"Лейшманиоздың алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 16 қарашадағы N 671 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5023 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармақшасына, 7-1 бабының 4-тармақшасына және 24-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған "Лейшманиоздың алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекiтiлсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары:
      1) медицина ұйымдарынан лейшманиозбен ауыратындарды уақтылы тіркеуді, есепке алуды, диагностикалауды, емдеуге жатқызуды, емдеуді, емделіп шыққан адамдарды диспансерлеуді және лейшманиоз ауруымен ауырған жағдайда жедел хабарлауды талап етсін;
      2) лейшманиоз мәселелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және дерматовенерологиялық қызмет мамандарының қатысуымен медициналық кадрларды жүйелі түрде даярлау жүргізсін;
      3) лейшманиоз бойынша эндемиялық аумаққа баратын азаматтарға жеке басының профилактикасы шаралары туралы консультация көрсетсін;

      3. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары:
      1) лейшманиоздарды емдеу үшін дәрілік препараттарының таусылмас қорын құрсын;
      2) лейшманиозбен ауыратындарды ерте белсенді анықтауды қамтамасыз етсін.

      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің (басқармаларының) басшылары:
      1) лейшманиоздармен күресу және алдын алу санитарлық-індетке қарсы іс-шараларының орындалуын бақылауды күшейтсін;
      2) өзінің қызметіне байланысты лейшманиоздың табиғи ошақтарында тұрған ұйымдарды есепке алуды, оларға аумақтың қауіптілігі туралы хабарлауды және жеке басының профилактикасы шараларын үйретуді қамтамасыз етсін;
      3) лейшманиоздың алдын алу бойынша халық арасында жүйелі түрде санитарлық-ағарту жұмысы жүргізсін.

      5. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерінің (басқармаларының) басшылары:
      1) халықтың арасында лейшманиозбен сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған алдын-алу іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлесін;
      2) лейшманиоз ошақтарында кешенді тексерулер ұйымдастырсын және санитарлық-індетке қарсы (алдын-алу) іс-шараларын өткізсін;
      3) эндемиялық аумақтарда елді мекендерді аудандарға бөлу арқылы лейшманиоз ошақтарын үлгілеуді жүргізсін;
      4) үлкен құмтышқан мен үнсіз масалармен күресу жөніндегі іс-шаралар мен энтомологиялық-зоологиялық мониторингін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Ж.М. Мұхаметжанов) бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      9. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрі 
міндетін атқарушының   
2007 жылғы 16 қарашадағы 
N 671 бұйрығымен бекітілген

"Лейшманиоздың алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы
(профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары 1. Жалпы ережелер

      1.«Лейшманиоздың алдын алу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан әрі - санитарлық ереже) лейшманиоздарды болдырмауға бағытталған кешенді санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларын анықтайды.

      2. Осы санитарлық ереже жеке және заңды тұлғалармен міндетті түрде орындалуы тиіс.

      3. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) лейшманиоздар (висцериальды және тері зоонозды) - адамдар мен жануарлардың табиғи ошақтық трансмиссиялық паразитарлы ауруы;
      2)  Leishmania  тектес қарапайымдылар  лейшманиоздардың қоздырғыштары;
      3)  Rhlebotomus  тектес үнсіз масалар (қосқанатты қансорғыш жәндіктер)   - лейшманиоздарды тасымалдаушы;
      4)  Rhombomys opimus  үлкен құмтышқан  лейшманийдың табиғи ошақтардағы негізгі таратушы.

  2. Емдеу - профилактикалық іс-шаралары

      4. Тері лейшманиозы жағдайында емдеу-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру-әдістемелеу басшылғын және оны мүдделі ұйымдармен басқаруды тері-венерологиялық диспансерлері, емдеу-профилактикалық ұйымдардың тиісті бөлімшелері; висцериальды лейшманиоз жағдайында - аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі және емханалардағы тиісті кабинеттері жүзеге асырады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және басқа да мүдделі ведомстволармен бірге жұмыстар жүргізуі тиіс.

      5. Лейшманиоздың барлық жағдайлары медициналық ұйымдарда және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарында міндетті түрде есепке алуға жатады.

      6. Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 2412 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу ережесін және Қазақстан Республикасындағы тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 479 бұйрығына сәйкес медицина ұйымдары лейшманиоз жағдайына және осы ауруға күдіктілер болғанда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі органдарына белгіленген тәртіппен жедел хабарлама беруі тиіс. V095908

      7. Лейшманиозбен ауыратындарды анықтауды медициналық көмекке жүгіну кезінде медициналық ұйымдар, эпидемиялогиялық көрсеткіш жағдайында аулаларды аралау, егістік қостарға бару арқылы жүзеге асыруы тиіс.

      8. Эндемиялық аймақтарда жүйелі түрде отбасылық тізім негізінде шілде айынан қазан айы аяқталғанша аптасына кем дегенде 2 рет және қараша-желтоқсан айларында айына бір рет аралап тұруы керек.

      9. Барлық лейшманиозбен ауырғандар стационарлық жағдайда емделуі тиіс. Лейшманиоздың терідегі түрімен ауырғандар терівенерологиялық стационарларында, ал висцеральды түрдегі - жұқпалы аурулар ауруханасында емделуі тиіс.

      10. Клиникалық диагноз зертханалы құпталады. Висцеральды лейшманиоз жағдайында сүйек миының пунктатын немесе Романовский әдісімен боялған лимфоузелді микроскоппен қарайды, тері лейшманиозында жарылмаған төмпешіктен немесе жараның шеткі инфильтратынан материал алынады. Диагностикалаудың қосымша әдісі комплементке байланыстыру реакциясы болып табылады.

      11. Лейшманиоздың теріде кездескен түрімен ауырғандарды диспансерлік бақылау - 1 жыл бойы, ал висцериальдық түрде - 2 жыл бойы жүргізіледі. Лейшманиозбен ауырғандарды медициналық тексеру жиілігі және зертханалық тексерісті тағайындау ауырған адамның жағдайына байланысты дәрігермен белгіленеді.

  3. Санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шаралары

      12. Лейшманиоздың табиғи ошақтары аумағында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары төмендегідей іс-шараларды:
      1) лейшманиоз жұқтырған адамдар тіркелген жағдайда санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды уақтылы ұйымдастыруын мен жүргізуін;
      2) паразитологпен (эпидемиолог) және энтомологпен (эпидемиологтың көмекшісімен) лейшманиоз ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізуін, "Жұқпалы ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасына" (N 328/у нысан) эпидемиологиялық тексерістің қорытындысы енуін;
      3) медициналық ұйымдардың жедел хабарламаны уақытында және толық беруін, емдеу-диагностикалық іс-шаралардың орындалуын, ауырып тұрған адамдарды диспансерлік байқауға алуын;
      4) табиғи ошақтары аумағында иррагациялық жүйесінің құрылысын жобалауға, жүргізуге, пайдалануға және жаңа жерлерді игеруге ағымдағы және ескертпе мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауын;
      5) лейшманиоздың табиғи ошақтары аумағында елді мекендерді тазалау коммунальды қызметтің жұмысын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін күшейтуін;
      6) бос жерлерді игерудегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау кезінде лейшманиоз бойынша эпизоотиялық-эпидемиологиялық ахуалға болжам жасауын және бағалауын;
      7) лейшманиоздың эпидемиялық жағынан белсенді аумақтарына жұмысы байланысты қауіпті топтардың арасында (геологтар, археологтар, құрылысшылар, кезеңдік және вахталық жұмысшылар, қойшылар және олардың отбасы мүшелері) алдын алу іс-шараларды ұйымдастыруын;
      8) лейшманиоздың табиғи ошақтары аумағында орналасқан барлық елді мекендердің аумақтарына, мал қораларына, мал шаруашылығының үй-жайларына санитарлық тазалау және көркейту жұмыстарының жүргізілуін;
      9) лейшманиоз бойынша эндемиялық табиғи ошағы аумағында тұрғындар, репеллентермен, пологтармен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін;
      10) үнсіз масалардың тектес құрамын зерделеу, табиғаттағы және елді мекендердегі олардың маусымдық санын, басым келетін түрлерінің фенологиясын, антропофильді түрлерінің болуын, олардың биологиялық ерекшеліктерін бақылауын;
      11) үнсіз масаларға қарсы олардың ұрық тастаған орындарында және үй-жайларда жүргізілген өңдеуді жүргізуін және ұйымдастыруын бақылау; үнсіз масалармен күрес жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринарлық препараттардың мемлекеттік тізімінде тіркелген инсектицидтік заттар пайдаланылуын;
      12) лейшманиозға қарсы жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бақылауын және бағалауын жүзеге асыруы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады