледі, әрі оның өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшері банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшерінің 1% кем емес құрайды.";
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша ағымдағы, қысқа мерзімді және орта мерзімді өтімділік коэффициенттері айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, әрі оның өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшері банктің өткен есепті айдағы міндеттемелерінің орта мерзімді мөлшерінің 1% кем емес құрайды.";

      1-қосымшада:
      Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 80-3, 83-1, 84-1, 88-1-жолдармен толықтырылсын:
"

80-3

Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің
аумағында тіркелген заңды тұлғалары немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген заемдар:
      1) Андорра Княздығы;
      2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;
      3) Багам аралдары Достастығы;
      4) Барбадос Мемлекеті;
      5) Бахрейн Мемлекеті;
      6) Белиз Мемлекеті;
      7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;
      8) Вануату Республикасы;
      9) Гватемала Республикасы;
      10) Гренада Мемлекеті;
      11) Джибути Республикасы;
      12) Доминика Республикасы;
      13) Индонезия Республикасы;
      14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      15) Кипр Республикасы;
      16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
      17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары;
      18) Коста-Рика Республикасы;
      19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
      20) Либерия Республикасы;
      21) Лихтенштейн Княздығы;
      22) Маврикий Республикасы;
      23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      24) Мальдив Республикасы;
      25) Мальта Республикасы;
      26) Маршалл аралдары Республикасы;
      27) Монако Княздығы;
      28) Мьянма Одағы;
      29) Науру Республикасы;
      30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
      31) Нигерия Федеративтік Республикасы;
      32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
      33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
      34) Палау Республикасы;
      35) Панама Республикасы;
      36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
      37) Сейшель аралдары Республикасы;
      38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;
      39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
      40) Сент-Люсия Мемлекеті;
      41)ӨҰлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
      Ангилья аралдары;
      Бермуд аралдары;
      Британдық Виргин аралдары;
      Гибралтар;
      Кайман аралдары;
      Монтсеррат аралы;
      Теркс және Кайкос аралдары;
      Мэн аралы;
      Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
      42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
      43) Тонга Корольдігі;
      44) Филиппин Республикасы;
      45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы
 

   200

                                                       ";
"

83-1

Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарындағы салымдар:
      1) Андорра Княздығы;
      2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;
      3) Багам аралдары Достастығы;
      4) Барбадос Мемлекеті;
      5) Бахрейн Мемлекеті;
      6) Белиз Мемлекеті;
      7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;
      8) Вануату Республикасы;
      9) Гватемала Республикасы;
      10) Гренада Мемлекеті;
      11) Джибути Республикасы;
      12) Доминика Республикасы;
      13) Индонезия Республикасы;
      14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      15) Кипр Республикасы;
      16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
      17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары;
      18) Коста-Рика Республикасы;
      19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
      20) Либерия Республикасы;
      21) Лихтенштейн Княздығы;
      22) Маврикий Республикасы;
      23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      24) Мальдив Республикасы;
      25) Мальта Республикасы;
      26) Маршалл аралдары Республикасы;
      27) Монако Княздығы;
      28) Мьянма Одағы;
      29) Науру Республикасы;
      30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
      31) Нигерия Федеративтік Республикасы;
      32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
      33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
      34) Палау Республикасы;
      35) Панама Республикасы;
      36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
      37) Сейшель аралдары Республикасы;
      38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;
      39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
      40) Сент-Люсия Мемлекеті;
      41) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
      Ангилья аралдары;
      Бермуд аралдары;
      Британдық Виргин аралдары;
      Гибралтар;
      Кайман аралдары;
      Монтсеррат аралы;
      Теркс және Кайкос аралдары;
      Мэн аралы;
      Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
      42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
      43) Тонга Корольдігі;
      44) Филиппин Республикасы;
      45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

200

                                                      ";
"

84-1

Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарының дебиторлық берешегі:
      1) Андорра Княздығы;
      2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;
      3) Багам аралдары Достастығы;
      4) Барбадос Мемлекеті;
      5) Бахрейн Мемлекеті;
      6) Белиз Мемлекеті;
      7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;
      8) Вануату Республикасы;
      9) Гватемала Республикасы;
      10) Гренада Мемлекеті;
      11) Джибути Республикасы;
      12) Доминика Республикасы;
      13) Индонезия Республикасы;
      14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      15) Кипр Республикасы;
      16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
      17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары;
      18) Коста-Рика Республикасы;
      19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
      20) Либерия Республикасы;
      21) Лихтенштейн Княздығы;
      22) Маврикий Республикасы;
      23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      24) Мальдив Республикасы;
      25) Мальта Республикасы;
      26) Маршалл аралдары Республикасы;
      27) Монако Княздығы;
      28) Мьянма Одағы;
      29) Науру Республикасы;
      30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
      31) Нигерия Федеративтік Республикасы;
      32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
      33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
      34) Палау Республикасы;
      35) Панама Республикасы;
      36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
      37) Сейшель аралдары Республикасы;
      38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;
      39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
      40) Сент-Люсия Мемлекеті;
      41) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
      Ангилья аралдары;
      Бермуд аралдары;
      Британдық Виргин аралдары;
      Гибралтар;
      Кайман аралдары;
      Монтсеррат аралы;
      Теркс және Кайкос аралдары;
      Мэн аралы;
      Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
      42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
      43) Тонга Корольдігі;
      44) Филиппин Республикасы;
      45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

200

                                                       ";

88-1

Төменде көрсетілген шетел мемлекеттерінің
аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
      1) Андорра Княздығы;
      2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;
      3) Багам аралдары Достастығы;
      4) Барбадос Мемлекеті;
      5) Бахрейн Мемлекеті;
      6) Белиз Мемлекеті;
      7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;
      8) Вануату Республикасы;
      9) Гватемала Республикасы;
      10) Гренада Мемлекеті;
      11) Джибути Республикасы;
      12) Доминика Республикасы;
      13) Индонезия Республикасы;
      14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      15) Кипр Республикасы;
      16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана);
      17) Ислам Федеральдық Республикасы Комор аралдары;
      18) Коста-Рика Республикасы;
      19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
      20) Либерия Республикасы;
      21) Лихтенштейн Княздыгы;
      22) Маврикий Республикасы;
      23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
      24) Мальдив Республикасы;
      25) Мальта Республикасы;
      26) Маршалл аралдары Республикасы;
      27) Монако Княздығы;
      28) Мьянма Одағы;
      29) Науру Республикасы;
      30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде гана);
      31) Нигерия Федеративтік Республикасы;
      32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
      33) Біріккен Араб Әмірлігі (Дубай қаласының аумағы бөлігінде ғана);
      34) Палау Республикасы;
      35) Панама Республикасы;
      36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
      37) Сейшель аралдары Республикасы;
      38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;
      39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
      40) Сент-Люсия Мемлекеті;
      41) Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):
      Ангилья аралдары;
      Бермуд аралдары;
      Британдық Виргин аралдары;
      Гибралтар;
      Кайман аралдары;
      Монтсеррат аралы;
      Теркс және Кайкос аралдары;
      Мэн аралы;
      Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
      42)  Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
      43) Тонга Корольдігі;
      44) Филиппин Республикасы;
      45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

200

                                                      ";

      Банктің салымдық тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің есебіне түсіндірмеде:
      4-тармақтың 2) тармақшасында:
      "тіркелген заңды тұлғалар" деген сөздерден кейін "немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары" деген сөздермен толықтырылсын;
      "немесе уәкілетті орган белгілеген оффшорлық аймақ тізбесіне енгізілген мемлекеттер азаматтарына қойылатын талаптардан басқа не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-қосымшада:
      Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
      "Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру
            кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме
      Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге (клиенттердің талаптарын орындайды) құқылы. 1-жолға банктің осы Ережеде көрсетілген талап ету бойынша жоғарғы өтімді активтер мен міндеттемелердің көлеміне есепке алынған активтері мен міндеттемелері жазылады. Қалыптасқан арнайы провизияларды шегергенде активтер мен шартты міндеттемелер алынады. Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы "Жиынтығы" бағанда жазылып, банк балансының деректерімен 12 салыстырылады. Баланс бойынша активтердің жиынтық жолымен "Активтер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен "Міндеттемелер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша пайда болған алшақтық қалыптасқан арнайы провизиялардың және қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.";

      9-қосымшада:
      Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
        "Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің
    мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме
      Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде шетел валютасындағы әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы (клиенттердің талаптарын орындайды). 1-жолға Нұсқаулықтың 41 және 42-тармақтарында көзделген жоғары өтімді активтер мен талап ету бойынша міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің шетел валютасындағы активтері мен міндеттемелері жатады. Активтер мен шартты міндеттемелер, шетел валютасында жіктелген активтер мен жіктелген шартты міндеттемелерге құрылған, қалыптасқан арнайы провизияларды шегеріп, алынады.
      1-7-жолдар толтырылады, оның ішінде жеке шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) мынадай валюталары бөлігінде:
      Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында, және "Еуро" валютасында;
      Standard & Рооr's агенттігінің "В"-дан "А"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасында;
      Standard & Рооr's агенттігінің "В"-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар елдердің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және сәйкес рейтинг бағасы жоқ елдердің шетел валютасында.
      Активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу жиынтығы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы 7-жолдағы "Жиынтыққа" жазылады. Баланс бойынша активтердің жиынтық жолымен "Шетел валютасындағы активтер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің ұлттық валютадағы активтері мен шетел валютасындағы қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс 13 бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен "Шетел валютасындағы міндеттемелер" бағанындағы "Жиынтығы" жолы бойынша пайда болған алшақтық қалыптасқан арнайы провизиялардың, ұлттық валютадағы міндеттемелердің және шетел валютасындағы қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.";

      10-қосымшада:
      Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін
           салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірме
      Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру кезінде ұлттық валютадағы әрбір актив (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады, ол мерзім аяқталғаннан кейін банк дебиторлар мен корреспонденттердің міндеттемелерін орындауын талап етуге құқылы (клиенттердің талаптарын орындайды). 1-жолға осы Нұсқаулықта тізбеленген жоғары өтімді активтер мен талап ету бойынша міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің ұлттық валютадағы активтері мен міндеттемелері жатады. Активтер мен шартты міндеттемелер, ұлттық валютада жіктелген активтер мен жіктелген шартты міндеттемелерге құрылған, қалыптасқан арнайы провизияларды шегеріп, алынады.
      Активтер, міндеттемелер және ықтимал (шартты) міндеттемелер бағандары бойынша 1-ден 5-жолға дейінгі деректер өсу қорытындысы бойынша толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомасы 7-жолдағы "Қорытындыға" жазылады, ол банк балансының деректерімен салыстырылады. Баланс бойынша активтердің қорытынды жолымен "Ұлттық валютамен активтер" бағанындағы "Қорытынды" жолы бойынша пайда болған алшақтық банктің шетел валютасындағы активтері мен ұлттық валютадағы қаржылық емес активтерінің сомасына сәйкес келеді. Баланс бойынша міндеттемелердің жиынтық жолымен "Ұлттық валютамен міндеттемелер" бағанындағы "Қорытынды" жолы бойынша пайда болған алшақтық қалыптасқан арнайы провизиялардың, шетел валютасындағы міндеттемелердің және ұлттық валютадағы қаржылық емес міндеттемелердің сомасына сәйкес келеді.";

      11-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 1-қосымшасының Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесіне енгізілетін толықтыруларды және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының қосымшасын қоспағанда, оның нормалары 2007 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                     реттеу мен қадағалау агенттігі
                                       Басқармасының 2007 жылғы
                                     24 қазандағы N 242 қаулысына
                                                қосымша

                                   "Екінші деңгейдегі банктер үшін
                                   пруденциалдық нормативтер бойынша
                                   есеп айырысудың нормативтік мәні
                                   мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа
                                               11-қосымша

   Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы
       міндеттемелеріне банктерді капиталдандырудың
              коэффиценттер кестесі (k8, k9)

N

Банктердің жеке капиталы

Коэффициенттердің барынша жоғары
нормативтік мәні

k8

k9

1.

200 миллиард теңгеге дейін қоса алғанда

2

4

2.

200 миллиард теңгеден астам

2,5

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады