Петропавл қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" N 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 756 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 20 шілдеде N 13-1-76 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 432 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексінің" 53-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" (м/т N 683, 2002 жылғы 5 шілдедегі "Добрый вечер" газеті), қала әкімдігінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі "Қала әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" N 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 169 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (м/т N 940, 2003 жылғы 13 маусымдағы "Добрый вечер"), қала әкімдігінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі "қала әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" N 353 қаулысымен (м/т N 13-1-9, 2005 жылғы 22 шілдедегі "Добрый вечер" газетінің N 28) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе сөздегі "бюджеттік жүйе туралы" сөздері "Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің" 53-бабы 1-тармағы 4) тармақшасымен»сөздерімен ауыстырылсын;
      кіріспе сөздегі "2001 жылғы 25 желтоқсандағы қалалық мәслихаттың XV сессиясының "2002 жылға арналған Петропавл қ. бюджеті туралы" шешімі негізінде, 2001 жылғы 15 наурыздағы қалалық мәслихаттың ІX сессиясының N 5 шешімімен бекітілген 2000-2002 жылдарға арналған Петропавл қаласының аз қамтамасыз етілген азаматтарын жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі бағдарламасы, 2001 жылғы 15 наурыздағы қалалық мәслихаттың ІX сессиясының N 6 шешімімен бекітілген 2000-2002 жылдарға арналған Петропавл қаласының халқын туберкулезден қорғау жөніндегі бағдарламасы сөздері алынып тасталсын;
      3 тармақтағы "(Т.Н. Құлжанова), (Н.Н. Кушталова)" сөздері алынып тасталсын;
      4 тармақтағы "Қалалық қаржы басқармасына (Г.И. Дорофеева)" сөздері "Петропавл қаласының қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесіне" сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген
      Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлерге қала көлігінде 1 мамырдан бастап 30 қыркүйек аралығы кезеңдегі қала көлігінде жол жүруге әлеуметтік көмек көрсету ережесіндегі:
      4 тармақтағы "Д.Қ. Көтербеков" сөздері алынып тасталсын;
      аталған қаулымен бекітілген Туберкулезбен ауырған азаматтарға емдеу орындарына баруға әлеуметтік көмек көрсету ережелерінің N 2 қосымшасындағы:
      1 тармақтағы "қалалық денсаулық сақтау бөлімінің" сөздері "СҚО денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      Барлық мәтіндегі "Облыстық туберкулезге қарсы диспансері" сөздері "Облыстық туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесі" сөздерімен ауыстырылсын;
      3 тармақтағы "6-2-105-60 шығындары" сөздері "007-000 шығындары" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә. З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады