"Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 165-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 18 ақпандағы N 61 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5154 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 210 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.04.27 № 210 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабына сәйкес, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 165-І  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2857 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" 2004 ж. N 29-32, 961-құжат, "Ресми газетінің" 2004 жылғы 4 желтоқсандағы 49 (206) нөмірінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4571 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 27 наурыз 45 (1248) нөмірінде жарияланған "Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 165-І бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы N 60 бұйрығымен енгізілген толықтыру мен өзгерістерді қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақтағы "Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (Д.Қ. Көтербеков)" деген сөздер "Автомобиль жолдары комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "(Қ.Б. Тұрлыханов)" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-тармақтағы "Ә.Қ. Құсайыновқа" деген сөздер "Д.Қ.Көтербековке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2008 жылғы "__" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      2008 жылғы 18 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады