Магистральдық темір жол желісінің саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 11 маусымдағы N 177-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5263 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісінің саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Н.Р. Жаманова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        Н. Алдабергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      2008 жыл

Қазақстан Республикасы Табиғи  
монополияларды реттеу агенттігі 
төрағасының 2008 жылғы      
11 маусымдағы N 177-НҚ      
бұйрығымен бекітілген      

Магистральдық темір жол желісі саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Магистральдық темір жол желісі саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және магистральдық темір жол желісі саласында (бұдан әрі - магистральдық темір жол желісінің қызметтері) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      2. Магистральдық темір жол қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайлары тұтынушыларға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынудың тең жағдайларының болғанын көздейді.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) магистральдық темір жол желісінің шектелген өткізу қабілеті - уақыт бірлігіндегі (тәулік, сағат) аралық бойынша нақты темір жол учаскесі арқылы өтуі мүмкін, оның техникалық жарақтануына және поездардың қозғалысын ұйымдастырудың қабылданған тәсіліне қарай салмағы мен ұзындығы белгіленген поездардың (поездар жұптарының) ең жоғары саны;

      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      4. Осы Ереже магистральдық темір жол желісінің қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, төтенше және әскери жағдайлар режимдерін ескере отырып, ұсыну жағдайына қолданылмайды.

      5. Тұтынушыларға магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға:

      1) магистральдық темір жол қызметтеріне барлық тұтынушылардың тең қол жетімділігі;

      2) барлық тұтынушыларға қатысты магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;

      3) магистральдық темір жол қызметтері тізбесінің, магистральдық темір жол қызметтері тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) ақпараттық ашықтығы қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

2. Магистральдық темір жол қызметтеріне тең қол
жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      6. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізу құқығын алу үшін тұтынушы Субъектіге магистральдық темір жол қызметтерін көрсетуге өтініш (бұдан әрі - өтініш) жібереді.

      7. Тұтынушылардан алынған өтінішті Субъекті магистральдық темір жол желісінің қызметтерін тұтынушылардың тіркеу журналына түскен күні мен түскен уақытын, сондай-ақ берілген тіркеу нөмірін көрсете отырып, тіркейді. Журнал нөмірленген және тігілген болуға тиіс.
      Өтініштерді тіркеуден бас тартуға, сондай-ақ олардың тіркеу нөмірлерін бұрмалауға жол берілмейді.

      8. Түскен күні мен уақытын Субъекті өтінішті ол келіп түскеннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде олардың түскен тиісті кезекшілігімен қарайды.

      9. Поездар қозғалысының нақты бағыттарындағы оның шектелген өткізу қабілетіне байланысты тұтынушыларға магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсыну поездар қозғалысының кестесін жасау кезінде кезекшілікке сәйкес, "Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі N 424 қаулысымен бекітілген Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      10. Субъекті "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекітілген Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шартқа сәйкес магистральдық темір жол желісінің қызметтерін тұтынушылармен шарттар жасасады.

      11. Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) сәйкес жүргізіледі.

      12. Магистральдық темір жол қызметтері барлық тұтынушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олардың сапасына қойылатын талаптарға сәйкес көрсетіледі.

3. Магистральдық темір жол желісінің көрсетілетін
қызметтері туралы ақпарат беру

      13. Тұтынушы өтініш берген кезде Субъекті оны магистральдық темір жол желісінің көрсетілетін қызметтері туралы, олардың құны туралы, магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне қол жеткізу құқығын алу, поездар қозғалысының бағыттары бойынша магистральдық темір жол желісінің өткізу қабілетінің болуы мүмкін шектеулері туралы хабардар етеді.
      Субъекті магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге берген өтініштерді қабылдау орны бойынша поездар қозғалысының нақты бағыттарда жоспарланып отырған кезеңде магистральдық темір жол желісінің өткізу қабілетін мәлімделген тасымал көлемдерін асып кеткен жағдайда басқа жүру бағыттары бойынша тасымалдарды жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпаратты орналастырады.

      14. Субъекті магистральдық темір жол желісінің көрсетілген қызметтері туралы, олардың құны туралы, магистральдық темір жол желісіне қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ поездардың қозғалыс кестесіне сәйкес магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуде өткізу қабілетінің болуы, техникалық және технологиялық мүмкіндіктері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады