Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 392 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 09 қаңтарда N 1972 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 384 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.12.08 N 384 Қаулысымен.

      " Әкімшілік рәсімдер туралы " Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және " Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы " 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулыларын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қою" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ.Мыңбайға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі 

Оңтүстік Қазақстан
      облысы әкімдігінің 2007 жылғы
"19" желтоқсандағы
N 392 қаулысымен бекітілген

"Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды 
есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қою" жөніндегі

  мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Есептік тіркеуге қою - бұл Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу. Миссионерлік қызметті есептік тіркеусіз жүзеге асыруға тыйым салынады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған. 
      3. Миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтарды есептік тіркеу (қайта тіркеу) мынадай заңдылық актілер негізінде көрсетіледі:
      1) "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңының  4-1 ,   4-2  баптары;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы   N 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі  N 702 қаулысы ;
      4. Осы мемлекеттік қызметті Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті ұсынады. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, N3 үй, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты: www.ontustik.kz.
      5. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есептік тіркеуге алу жөніндегі берілетін куәлік осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қорытындысы болып табылады. 
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
      7.   Осы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) осы мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғалардың жазбаша арыздары тіркелген күннен бастап 7 күннің ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде, т.с.с.) кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 40 минут;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 30 минут.
      8. Осы мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты ақпарат көзі ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің кабинетінде орналасқан: "Оңтүстік Қазақстан", "Южный Казахстан" газеттерінде жарияланған, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтына """. ontustik.kz енгізілген. 
      10. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің жұмыс кестесі: құжаттар қабылдауы 323 кабинетте әр күн сайын сағат 9.00 - ден 18.00 - ге дейін қабылданады, үзіліс сағат 13.00 - ден 14.00 - ге дейін. 
      Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      Жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін алдын ала жазылу, жедел қызмет көрсету талаптары жоқ.
      11. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін келесі жағдайлар жасалынған 323 кабинетте: жазғы мерзімде оптималдық температураны сақтау үшін кондиционер, өтініш үлгілерінің стенді, қажетті құжаттардың тізімі және стол, екі үстел орналасқан.  

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Осы аталған мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөліміне келесі тізбеге сай қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс: 
      1) ұстанатын дiнi, миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiш;
      2) миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесі;
      3) тiркеу туралы куәлiктiң немесе миссионер оның атынан өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің өз елiнiң заңдарына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын өзге де құжаттың көшiрмесi;
      4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктің жiберген шақыруы;
      5) миссионерлік қызметке арналған әдебиет, дiни мақсаттағы аудио-бейне материалдар және (немесе) өзге де заттар. 
Өтiнiш берушi көрсетiлген құжаттарды ұсынған кезде белгiленген тәртiппен тiркелген төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетедi.
      13. Миссионерлік қызметпен айналысатын адамдарды есептік тiркеуге (қайта тіркеуге) қоюға арналған бланкілер, өтініш нысандарды беру орны Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі болып табылады, 323 кабинет, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайты: www.ontustik.kz.
      14. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін берген өтініштері мен басқа да құжаттары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің мамандарына жеке тапсырылады, 323 кабинет, тел.:53-46-56.
      15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін осы мемлекеттік қызметтің уақыты көрсетілген талонды алады.
      16. Миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтарды есептік тіркеу жөніндегі куәліктің берілуі тұтынушының Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөліміне өзінің жеке келуі бойынша жүзеге асырылады, Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, кабинет 323. 
      17. Жеке тұлғаларға осы мемлекеттік қызметті ұсынуды тоқтатуға немесе бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) қажетті құжаттарды тапсырылмаған адамдар.  

3. Жұмыс қағидаттары 

      18. Тұтынушыға қызмет көрсету кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің мамандары келесі жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады: 
      1) әдептілік және осы мемлекеттік қызмет жөнінде нақты ақпараттар беру;
      2) ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
      3) тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні" кестесі).
      20. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.  

5. Шағымдану тәртібі

      21. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, миссионерлік қызметті жүзеге асырушы шетелдік азаматтарды есептік тіркеуден өткізу жөніндегі комиссияның төрағасы түсіндіреді, кабинет 325, телефон: 23-31-31.
      22. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының атына жазылған арыз - шағымдар Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің әкімшілік бөлімінде тіркеледі, 326 кабинет, тел.: 53-45-48. 
      23. Арыз-шағымдардың қабылданғандығын растайтын құжат тіркеу журналында тіркелген, қаралатын арыз-шағымның мерзімі және берілген арыз-шағымға жауап алынатын орны көрсетілген әкімшілік бөлімінде берілген талон болып табылады. Арыз-шағымдардың қаралу барысын Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің әкімшілік бөлімі қызметкерлерінен мына байланыс телефоны арқылы білуге болады: 53-45-48.

6. Байланыс ақпараты

      24. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті жөніндегі мәліметтер, пошталық мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, N 3 үй.
      Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының қабылдау бөлмесі: 33-97-93.
      Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директоры орынбасарының телефоны: 23-31-31.
      Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі мамандарының телефоны: 53-46-56.
      Жұмыс кестесі: әр күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      Жеке тұлғаларды қабылдау күндері: 
      Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры: әр айдың 3-ші бейсенбісі сағат 15.00 - ден 18.00 - ге дейін; 
      Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары: жұма сайын сағат 10.00 - ден 13.00 - ге дейін.
      Жоғарғы органның байланыс мәліметтері - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, N6 үй, тел.:53-74-43, факс: 53-05-27. 
      25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтына www.ontustik.kz енгізілген.

      "Миссионерлік қызметпен айналысатын
адамдарды есептік тiркеуге    
(қайта тіркеуге) қою"     
мемлекеттік қызмет көрсету   
стандартына қосымша      

Кесте.

  Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норматив-
тік мәні

Көрсет-
кіштің
келесі
жылғы 
мақсатты
мәні

Көрсеткіштің
есептік жылғы
ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100%

90%

80%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

100%

70%

60%

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

100%

100%

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.)  % (үлесі)

90%

80%

70%

3. Қол жетімділігі

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың  % (үлесі)

100%

100%

100%

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

90%

80%

70%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

40%

30%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылуға негізделген шағымдардың % (үлесі)

95%

70%

60%

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

60%

50%

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

50%

5. Әдептілігі

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100%

90%

90%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады