Павлодар қаласының кәріз жүйесін іске қосу қағидасы туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 11 қазандағы N 1255/21 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 13 қарашада N 95 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 1128/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 1128/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 22, 33 тарауларына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 56, 66, 72 баптарына сәйкес, қалалық кәріздік  жүйені іске қосу және жұмысты жақсарту, қоршаған ортаға кері әсер ететін тазартылмаған  өндірістік ағынды сулар төгіндісін болдырмау мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласының кәріз жүйесін іске қосу қағидасы (бұдан әрі - қағида) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. У. Кәменовке жүктелсін.

      Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Ертіс бассейнді су шаруашылық
      басқармасы бастығы орынбасарының
      міндетін атқарушы  К. Адаспаева

      Павлодар облыстық қоршаған
      ортаны қорғау аумақтық
      басқармасының бастығы В. Бедненко

      КЕЛІСІЛДІ:
      Павлодар қаласы
      бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      басқармасының бастығы  қ. Сәкиев

Павлодар қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 қазан  
"Павлодар қаласының кәріз
жүйесін іске қосу қағидасы
туралы" N 1255/21 қаулысымен
бекітілді   

Павлодар қаласының кәріз
жүйесін іске қосу
қағидасы

1. Жалпы ереже

      1. Осы қағида өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар төгіндісін қалалық кәрізге қабылдауды ұйымдастыру тәртібін анықтайды және су шаруашылығы ұйымы мен су құбыры - кәріздік қызметінің тұтынушылар арасындағы (бұдан әрі - Абоненттер) өз ара қатынастарын реттейді.
      2. Осы қағида Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экология кодексінің, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің, құрылыс нормалары мен қағидалары 2.04.03-85 жылғы«"Кәріз. Сыртқы желілер және имараттар", 2004 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі міндетін атқарушының №N 506 бұйрығымен бекітілген«Су бетін ластаудан қорғау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптар нормалары мен санитарлық-эпидемиологиялық қағидалары, Қазақстан Республикасының ҚБҚ 1.04.-11-2002«"Елді мекендердің кәріз жүйесіне ағынды суларды қабылдау Ережесі" негізінде әзірленген.
      3. Осы қағида қалалық кәрізге қабылданатын ағынды сулардың кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, олардың меншіктік нысандарына, ұйымдық-құқықтық нысандарына, ведомстволық бағыныштылығына тәуелді болмайтын жеке кәсіпкерлер үшін міндетті болып табылады.
      4. Қағидада қалалық кәріз жүйесіне қаланың ағынды суларымен қоса Абоненттердің төгетін ағынды суларын біріктіріп, тазартып бұруға арналған ағынды суларының құрамы мен мөлшеріне талап қойылған.
      5. Осы қағидаларда мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
      1) Абонент - қалалық су құбыры - кәріз жүйесіне қосылған желісі арқылы суқұбыры - кәріз қызметі көрсетілетін заңды тұлға және кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар;
      2) су шаруашылық ұйымы - суды өндіру, жеткізу, реттеу, суды дайындау, ағынды суды бөлу және су объектілерін іске қосу қызметімен байланыстағы заңды тұлға;
      3) үй ішілік кәрізі - ағынды суларды ғимараттан тыс сыртқы кәріздік желіге тартуға арналған ағынды су суқұбырлар жүйесі;
      4) ішкі кварталдық кәріз желісі - квартал айналасында салынған желі;
      5) бас коллектор - аудандық сорғы станцияларынан және жинаушы коллекторлардан ағынды суларды жинайтын суқұбыры;
      6) аула кәріздік желісі - меншікті үйлерді ішкі кварталдық немесе көше кәріз жүйесіне қосуға арналған суқұбыры;
      7) жаңбыр қабылдағыш - жаңбыр суларын қабылдауға және бөлуге арналған кәріз желісіне имарат;
      8) су объектілерінің ластануы - су объектілерінің сапалық жағдайын төмендететін және қолдануын қыйындататын ластайтын заттектер мен заттардың су объектілеріне түсуі немесе төгілуі;
      9) ағынды сулардың жаппай төгіндісі - ластайтын заттектердің шоғырланып (Абонеттердің шектеуі болуы мүмкін концентрациясының өсуі) және (немесе) шығынның оқыс  көбеюімен ағынды сулардың кәрізге қысқа мерзімдік түсуі;
      10) кәріздік шығу - имараттан бірінші аулалық құдыққа немесе ішкі кварталдық желіге дейінгі суқұбыры;
      11) бақылау құдығы - көше кәріз жүйесіне қосу алдындағы Абонентердің ағынды суларының сапасын бақылау және сынама алуға арналған жері болып табылатын ведомстволық желілердің соңғы құдығы; сынама алу және сапасына бақылау жасау ағынды суларды бөлу бойынша қызмет көрсетуді жабдықтайтын қызметпен жүзеге асырылады;
      12) ағынды сулардың бірқалыпты емес шығынының коэффициенті - белгіленген уақыт аралығында анықталған ағынды сулардың орташа шығынына қарағандағы ең төмен немесе ең жоғары қатынасы;
      13) кәріз желісінің толтырылу коэффициенті - өз бетінше ағатын құбырдағы немесе арнадағы су қабаты тереңдігінің кәріз желісінің есептеу нүктесіндегі не болмаса диаметріне қатынасы;
      14) кәріздік коллектор - ағынды суларды жинауға және тартуға арналған кәріз желісінің сыртқы суқұбыры;
      15) нөсерөткізгіш - ағынды сулар қабылдағышына жаңбыр суының артығын тартуға арналған кәріз тежелісіндегі имарат;
      16) нөсертартқыш - ағынды сулар қабылдағыштағы жаңбыр суын тартуға арналған суқұбыры;
      17) сыртқы кәріз желісі - тұтынушылардан (Абоненттерден) ағынды суларды тартатын тармақталған жер асты суқұбырлары мен арналар желісі;
      18) ағынды сулардың су тарту нормасы - бір тұтынушыдан немесе шығарылатын өнімнің шығымдылығына қатысты алынған уақыт аралығындағы ағынды сулардың көлемі;
      19) тазарту имараты - қалдықтарды өндеу және ағынды суларды тазартуға арналған имарат;
      20) өндірістік ағынды сулар - әр саладағы кәсіпорындардың өндірістік технологиялық үрдісінен пайда болған ағынды сулар;
      21) топтама - су ағындысы қозғалысына кедергінің көбею салдарынан желідегі ағынды сулар деңгейінің суқұбыр желісіндегі қимадан 75 пайыз жоғары болуы;
      22) СБАЗ - су беті активті заттектер;
      23) ШБМК - шектеуі болуы мүмкін концентрация;
      24) ШБМТ - шектеуі болуы мүмкін төгінді;
      25) ШБМЗҒ - шектеуі болуы мүмкін зиянды әсерлер;
      26) ағынды сулардың шығыны - кәріз имараты мен желіні есептеуге арналған, уақыт аралығын сақтап ағатын, ағынды сулардың көлемі;
      27) кәріз жүйесі - арнайы құбырлар желісі және коллекторлар (арналар) бар, елді мекен аумағынан немесе оның бөлігінен ағынды суларды жинауға арналған имарат жиынтығы;
      28) жинаушы коллектор - белгіленген ауданнан ағынды суларды жинап, оны бас коллекторға өзіндік ағынмен жеткізетін суқұбырлары;
      29) ағынды суларды тазартуға арналған жергілікті тазарту имараты - қалдықтары анаэробтық ашытылып, тұндырылған ағынды суларының механикалық тазартылуына арналған имарат;
      30) субабонент - су шаруашылық ұйымы Абонентінің кәріз желісіне ағынды суларды төгіп, Абоненттің су қабылдағыш тежелісінен су алатын заңды және жеке тұлғалар;
      31) ССБАЗ - синтетикалық су беті активті заттектер;
      32) көше кәріз желісі - жағалауға, қиылыстарға, көше бойымен салынған суқұбырлары;
      33) шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар - қаланың тұрғындары мен кәсіпорындарының шаруашылық-тұрмыстық қызметі үрдісінде пайда болатын ағынды сулар;
      34) шартты - таза су - өндірістің сумен қамту жүйелерінде сапасы косымша тазартуды қажет етпейтін, қолдануға жарамды ағынды сулар;
      35) тәуелсіз зертхана - стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен аккредиттелген немесе аттестатталған зертхана.

2. Павлодар қаласының кәріз жүйесін іске қосу жағдайы

      6. Павлодар қаласының кәріз жүйесіне шаруашылық тұрмыстық ағынды сулар қабылданады. қалалық кәріз желісіне өндірістік ағынды суларды төгуге қалалық тазарту имаратын іске қосатын су шаруашылығы ұйымының келісімі бойынша, төгілген ағынды сулардың құрамы кәріздік желілер мен имарат жңмысына кедергі жасамай, іске қосу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және құрамында өндірістік және қадағалаушы органның зертханаларында заттектерді анықтайтын әдістемесі болмаған жағдайда және ағынды суларды төгуге техникалық жағдайы болған жағдайда рұқсат беріледі.
      7. Су объектілерінің жағдайына ықпал жасайтын кәсіпорындардың және басқа да имараттардың құрылысы, қайта жаңартылуы, іске қосуға берілуі, тоқтатылуы, жойылуы қоршаған ортаны қорғау аясында Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының мемлекеттік сараптамасының, жер қойнауын қорғау және пайдалану бойынша уәкілетті органның, тұрғындардың санитарлық -эпидемиологиялық жағдайы аясында уәкілетті органы мен өнеркәсіптік қауіпсіздігі аясында уәкілетті органының қорытындысы берілген жағдайда жүзеге асырылады.
      8. Суларды ластаудан және лайлаудан, зиянды ықпалдан қорғайтын құрылғылармен және имараттармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ, ағынды суларды және суды тұтынуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңартылған объектілеріді іске қосуға тыйым салынады.
      9. Тұрмыстық ағынды сулармен бірге тартылатын және тазартылатын өндірістік ағынды сулардың құрамында мынадай заттар болмауы тиіс:
      1) кәріз жүйесіндегі желілер мен имараттарда улы газдары және жарылғыш қаупі бар қышқылдар, жанғыш қоспалар, еріткіштер заттектер;
      2) құбырларды, құдықтарды, торларды ластайтын немесе құбырлардың, құдықтардың, торлардың қабырғаларында қалыптасатын (қақ, әк, құм, гипс, металды киындылар және басқалар) заттектер;
      3) кәріз имаратының элементтеріне және құбыр материалына, бұзу ықпалын тигізетін, заттектер;
      4) ластайтын бактериалды қауіпті заттектер;
      5) ерімейтін майлар, сондай-ақ, шайыр, мазут;
      6) биологиялық қиын қышқылданатын органикалық заттектер;
      7) биологиялық қатты БАЗ;
      8) концентрациясы 500 мг/дм3 тен асатын өлшенген заттектер;
      9) шаруашылық ауыз су, мәдени-тұрмыстық және балық шаруашылығына арналған су объектілерінің суында ШБМК қойылмаған заттектер;
      10) шығыны мен құрамы су объектілеріне түсетін, ШБМК нормативтерімен реттелген ластайтын заттектердің мөлшерінің өсуіне қкелетін ағынды сулары;
      11) шоғырландырылған өзекті және кубтық ерітінділері;
      12) шартты-таза деп анықталатын, өндірістік үрдісте ластанбаған, өндірістік ағынды сулары;
      13) жердің қатты қабығы, құрылыстық және тұрмыстық қоқыс, сол сияқты өндірістік және шаруашылық қалдықтары;
      14) кәріз жүйесінің толық бөлшектенген жағдайдағы кәрізді сулары және өндірістік алаңқай аумағынан (жаңбырдың, еріген қардың және құйылған, себілген сулар) жиналатын  сулары;
      15) құрамында әр кезеңде ыдырайтын радионуклидтері бар ағынды сулар;
      16) құрамында қысқа тіршіліктік радионуклидтері бар ағынды сулар. Кәсіпорындар оларды ыдырау кезінде арнайы, сенімді кауіпсіздік беретін, сыйымдылықта ұстау керек.
      10. Өндірістік ағынды сулардың жаппай төгіндісін жүргізуге тыйым салынады.
      11. Павлодар қаласының кәріз жүйесіне Абоненттердің өндірістік ағынды суларымен түсетін ластанушы заттектердің шектеуі мүмкін болатын концентрациясы, су шаруашылығы ұйымына білікті органдармен табиғатты пайдалануға берілген рұқсатында белгіленген ШБМК дейін ағынды суларды тазарту шаралары сақталған, қалалық тазарту имаратының мүмкіндігі ескеріліп, есептелген концентрацияға сәйкес болуы қажет.
      12. құрамдас бөліктерінің концентрациясы (ШБМК) Абоненттермен, жеке жағдайлары ескеріліп, шарт жасасқанда белгіленеді:
      1) Павлодар қаласының кәріз жүйесіне түсетін Абоненттердің шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік ағынды сулары көлемінің ара қатынасы;
      2) Абоненттің су шаруашылық паспорты;
      3) қалалық тазарту имараттарында ағынды сулардан ластанғыш заттектерді кетіру тиімділігі мен техникалық мүмкіншілігі.
      13. Уәкілетті орган құрамдас бөліктерінің шоғырлануы мен құрамына (ШБМК, өзгерістер) өзгертулер енгізген жағдайда, Абонент ол туралы өзгеріс енгізілген кезеңнен бастап он күн ішінде құлақтандырылады.
      14. Ластаушы заттектердің ШБМК жеткізу мақсатымен таза, шартты таза немесе басқа сулармен араластыруға тыйым салынады.
      15. Қалалық кәріз жүйесінде, ыдырауы салдарынан өзара қатынасы улы немесе жарылыс қаупін тудыратын газдардың, эмульсияның, сол сияқты көп мөлшерде ерімейтін заттектердің (мысалы, қңрамында магний немесе кальций тұзы, сілті ерітінділері, сода бар ағынды сулар және құрамында көп мөлшерде хлор, фенол, сілтілер бар қышқыл сулар) қалыптасуына, ағынды сулардың бірігуіне жол беруге болмайды.
      16. Өндірістік ағынды суларының қалалық кәріз жүйесіне төгілуі, желілерді шектеу сызбасына сәйкес, міндетті түрде бақылау құдығы орнатылып, өзіндік ағытқыштармен жүзеге асырылуы тиіс. Бақылау құдықтары Абонентпен орнатылады және пайдаланылады.
      17. Кәріздік бақылау құдығы, Абонентпен тапсырылған, сыртқы кәріз желісінің атқарушы құжаттамасына сәйкес, су шаруашылығы ұйымы мен Абонент өкілінің қолы қойылған акті жасалып, анықталады. Бақылау құдығын анықтау туралы актіге қол қоюдан бас тартылған жағдайда, Абонент желілеріндегі кәріздің көше желісіне қосылуынан бұрынғы соңғы құдық бақылау құдығы болып саналады.
      18. Бақылау құдығы астаумен, жеңіл қақпақпен, химиялық талдауға сынама алуға арналған бейімділікпен қамтылуы қажет. Абонент бақылау құдығының техникалық жағдайын қадағалап, жұмысын тіреусіз асатумен қамтамасыз етуі қажет.
      19. Өндірістік және басқа да ағынды суларының сапасы мен мөлшері тәулік бойына өзгеретін болса, Абонент тәулік бойына ағынды суларының бірқалыпты төгілуін қамтамасыз ететін арнайы орташа - көрсеткіштік сыйымдылық құруға міндетті.
      20. Тұйықталған айналма техникалық сумен қамтылмаған кәсіпорындарға, ағынды  сулардың көлемі өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардың жалпы қосындысымен анықталады.
      21. Нөсерлі (жаңбырлы, еріген қар суларының) ағынды сулардың көлемі, есеп айырысу мерзімі (жарты жыл, жыл) аяқталанғаннан кейін қосымша беріледі және анықталады, ол  ағынды суларды қабылдаумен және ағынды суларды ағызып жіберу келісімімен шарттасады.

3. Жаңа салынып жатқан және қайта құрылып жатқан өнеркәсіптік кәсіпорындарды кәріздеуге арналған жобалау құжаттарын келісу, техникалық шарттарды беру тәртібі, Павлодар қаласының кәріздік жүйесіне өндірістік ағынды суларды төгуге рұқсат беру

      22. Жаңа немесе қайта құруға бағытталған өнеркәсіптік объектілерді кәріз жүйесіне қосуға рұқсатын алу және жобалау алдында тапсырушы-кәсіпорын немесе оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы (немесе салушы), су шаруашылығы ұйымынан, Павлодар қаласының кәріз және сумен қамту жүйесіне, жобаланған объектіні қосуға техникалық шартты алады.
      23. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қалалық кәріз жүйесіне қосуға техникалық шарты кәріз жүйесінің қуаттылық резервтері, сапасы жағынан да, мөлшері жағынан да қалалық ағынды сулардың көрсеткішіндей болған жағдайда ғана беріледі.
      24. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорында объектілерді салу кезінде, суды тұтыну мен суды бөлудің баланстық таблицасын, өнеркәсіптік кәсіпорынның су шаруашылығы паспортына сәйкес, осы кәсіпорынның су балансымен келістіру қажет.
      25. Павлодар қалалық кәріз жүйесіне өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тастаудың негізі, қалалық кәріз жүйесіне өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тастауға рұқсатнаманың және сумен қамту, ағынды суларын қабылдау қызметін көрсету бойынша Абоненттер мен су шаруашылығы ұйымының жасалған шарты болады.
      26. Шарт жасасқанда және техникалық жағдайын алғанда, Абоненттер су шаруашылық ұйымына, қалалық кәріз жүйесіне төгілетін ағынды суларының көлемі, сапалық құрамы туралы мәліметтер береді.
      27. Абоненттердің қалалық кәріз жүйесіне өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын төгуге рұқсатнаманы су шаруашылығы ұйымы береді.
      28. Су шаруашылығының ұйымы Абоненттердің жаңа салынған немесе қалпына келтірілген кәсіпорындарына қалалық кәріз жүйесіне өндірістік ағынды суларды төгуге рұқсатты, мемлекеттік комиссияның бүкіл объектіні қолдануға қабылдау актісі бойынша және қала кәрізінің тазарту имараты қуаттылығының қолданыстағы техникалық мүмкіндігі болған жағдайда ғана береді.
      Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды қабылдау шарты бойынша жаңа қосылған кәсіпорындарға жергілікті тазарту қажет болса, онда бұл кәсіпорындардың қалалық кәріз жүйесіне косылуына рұқсат шешімді су шаруашылығы ұйымы, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардың тазартылу деңгейі, кәріздің қалалық тазарту имаратына қабылдауға жарамды дәрежесінің деңгейіне тазартылуын қамтамасыз ететін, жергілікті тазарту имаратын пайдалануға еңгізген жағдайда ғана береді.
      29. Су шаруашылығының паспорты өнеркәсіптік кәқсіпорындармен белгіленген тұрпатты үлгісі бойынша жасалады және су шаруашылығы ұйымына келісім алу үшін мынадай қосымшаларымен беріледі:
      1) қалалық кәріз жүйесіне ішкі алаңдық кәрізінің ағытқыш жерлері белгіленген, нөмірлері, ласталған ағынды сулардың құрамының нормасы мен олардың шығымы көрсетілген сызбасы;
      2) кәсіпорындар - су абонеттердің су шаруашылығының паспорты;
      3) жергілікті тазарту имаратының сызбасы;
      4) ластайтын заттектерінің орташа және барынша көп мөлшері бойынша қала кәрізінің ағытқыштарындағы жергілікті тазарту имаратына дейінгі және одан кейінгі ағынды сулардың талдау көрсеткіштері.
      Өнеркәсіптік кәсіпорынның су шаруашылығының паспорты өнеркәсіптік кәсіпорынның ағынды суларының құрамы және су балансының сақталу мерзіміне дейін жарамды.
      30. қаланың кәріз жүйесіне өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды төгуге рұқсат шешімін дайындауда, су шаруашылығының ұйымы Абоненттердің құрастырған материалдарын мынадай жағдайларды ескеріп қарастырады:
      1) өндірістік ағынды суларының Абоненттің жергілікті имаратында алдын-ала тазартылуы;
      2) тазартылған және залалсыздандырылған өндірістік суларды ауылшаруашылық шабындықтарды суаруда немесе кәсіпорындарды, цехтарды техникалық сумен қамтуда барынша көп қолданылуы;
      3) құрамындағы ластайтын заттектердің шоғырлануы мен шығынын кемітуде мүмкіндік жасайтын техникалық үрдістерді өзгерту;
      4) суды айналыс (қайта) қолдану жүйесінің құрылғысы;
      5) ағынды судың ішіндегі бағалы заттарды белгілеу;
      6) тұнбаны қайта пайдалану және өңдеу.
      31. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларының ластануын азайтуға арналған бірқатар шаралар ұйымдастыру қажеттілігі туған жағдайда, Абоненттер, орындалу мерзімі мен осыдан шығатын жетістіктері көрсетілген, ластанудың мөлшерінің төмендеуін қамтамасыз ететін, техникалық ұйымдастыру шаралар жоспарын құрастыруды ұйымдастырады.
      Су қорын қорғау және пайдалану аясындағы уәкілетті органымен келісілген шаралар жоспары Абоненттің су шаруашылығы паспортына қоса беріледі.
      32. Абоненттен, ағынды суларды тартуға керекті құжаттарды алған соң, су шаруашылығы ұйымы бір ай мерзімде берілген материалдарды карастырып, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды ағызуға рұқсат беріледі, не болмаса құжаттарды қайта пысықтау үшін қайтарылады.
      33. Абонентке қаланың кәріз жүйесіне өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды  суларды төгуге рұқсат алу, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларының жоспарын орындауға жеткілікті уақытқа, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
      34. Қаланың кәріздік жүйесіне өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды төгуге рұқсат берудің негізі - жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін қолданыстағы, жаңа салынған немесе жаңартылған кәсіпорындармен келісілген су шаруашылық ұйымының жобалау құжаттары, су шаруашылығының паспорты болып табылады.
      35 Су қорын қорғау және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту аясында уәкілетті органның жарлығы бойынша ағынды суларды қабылдау және төгу тоқтатылуы мүмкін.
      36. Қалалық кәріз жүйесіне төгілетін ағынды судың сапалық сәйкестігінің өндірістік бақылауы, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 53 бабына сәйкес, Абоненттердің бақылау құдығынан ағынды сулардың сынамасын алу жолымен және сертификат беру мен метрология, стандарттау бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен аттестатталған зертхананың талапқа сай талдауын жасау арқылы жүзеге асырылады.
      37. Сынама алу тәртібі:
      1) сынама алуды су шаруашылық кәсіпорнының өкілі мен Абоненттің өкілі (Абоненттің сынама алуға уәкілетті, құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғасы), немесе Абоненттің жауапты өкілі жүргізеді;
      2) апатты төгілу кезінде сынама алу демалыс күніне келсе және Абоненттің жауапты өкілі болмаған жағдайда, акт Абонентке сынама алу күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жіберіледі;
      3) егер су шаруашылығы ұйымының өкілдерімен бақылау құдығының сынама алу кезінде тежеуде тұрғаны анықталса, Абонентке құдықты тазарту туралы ұсыныс жіберіледі;
      4) алынған сынама талдауы сынама алған кезден бастап 5 күн ішінде жасалып, талдау көрсеткіштері Абоненттің сұранысы бойынша жіберіледі;
      5) сынаманы қайта алу, Абоненттің ағынды суларда ластанатын заттектердің жоғары шоғырлануы салдарының жойылып, су шаруашылығы ұйымына хабарланғаннан кейін жүргізіледі. Сынаманы қайта алу Абоненттің сұранысы бойынша, қайта сынама алуға жұмсалатын шығыны төленген жағдайда ғана жүргізеді;
      6) пікір талас туған жағдайларда, Абонент ағынды сулардың сынамасын қатарлас сұрыптауға және қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес ағынды сулардың талдауын жасауға құқығы бар тәуелсіз зертханада талдау жасауға құқылы.
      38. Қатарлас сұрыптау жүргізу тәртібі:
      1) сынама сұрыптаудың бақылау нүктесінен (құдық, кәріздік сорғы станциясы және тағы басқалары) су шаруашылық ұйымының және Абоненттің өкілдерінің қатысуымен алынады;
      2) сынама, зерттелетін ағынды суына химиялық тұрақты, көлемі жетерлік жалпы ыдысқа алынады;
      3) алынған сынама жақсылап шайқалып, кішігірім порциялармен барлық мүдделі жақтарға (су шаруашылық ұйымының зертхана, тәуелсіз зертхана, Абоненттің зертханасы) таратылады. Ағынды сулардың кезекті бөлшегін қосу алдында әрдайым шайқалуы керек;
      4) мұнай өнімдеріне арналған сынама, арнайы шыны ыдысқа, жеткілікті мөлшерде, толығымен талдау ұсталатындай етіп алынады;
      5) тәуелсіз зертханаға арналған сынама су шаруашылық ұйымымен пломбыланып, бекітілген үлгі бойынша қатарлас сұрыптау жүргізу үшін үш дана етіп акт құрастырылады;
      6) сынама актінің 1 данасымен тәуелсіз зертханаға сынама алған Абонентпен жеткізіледі.
      39. Тәуелсіз зертхана, сынама алынған күннен кейін 5 күн ішінде, Абонент пен су шаруашылығы ұйымын тиісті түрде толтырылған акті жасап, талдау нәтижесін хабарлайды.
      40. Ағынды сулардың сынамасының химиялық талдауын жүргізу тәртібі:
      1) бақылауға алынған құрамдас бөлшектердің тізімі және сынаманы алу жиілігі зертхананың қуаты (реактивтермен, құралдармен, құрал жабдықтармен, талдау жасаумен айналысатын мамандармен қамтамасыз етілген) ескеріліп құрылады және су шаруашылық әкімшілігімен бекітіледі;
      2) жеке құрамдас бөлшектерінің химиялық талдаудың әдістемелері су шаруашылығы ұйымының зертханасымен, аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісілген, анықтау дәлелдігіне қойылатын талаптары ескеріліп анықталады;
      3) талдауға алынған ағынды суларының көлемі нақтылы құрымдас бөлшектерді анықтауда қолданылатын әдістемелеріне сәйкес құрылады;
      4) сынамаларды сақтап, жеткізу үшін полиэтилен ыдысы қолданылды, олардың әрқайсысының өшірілмейтін бояумен жазылған нөмірі болады.
      қайта қолданылатын канистрлер СБАЗ колдану арқылы жақсылап жуылып, сумен шайылады, соңымен араласқан (1:50) тұзды қышқылмен және тағы да сумен шайылады.
      құрамында мұнай өнімдерінің барын тексеруге арналған сынамалар шыны ыдысқа салынады;
      5) алынған сынамалар 3 данада құрастырылған, уәкілетті өкілдері тараптарының қолы қойылған сынама алу актімен тіркестіріледі;
      6) химиялық топқа түсетін сынамалар, Абонент атауы, сынама алған күні, шығарылу нөмірі, орындаушының тегі көрсетілетін жұмыс журналында тіркеледі.
      қолданылатын қысқартулар, шама мөлшері әдістемені сипаттауда көрсетілгендей болуы қажет;
      7) талдаудың барлық көрсеткіштері жұмыс журналында тіркеледі.

4. Су қолданушылардың құқықтары мен міндеттері

      41. Абоненттер, осы қағидада көрсетілген талаптарды міндетті түрде орындауы тиіс, әсіресе:
      1) қаланың кәріз жүйесіне толық тазартылмаған ағынды суларды төгуді болдырмау;
      2) су шаруашылығының имараттарына ұқыпты қарау,оған зиян келтірмеу;
      3) ШБМК-ның жоғарылауы анықталғанда Абонент міндетті түрде 5 тәуліктің ішінде ластануды жоюға тиіс, ал егерде жоюға мүмкіншілік болмаса, қоқыстарды кәріз жүйесіне тастауды тоқтатуы керек.
      42. Абоненттер:
      1) шартта келісілген ағынды суларды қабылдауды су шаруашылығы ұйымы талапқа сай жүргізбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртібіне сәйкес талап ұсынуға;
      2) Қазақстан Республикасының су заңнамасымен белгіленген талаптар мен шарттарды ұстана отырып, өндірістік ағынды суларды өздігінен тазарту және су объектілеріне тастауға құқылы.
      43. Су шаруашылығы ұйымы:
      1) шартпен белгіленген өндірістік ағын суларын тастау шартын орындамаған жағдайда, немесе өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік технологиясының өзгергені туралы су шаруашылығы ұйымын, осы саладағы уәкілетті органды құлақтандырып, алдын ала ескертпеген жағдайда, Абоненттен ағынды суларды қабылдауды тоқтатуға;
      2) су қорын қорғау және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту уәкілетті органдарына, ағын суларымен тасталатын, су объектілерінің жағдайына, қоршаған ортаға, экономикалық қауіпсіздікке, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсаруына кері әсер ететін ластайтын заттектердің ұлғаюын тудыратын жағдайларды анықтау және алдын алу шараларын ұйымдастыруда көмек сұрауға құқылы.
      44. Су шаруашылығы ұйымы:
      1) жергілікті атқарушы органдарды барлық апатты жағдайлар және технологиялық режімнің бұзылғаны туралы хабарлау, және де су объектілеріне зиян келтірудің алдын алу шараларын қолдануға;
      2) Абоненттің Қазақстан Республиқасының су заңнамалары мен осы қағиданың талаптарын бұзғаны туралы анықталса, Абонентті алдын ала ескертіп, бұзушылық жойылғанға дейін, ағынды суларын қабылдауды дереу тоқтатуға;
      3) қалалық ағынды суларының құрамында өндірістік ағынды сулардың тасталуынан пайда болған ластайтын заттектердің концентрациясының есейгені байқалса және тазарту имаратының жұмысына кедергі болған жағдайда, су қорын қорғау және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының жақсарту уәкілетті органдарын хабардар етуге міндетті.
      45. Су шаруашылығы ұйымы Абонентке қаланың кәріз жүйесіне келтірген зиянның орнын толтыру туралы белгіленген тәртіппен талап қоюға құқылы.
      46. Қажетті жағдайларда Абоненттер мен су шаруашылығы ұйымының арасындағы келіспеушілік Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес сот арқылы шешіледі.
      47. Төгілген ағынды сулардағы ластайтын заттектер, ескерілген қауіпті заттектердің мүмкін болу концентрациясынан көбірек болған жағдайда, су шаруашылық ұйымы Абоненттерге, ағынды суларды қайта тазалағаны үшін, төгілген ағынды судың көлемі, бір шаршы метр ағын суды тазарту ақысы (тарифі), ластанудың жеке әр түрі бойынша ШБМК меншікті көбеюі ескеріліп есептелген төлемақы ұсынады. Қайта тазартқаны үшін төлемақыны ұсынудың негізгі: осы қағиданың 42 және 43 тармақтарына сәйкес құрастырылған сынама алу актісі және ластану концентрациясының көлемі анықталғаны туралы талдау хаттамасы. Ағынды сулардың ластануының мөлшерлі параметрі су шаруашылығы ұйымының зертханасымен бекітілген әдістемесіне сай анықталады.
      Сынама Абонент өкілінің қатысуымен іріктеледі. Алынған сынаманың зертханалық талдау нәтижелері міндетті түрде Абонентке 15 күн ішінде жіберіледі.
      Қосымша тазарту Абоненттерден имараттар мен басқа объектілерге, желілерге, қоршаған ортаға келтірілген залалдардың шығынын толтыру жауапкершілігін алмайды.
      48. Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласында заңнамасын бұзған айыпты тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады