Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2008.04.10 N 969 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 68 "Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 149 "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын (тіркеу N 2930) орындау үшін, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2007 жылғы 15 наурыздағы N 563 "Орал қаласы бойынша 2007 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-66 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 19 сәуірдегі N 16 "Жайық үні" газетінде жарияланған) енгізілген толықтыруларды есепке алғанда, келесі толықтырулар енгізілсін:
N 1 қосымшасына:
N 37 "Орнату" пәтер иелері кооперативі. Мамандық бойынша: сантехник, еңбекақысы - 6 000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 6 000 теңге; электргазбен дәнекерлеуші, еңбекақысы - 7 000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 7 000 теңге; ағаш шебері, еңбекақысы - 5 000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 5 000 теңге;
N 38 "Евразия" пәтер иелері кооперативі. Мамандық бойынша: аула тазалаушы, су жүйелерін оңдаушы, электрик, еңбекақысы - 5 000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 5 000 теңге; дәнекерлеуші, еңбекақысы - 6 000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 6 000 теңге;
N 39 "Батурина, 45" пәтер иелері кооперативі. Мамандық бойынша: жұмысшы, еңбекақысы - 5000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 5 000 теңге; сантехник, еңбекақысы - 8 000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 8 000 теңге;
N 40 "ОСВ" тұтынушылар кооперативі. Мамандық бойынша: жұмысшы, сантехник, лифт жүргізуші, еңбекақысы - 5 000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 5000 теңге;
N 41 "Удача" пәтер иелері тұтыну кооперативі. Мамандық бойынша: жұмысшы, еңбекақысы - 5000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 5 000 теңге;
N 42 "Комплекс" пәтер иелері тұтыну кооперативі. Мамандық бойынша: аула тазалаушы, еңбекақысы - 5000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 5 000 теңге;
N 43 "Шаңырақ" " пәтер иелері кооперативі. Мамандық бойынша: жұмысшы, еңбекақысы - 5000 теңге және жұмыс берушінің қаржысынан - 5 000 теңге.
2. Аталған қаулы әділет органдарында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Мұқаевқа жүктелсін.
Қала әкімі