Резидентура туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы"30 қаңтардағы N 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5142 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.09.2018 № ҚР ДСМ-16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және білікті медицина кадрларын даярлау сапасын және халыққа медициналық көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Резидентура туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы"30 қаңтардағы
№ N 28 бұйрығымен бекітілген

Резидентура туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, білім беру қызметінің осы түріне лицензиясы және клиникалық базалары бар Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында (бұдан әрі - Білім және ғылым ұйымдары) резидентурада медицина кадрларын даярлау тәртібін айқындайды.

      2. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Резидентурадағы мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

      4. Резидентурадағы кадрларды даярлау Мемлекеттік білім стандарттарына (Резидентура. Негізгі ережелер) және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Типтік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      резидентураның тыңдаушысы (тағылымданушы резидент) - резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;

      жетекші - қажетті теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру үшін тағылымданушы резидентке бекітілген адам, ол резидентурада даярлауды жүзеге асыратын кафедралардың (бөлімдердің) профессор-оқытушылар құрамы ішінен тағайындалады.

      6. Резидентурада даярлауға мемлекеттік білім тапсырысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

      7. Резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік білім тапсырысы жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асыратын Білім және ғылым ұйымдарында орналастырылады.

      8. Резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандарды белгіленген мемлекеттік білім тапсырысынан асыра даярлау оқуға арналған шығындарды толық өтей отырып және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, шарт негізінде жүзеге асырылады.

      9. Білім және ғылым ұйымдары жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мамандықтарының және білім алушылардың санына сүйене отырып, тағылымданушы резиденттердің ғылыми қызметі және оқу процесі барысын ұйымдастырумен және бақылаумен айналысатын құрылымдық бөлімшелердің штаттық құрамын өзі белгілейді.

      10. Бір жетекшіге бекітілген тағылымданушы резиденттердің жалпы саны 3-тен аспауы тиіс.

      11. Денсаулық сақтау ұйымы өз қаражаты есебінен қызметкерін резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуы үшін оқытуға немесе оқуға жіберуі мүмкін.

      Ұйымның қаражаты есебінен білім алған қызметкер осы ұйымда жеке еңбек шартында тараптармен келісілген мерзім бойы жұмыс істейді.

      Қызметкердің кінәсі салдарынан қызметкердің бастамасымен немесе ұйымның бастамасымен жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда, қызметкер оның білім алуына байланысты шығындарды жұмыс істелмеген мерзімімен пропорционалды көлемді ұйымға төлейді.

      12. Осы Ережемен регламенттелмеген мәселелер ұйымның Ғылыми кеңесімен шешіледі.

2. Резидентурадағы даярлау

      13. Резидентураның оқу бағдарламаларын меңгеруді қалаған адамдардың бұдан бұрыңғы білім деңгейі - базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.

      14. Резидентурада оқыту күндізгі нысан бойынша жүзеге асырылады, оқу екіден төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды.

      Резидентурада оқу мерзімі дәрігерлік-консультациялық комиссияның тиісті қорытындысы (Дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы немесе уақытша еңбекке жарамсыздық парағы) негізінде:

      1) 4 айға дейін - ұйым басшысының бұйрығымен;

      2) 4 айдан аса 1 жылға дейін - ұйымның Ғылыми кеңесінің шешімімен ұзартылуы тиіс.

      Резидентурадағы оқу мерзімі дәрігердің еңбек өтіліне және мамандығы бойынша өтіліне есептелінеді.

      15. Резидентурадағы оқу клиникалық базаларда жүзеге асырылады.

      16. Оқу жүктемесі мен емдеу-алдын алу жұмысының мамандықтар бойынша көлемі жеке жоспармен белгіленеді.

      17. Тағылымданушы резиденттер жеке жоспардың орындалуы туралы кафедра, бөлім (сектор, зертхана) отырыстарында кезеңдік есеп береді және жыл сайын жетекші мен кафедра меңгерушісі құрамына енгізілген комиссиямен аттестатталады.

      18. Оқу жұмыс жоспарлары мен даярлау бағдарламаларын Білім және ғылым ұйымдары әзірлейді және бекітіледі, жеке оқу жоспарлары кафедралардың отырыстарында бекітіледі.

      19. Ұйымның ғылыми кеңесі тікелей басшылық жасау үшін жетекшіні бекітеді. Жетекшілердің оқу жүктемесі бір тағылымданушы резидентке аптасына 3 сағат есебінен белгіленеді.

      20. Тағылымданушы резиденттер оқу кезінде:

      1) жеке жұмыс жоспарын орындайды;

      2) бағдарламада көзделген тиісті пәндер бойынша ағымдағы емтихандарды тапсырады;

      3) жүргізілген жұмыс туралы нақтыланған есеп береді.

      21. Тағылымданушы резиденттер бір ұйымнан екінші ұйымға ұйымдар басшыларының келісімімен, резидентті жіберген тараптың өтінімі немесе келісімі бойынша бос орын болған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.

      22. Мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алатын тағылымданушы резиденттер белгіленген тәртіппен стипендиямен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте стипендия оқуға қабылданған күнінен бастап, бірақ бұрыңғы жұмыс орнынан босатылған күнінен ерте болмай төленеді.

      23. Тағылымданушы резиденттерге жыл сайын академиялық жылдар арасында ұзақтығы кем дегенде 8 апта, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан кейін кем дегенде 4 апта, стипендиясы сақтала отырып, демалыс беріледі.

      24. Оқу бағдарламасы сапасын мемлекеттік бақылау қорытынды мемлекеттік аттестаттау түрінде жүзеге асырылады.

      25. Резидентурада оқуды аяқтаған тағылымданушы резиденттерге мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

3. Қорытынды ережелер

      26. Тағылымданушы резиденттер:

      1) өз еркі бойынша;

      2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытынды анықтамасы негізінде денсаулығының жағдайына байланысты;

      3) басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты;

      4) жеке жоспарын орындамағаны үшін;

      5) ұйымның ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін;

      6) ақылы білім алуда шарт жағдайларын орындамағаны үшін;

      7) дәрігердің антын бұзғаны үшін оқудан шығарылады.

      27. Егер резидентурада даярлау Жеке оқу жоспарының орындалуымен аяқталмаса, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты Білім және ғылым ұйымдарына орналастырмау құқығы болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады