"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 27 ақпандағы N 51 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5280 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.12.31 № 352 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Әділет органдарының Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 шілдедегі "Заң газетінің" N 68 (693) санында жарияланған, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен бірге, Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3683 болып тіркелген, 2005 жылғы 27 шілдедегі "Заң газетінің" N 71 (695) санында жарияланған, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 24 шілдедегі N 199 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4322 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 қыркүйектегі "Заң газетінің" N 170 (976) санында жарияланған, "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 338 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4528 болып тіркелген, 2007 жылғы 2 ақпандағы "Заң газетінің" N 17 (1046) санында жарияланған және "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4557 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 наурыздағы "Заң газетінің" N 38 (1067) санында жарияланған)), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықта:

      осы бұйрықтың 1-4 қосымшаларына сәйкес 40-43 қосымшалармен толықтырылсын;

      1-тараудың бірінші бөлімі "Халықтың көші-қоны туралы" деген сөздерден кейін "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты олардың қалауы бойынша жасына қарамастан жарамдылығы он жыл мерзімге беріледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан кезде жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Азаматтың өтініші бойынша паспорттың жарамдылық мерзімін оны тіркеген жері бойынша облыстық, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері паспорттың 30-бетіне тиісті жазбасы бар мөртаңба (1-қосымша) қою арқылы тұрғылықты жері бойынша тағы бір жыл мерзімге ұзартуы мүмкін, ол елтаңбалы мөрмен бекітіледі және халықты құжаттандыру және тіркеу қызметіне жетекшілік ететін Әділет департаменті бастығы орынбасарының немесе халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімі бастығының қолымен куәландырылады. Қазақстан Республикасының елден шалғай жерлерде тұрып жатқан азаматтарына ҚР азаматы паспортының жарамдылық мерзімін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ұзартады. Егер паспорттың 30 беті пайдаланылған жағдайда, мөртаңба паспорттың келесі бос бетіне қойылады.";

      3-тармақта:
      "тұрғылықты жері" деген сөздер "заңды мекен-жайы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "жеке сәйкестендіру нөмірі (бір рет беріледі және өзгерусіз қалады)";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке куәлігін дайындау үшін 1-н арызы ресімделеді (4-қосымша).
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға 1-н арыз олардың тұрақты тіркелген жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі - ХҚО), ал ХҚО жоқ жерлерде, Қазақстан Республикасының әділет органдарының құжаттандыру және халықты тіркеу бөлімшелерінде ресімделеді. Қосымша тексеруді қажет ететін (жеке басын тексеру және азаматтығын анықтау) және мынадай себептермен келген: 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспортты ауыстыру немесе оны жоғалтқаны бойынша қалпына келтіру; алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алу үшін дер кезінде өтініш бермегенде 1-н арыздары әділет органдарының құжаттандыру және халықты тіркеу бөлімшелерінде ресімделеді. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы 1-н арыздар Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресімделеді: ҚР тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға; шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқу нысанында білім алушыларға; шет мемлекеттерде кемінде бір жыл мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатқандарға; көрсетілген адамдардың олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне; шетелде дипломатиялық қызметтің персоналымен бірге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтік паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.
      Қазақстан Республикасының азаматтары паспорттар мен жеке куәліктерді алу мәселесі бойынша тікелей өтініш жасаған кезде, 1-н арызды ресімдеуді және дайын құжаттарды беруді, сондай-ақ паспорттың жарамдылық мерзімін ұзартуды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті (бұдан әрі - ҚР Әділетмині ТҚК) жүргізе алады.
      Тұрақты тұратын жері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматына жеке басын куәландыратын құжаттарды әділет органдары растаған уақытша тұратын жері бойынша, ал заңнамада көзделген тәртіппен ішкі істер органдары растайтын нақты тұратын жері бойынша беріледі.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Азаматтың өтініші бойынша шет мемлекеттің қолданыстағы визасы бар ауыстырылуға тиіс паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспорт (паспорттың бір жақ шетін тескішпен тесу арқылы) өтелуге тиіс, паспорт иесіне паспортты кейіннен тіркелген жері бойынша әділет органына тапсыру қажеттігі туралы хабарланады. 1-н арыздың артқы бетіне тиісті белгі қойылады. Құжаттың жарамсыздығы туралы мәлімет Нұсқаулықтың 17-тармағында айқындалған тәртіппен жіберіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. 1-н арызды толтырудың негізділігі мен дұрыстығы 1-н арызын толтырған қызметкердің (ХҚО операторы) қолымен оған берілген дербес коды көрсетіліп куәландырылады. Құжаттандыру және халықты тіркеу бөлімшелері мен ХҚО операторларының дербес кодтары төрт таңбалы әріп-санды индекстерден тұрады, ондағы 1-ші белгі (латын әрпі) - облыс коды, 2-ші белгі (латын әрпі) - ауданның коды, 3 және 4-ші белгі - өңір ішінде 1-нысан арыздарын ресімдеуге жіберілген қызметкердің тіркеу нөміріне сәйкес келетін 00 ден - 99 дейінгі араб сандары. 1-н арыздарды ресімдейтін қызметкерлер (ХҚО операторы) ауысқан кезде, олардың дербес кодтары жарамсыз деп есептеледі. Бұл ретте жаңадан тағайындалған маманға кодтың алғашқы екі белгісін өзгеріссіз қалдырып, осы бөлімшедегі пайдаланылмаған бос реттік нөмірлердің ішінен келесі код белгісі беріледі. Қызметкерлерге (ХҚО операторларына) берілген кодтар туралы мәлімет ҚР Әділетмині ТҚК-ге жолданады.
      Дербес кодтардың әріптік индекстерін ҚР Әділетмині ТҚК береді, ал сандық индекстерді Әділет департаменттерінің халықты құжаттандыру және тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімдері жаңартады және Департаменттердің бастықтары бекітеді.
      1-н арызды өздерінің дербес кодтарымен толтырған және куәландырған әділет органдарының мамандары, ХҚО операторлары, сондай-ақ 1-н арызды ресімдеген ҚР шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлері 1-н арызға енгізілген мәліметтердің дұрыстығы мен оны ресімдеудің негізділігіне дербес жауап береді.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) 1-н арызда арызданушының қолы өз қолымен қара, көк немесе күлгін түсті сиялы шарикті қаламмен қойылады. Сия және капилляр (гельді) қаламдарды пайдалануға жол берілмейді. 1-н арызды ресімдеу кезінде:
      16 жасқа дейінгі балаларға;
      мүгедектігі бойынша, сауатсыздығына байланысты әрекетке қабілетсіздерге;
      ерекше жағдайларда, қол қоюдан бас тартқандарға (тергеу-қамауға алынғандар, тергеудегі адамдар) 1-н арызға қол қоймауларына болады. Көрсетілген жағдайларда қол қоюға арналған баған бос қалдырылады, дәлелдейтін құжаттың көшірмесі (зейнеткердің мүгедектігі жөніндегі куәлігі, денсаулығы туралы анықтама, құқық қорғау органының актісі) алынады, арыздың келесі бетіндегі бос орынға қол қойылмау себебін көрсету қажет.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Жеке басты куәландыратын құжаттар алу үшін қолдаухатпен алғаш рет өтініш білдірген және туу туралы куәлігін ұсынған 18 жастан асқан адамдарға 1-н арызды ресімдеу туралы шешім олардың жеке басын тексеріп, Қазақстан Республикасы азаматтығына қатыстылығын анықтағаннан кейін қабылданады. Уәкілетті қызметкер арызданушыдан дер кезінде жеке басты куәландыратын құжатын алмау себебі туралы түсініктемесін, толық өмірбаянын, туу туралы куәлігінің көшірмесін қабылдайды, ұсынылған туу туралы куәлігін растау үшін АХАЖ органынан акт жазбасының көшірмесін, әскери есеп туралы мәліметті (әскери билеті немесе әскерге шақырту куәлігінің көшірмесі) сұратады, азаматтың жақын туыстарын (бір немесе одан да көп), немесе оны ұзақ уақыт білетін (екі адамнан кем емес) адамдарды тарту арқылы оның жеке басын растау анықтамасы (41-қосымша) толтырылады.
      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығын растау талап етілгенде қосымша құжаттар жиналады.
      Жеке басын тексеру туралы қорытынды (42-қосымша) шығарылғаннан кейін материалдар жеке номенклатуралық іске тігіледі.
      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тіркеуде жоқ 18 жастан асқан адамдар, Қазақстан Республикасы азаматтығына қатыстылығын анықтау үшін аумақтық ішкі істер органдарының көш-қон полициясы бөлімшелеріне өтініш білдіреді.";

      17-тармақта:
      оныншы абзац мына сөйлеммен толықтырылсын:
      "Әділет органының құжаттандыру мәселелері жөніндегі маманы туған жылын өзгертудің дұрыстығын нақтылау үшін акт жазбасының көшірмесін сұратады.";
      мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "Анықтамалық деректерін өзгерту негізінде ("04", "05" коды) жеке куәлік, паспорт алуға 1-н арызын ресімдеу осы мәселе бойынша қорытынды (43-қосымша) шығарылғаннан кейін жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Өтініш берушінің "АӨО" РМК-ның деректер қорындағы фотосуреті оның жеке басын куәландыратын құжатындағы фотосуретімен сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде, маман жеке басты растау анықтамасын жасай отырып, құжатталушының жеке басы мен құжаттағы фотосуретінің сәйкессіздік себептеріне міндетті тексеру жүргізеді, содан кейін қорытынды шығарады және 1-н арызбен, жарамсыз құжатты жою туралы актімен бірге ҚР Әділетмині ТҚК-ге жіберіледі.";
      он екінші және он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тегін, атын, әкесінің атын, жерін, туған күнін ауыстыруға байланысты 1-н арызын ресімдеген кезде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2843 болып тіркелген Арнайы есептердің жекелеген түрлерін жүргізу және пайдалану ережесінің (бұдан әрі - Арнайы есептерді жүргізу ережесі) 27-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) аумақтық басқармасына анықтау деректерін (тегін, атын, әкесінің атын, ұлтын, туған күні және жерін) өзгертуге байланысты аудандық және қалалық әділет органдарына жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыру мәселесі бойынша өтініш білдірген азаматтар туралы мәліметтер әр айдың 15 және 30 күні бұйрықпен белгіленген нысанда жолданады.
      Құжаттандыру мәселесі бойынша азаматтар жүгінген барлық жағдайларда, нақты мән-жайларға байланысты ұсынған құжаттың түпнұсқа екендігі күмән тудырса, сондай-ақ 1-н арызды негізсіз ресімдеу анықталған кезде, құжатталатын адамның жеке басын тексеру:";
      он сегізінші абзацында "әскери комиссариаттардың" деген сөздер "жергілікті әскери басқарма органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма бесінші абзацында "тұрғылықты" деген сөздер "тіркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      " "11" коды 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтіруде, бұрынғы КСРО-ның жалпыазаматтық шетелдік паспортын, офицердің жеке куәлігін, азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынған кезде жеке куәлік пен паспортты ресімдеген жағдайларда көрсетіледі.";
      мынадай мазмұндағы жиырма жетінші - отыз бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Құжаттандырылу үшін азаматтар 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты мен жоғарыда аталған құжаттарды ұсынған кезде (азаматтығы жоқ адамның куәлігін қоспағанда), олардан жеке басты куәландыратын құжаттарды дер кезінде алмау себептері жөнінде, осы құжаты бойынша тұрған жерін көрсетіле отырып, жазбаша толық түсініктеме (еркін нысанда) алынады, тұрғылықты жерінде тіркелгендігін анықтайтын құжат (тексеру материалына тігу үшін оның көшірмесі), әскери есеп туралы мәліметтер (әскери билетінің көшірмесі).
      1-н арызды көрсетілген құжаттардың негізінде ресімдеу өтініш берушінің ҚР азаматтығына қатыстылығын анықтау үшін тіркеу заңдылығын анықтағаннан кейін жүргізіледі, яғни облыс орталықтарының мекен-жай-анықтама бюроларынан немесе аумақтық әділет органдарының картотекаларынан, сондай-ақ ПИК (пәтер карточкалары бойынша), селолық, ауылдық округтердегі шаруашылық кітаптарынан тіркелгендігі туралы мәліметтер сұратылады. Тіркелу фактісін анықтау үшін бұрынғы тұрған жерлері бойынша сауалдар жіберіледі. Осындай тексеру паспортта қойылған тіркеу мөрінің түпнұсқалығына күмән туындаған кезде жүргізіледі.
      Қызметкер аталған тұлғаға паспорттың берілгендігін және фотосуреттердің ұқсастығын растау, сондай-ақ ерекше белгілерінің болу мәніне тексеру жүргізу үшін (мысалы, азаматтығы, ауыстыруы, паспортты жоғалтуы, құзыретті органдардың сауалдары туралы) осы паспортты берген органнан азаматтың фотосуреті бар 1-н арызының көшірмесін міндетті түрде сұратады. Егер 1-н арызының көшірмесінің қызметтік белгілер деген бағанында құзыретті органдардан бұрын келіп түскен хабарламалар туралы жазба болса, онда осы мекен-жайлар бойынша адам туралы қосымша ақпарат алуға сауал жіберіледі. 1-н көшірмесі тексерілген материалдарға тігілді. 1974 жылғы үлгідегі паспорт белгіленген тәртіппен жойылуы тиіс, ал оның деректері ресімделетін 1-н арыздың 9, 10, 11-жолдарына жазылады.
      Өтініш білдірушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттары болмаған кезде, өтініш білдірушілер ҚР азаматтығын растайтын құжаттар алу үшін ішкі істер органдарына жіберіледі.";
      мынадай мазмұндағы қырық екінші абзацпен толықтырылсын:
      " "15" азаматтығы жоқ адамның куәлігі (адамды Қазақстан Республикасының азаматы деп таныған жағдайларда).";

      29-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      "Картотекада 1974 жылғы үлгідегі паспорттың 1-н арызының түпнұсқасы болмаса, ескі үлгідегі паспорттың берілгендігі қызметкердің қолы және паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылған 2-н (1974 жылғы үлгідегі паспортты азаматтарға беру есебі) кітабындағы жазбамен расталады. Азамат фотосуретінің ұқсастығы фотосуреті бар қосымша талап етілетін құжаттары (әскери билет, ерекше жағдайларда жүргізушінің куәлігі) бойынша қайтадан тексерілуі мүмкін. Бұл жағдайда қызметкерлер азаматтың жақын туыстарын, не оны кемінде 15 жыл білетін (екі немесе одан да көп адам) адамдарды тарту арқылы азаматтың жеке басын растау анықтамасын жасайды.";

      33-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Арнайы есептерді жүргізу ережесінің 27-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасына азаматтың тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруы туралы мәліметтер жолданады.";

      36-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Арнайы есептерді жүргізу ережесінің 27-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық басқармасына азаматтың ұлтын өзгертуі туралы мәліметтер жолданады.";

      45-тармақта "сұраныс жоқ құжаттар бір жыл бойы сақталады, содан кейін оларды иелеріне тапсыру шаралары қабылданады" деген сөздер "сұраныс жоқ құжаттар бір жыл бойы сақталады, әзірленген күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін құжаттар "талап етілмеген" себебі бойынша белгіленген тәртіппен жойылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

" 8. "Қазақстан Республикасының тіркелген және тіркеуден
шығарылған азаматтарын есепке алу"

      49. Азаматтың тіркелген жері оның заңды мекен-жайы болып табылады.
      50. Тіркеуге Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе шетелден тұрақты тұруға келген азаматтар жатады.
      51. Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган әділет органдары болып табылады.
      52. Тіркеуге (тіркеуден шығаруға) материалдарды қабылдауды және тіркеу (тіркеуден шығару) жөніндегі ресімделген құжаттарды беруді ХҚО мен ХҚО жоқ жерде әділет органдары жүзеге асырады.
      53. Азаматтарды тіркеуді және тіркеуден шығаруды ресімдеу мерзімі екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      54. Азаматтарды тіркеу олардың тұрғын үйді белгіленген тәртіппен меншігіне сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға алғаны туралы куәландыратын құжаттарының негізінде, соның ішінде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын үйге тұруға оларға құқық беруші (бұдан әрі - тұрғын үйге құжаттар) шарттар бойынша, сондай-ақ тұрғын үй иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      Азаматтарды тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
      55. Азаматтарды тіркеу үшін:
      тұрғын үй иесінің келісімімен тіркеу туралы өтініші (33-қосымша);
      тұрғын үйге құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқасымен салыстырып тексерген соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуді жүзеге асыратын маман куәландырады, және іске тігіледі);
      азаматтарды тіркеу кітабы (32-қосымша) (ол болмаған кезде азаматтарды тіркеу кітабы тіркеуге өтініш берген кезде бір мезгілде жүргізіледі);
      бұрынғы тіркелген жерден кету мекен-жай парағы (34-қосымша) (азамат кету парағын жоғалтқан жағдайда әділет органы жаңа орынға тіркеумен бірге бұрынғы тіркелген жері бойынша әділет органына тиісті ақпарат жібереді. Егер азамат бұрынғы мекен-жайынан тіркеуден шығарылмаған жағдайда оны жаңа орын бойынша тіркеуді ресімдеген әділет органының ақпараты оны бұрынғы мекен-жайынан тіркеуден шығаруға негіз болады);
      жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (он алты жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін; Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға шет елден келген азаматтар - Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының түпнұсқасы және оның беттерінің белгіленген деректерінің және бұрынғы тіркелген жерінен шығару туралы белгісі бар бетінің көшірмелері) ұсынылады. Құжаттың түпнұсқасы тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуді жүзеге асыратын маман куәландырады және іске тігеді;
      әскери міндеттілер, бұдан басқа, әскери билетінің түпнұсқасы мен көшірмесі (әскери билеттің орнына берілген уақытша куәлігін) немесе әскери есепке қабылдағаны туралы әскери басқарманың жергілікті органының белгісі бар тіркеу куәлігін (әскерге шақырылғандар үшін). Тіркеу куәліктен, әскери билеттен (әскери билеттің орнына берілген уақытша куәліктен) азаматтың анықтайтын деректері мен әскери есепке қабылданған туралы белгіні қамтитын беттерінің көшірмесі алынады. Құжаттың түпнұсқасы тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесі - тіркеуді жүзеге асыратын маман куәландырады және іске тігеді.
      Бұл ретте, кейіннен оған тіркеу мөртаңбасын қоя отырып (31-қосымша) екі келу парағы (29 қосымша) және келу парағына статистикалық есепке алу талоны (35-қосымша) толтырылады. Бір келу парағы жергілікті әділет органының картотекасына орналастырылады, екіншісі мекен-жай бюросына жіберіледі. Облыстың немесе қаланың ішінде тіркелген жері ауыстырылған кезде үш келу парағы толтырылады. Келу парағының бір данасы "АӨО" РМК-ға, екіншісі - мекен-жай бюросына, үшіншісі - мекен-жай картотекасына енгізу үшін жергілікті әділет органына жіберіледі.
      56. Тұратын жерін тіркегені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (Салық кодексі) белгіленген төлем алынады.
      57. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін шетелден оралған Қазақстан Республикасының азаматтары бұрынғы тұрған елінің консулдық есебінен шыққандығы туралы белгі қойылған Қазақстан Республикасы паспортының негізінде белгіленген тәртіппен тіркеледі.
      Егер Қазақстан Республикасы азаматы бұрынғы тұрған еліндегі Қазақстан Республикасы елшілігінің консулдық есебінен шықпай келген болса, міндетті түрде азаматтыққа қатыстылығы көрсетілген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментімен) берген, бұрынғы тұрған мемлекетінің есебінен шығуы туралы анықтамасын немесе бұрынғы тұрғылықты жерінен кету (тіркеуден шығу) туралы мөр қойылған мекен-жайға кету парағын ұсыну керек.
      Қазақстан Республикасына (азаматтығы бар) АБ сериясы қайтуға куәлігі бойынша келген азаматтарды тіркеу жоғалтқан құжаттарын кейіннен қалпына келтіре отырып белгіленген тәртіппен жасалады.
      58. Он алтыға толмаған балаларды тіркеу жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Балаларды тіркеуге құжаттарды олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) береді.
      Балалар мекемелерінде (балалар үйлерінде, мектеп интернаттарда, арнайы мектептерде, училищелерде) тұратын балалар, егер олар ата-аналарының (қорғаншылары мен қамқоршылары) тіркелген жері бойынша тіркелмеген болса, осы мекемелер мен оқу орындарының мекен-жайлары бойынша аумақтық әділет органдарында осы мекемелердің әкімшілері тіркейді. Балалардың туу туралы куәліктері болмаған кезде балалар мекемелерінің әкімшілігі оларға белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында туу туралы куәліктерін алу тиіс, содан кейін оларға тіркеу жасалады.
      59. Жатақханаларда, қонақүйлерде, демалыс орындарында, санаторийлерде, шипажайларда, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерде және басқа да осыған ұқсас мекемелерде тұратын азаматтарды осы мекемелердің әкімшілігі көрсетілген мекемелердің тұратын мекен-жайы бойынша аумақтық әділет органдарында тіркейді.
      Жеке басын куәландыратын құжаттары және тұрақты тұратын жері болмаған әлеуметтік бейімделу орталықтарында тұратын адамдар осы мекемелердің мекен-жайы бойынша тіркеледі.
      Созылмалы ауруларға арналған арнайы емдеу мекемелерінде тұратын адамдар жеке куәліктері немесе басқа да бар құжаттары бойынша, олар болмаған жағдайда - аурулардың немесе оларды ауруханаларға алып келген адамдардың айтулары бойынша жасалған мекен-жай парағы бойынша тіркеледі.
      60. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы тіркеу орнынан шығарылмаған азаматтарды да ресімдеуі мүмкін. Бұл ретте әскери міндетті азаматтар оларды ресімдегенге дейін жаңа тіркелетін жері бойынша әскери есепке тұруы тиіс. Тіркеуден шығаруды ресімдеу үшін бұрынғы тіркелген жері бойынша әділет органына азаматтың бұрынғы тіркелген жерінен шығару туралы өтініші мен үш мекен-жайдан кету парағын қоса бере отырып хат жіберіледі. Әділет органы өтінішті алған соң үш күн мерзім ішінде азаматты тіркеуден шығаруды ресімдейді және тіркеуден шығару туралы мөртаңбамен куәландырылған бір кету парағын қоса отырып, сұрау салған бастамашыға жауап жібереді (36-қосымша).
      61. Аудандық бөліністері бар қаланың ішінде тіркелген орнын ауыстырған азаматтарды тіркеуді аумақтық әділет органдары жаңа тіркелген жері бойынша сонымен бірге бұрынғы тіркелген жерінен есептен шығара отырып жүзеге асырады. Бұл ретте бір мекен-жайға кету парағы және үш мекен-жайдан келу парағы толырылады. Мекен-жайдан келу парағының бір данасы "АӨО" РМК-ға жіберіледі, екіншісі - мекен-жай бюросына, үшіншісі - жергілікті әділет органынының картотекасына жіберіледі. Мекен-жайға кету парағы бұрынғы тіркелген жері бойынша әділет органына мекен-жай картотекасына енгізу үшін жіберіледі.
      62. Заңды мекен-жайы ауысқан жағдайда тіркеумен бір мезгілде жаңа тіркелген жері бойынша жаңа жеке куәлік алу үшін 1-н өтінішін ресімдеу жүзеге асырылады.
      Азаматтарға жаңа жеке куәлікті берген кезде бір мезгілде (жоғалтуына, тіркелген жерін ауыстыруына, бүлінгеннің орнын қалпына келтіруге, белгіленген деректердің өзгеруіне, және тағы басқаларға байланысты) азаматтарды тіркеу кітабына бұрынғы тіркелген күнін көрсете отырып, қайтадан алған жеке куәлігі туралы мәліметтер енгізіледі. Бұл ретте екі мекен-жайға келу парағы толтырылады. Бастапқы мекен-жайы мен бастапқы тіркелген жері өзгертілмеген жаңа құжатының деректерін көрсете отырып мекен-жайға келу парағының біреуін мекен-жай бюросына, келу парағының екінші данасы жергілікті әділет органының картотекасында қалады.
      63. Үш ай мерзімнен асатын мерзімге уақытша тұруға, қонаққа, іссапарға, жұмысқа, оқуға, тағылымдамаға, емделуге, және т.б. келген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрынғы жерінен тіркеуден және әскери есептен шығарылмай-ақ, жалпыға ортақ тәртіппен уақытша тұратын жері бойынша бір жыл мерзімге тіркеледі. Бұл ретте екі мекен-жайға келу парағы толтырылады, оның біреуі мекен-жай бюросына жіберіледі, ал екіншісі аумақтық әділет органының картотекасында қалады.
      Келу парақтарына және азаматтарды тіркеу кітабына уақытша тіркеудің мерзімі көрсетіліп уақытша тіркеудің (30-қосымша) мөртаңбасы қойылады. Бұдан әрі уақытша тұруды ұзартқан кезде осы мерзімге тіркей отырып жаңа келу парағы ресімделеді. Қызметтік міндеттері ұзақ мерзімге тұрақты тұратын жерінен тыс жерде ұзақ тұруға (бір жылдан артық) байланысты адамдар бұрынғы тұратын жерінен тіркеуден шығарылмай және әскери есептен шығарылмай-ақ барлық мерзімге ескеріледі. Уақытша есепте тұратын адамдардың жазбаша өтініші бойынша белгіленген тәртіппен олар бұрынғы тұратын жері бойынша тіркеуден шығарыла отырып тұрақты тұратындар сияқты тіркелуі мүмкін.
      64. Тіркеу жөніндегі материалдар әділет органдарында бес жыл бойы сақталатын жеке номенклатурада қалыптастырылады.
      65. Тіркеуден шығару үшін азаматтар мынадай құжаттар ұсынады:
      өтініш;
      азаматтарды тіркеу кітабы (ол болмаған кезде - мекен-жай бюросынан анықтама немесе мекен-жай бюросы жоқ жерлерде әділет органынан анықтама);
      жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі (он алтыға дейінгі балалар - туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі). Құжаттың түпнұсқасы тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын маман куәландырады және іске тігеді;
      әскери міндеттілер, бұдан басқа әскери билетінің көшірмесін (әскери билеттің орнына берілген уақытша куәлігін) немесе әскери есептен шығарылғаны туралы әскери басқарманың жергілікті органының белгісі бар тіркеу куәлігі (әскерге шақырылғандар үшін). Тіркеу куәлігінен, әскери билеттен (әскери билеттің орнына берілген уақытша куәліктен) азаматтың анықтама деректері мен әскери есептен шығарылғаны туралы белгіні қамтитын беттерінің көшірмесі алынады. Құжаттың түпнұсқасы тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуді жүзеге асыратын маман куәландырады және іске тігеді.
      Бұл ретте тіркеуден шығару туралы мөртаңбамен куәландырылатын үш мекен-жайдан кету парағы толтырылады. Азаматтарға жаңа тұратын жері бойынша тіркеу кезінде ұсынуға берілетін кету парағының біреуі тіркеуден шығару туралы мөртаңбамен куәландырылады, екіншісі - мекен-жай бюросына жіберіледі, үшіншісі - жергілікті әділет органының мекен-жай картотекасына енгізіледі.
      Шетелге тұрақты тұруға кететін адамдарды тіркеуден шығару үшін, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа азаматтар ішкі істер органдарынан Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кетуге рұқсаты туралы анықтаманы ұсынады. Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға кететін азаматтарды тіркеуден шығарған кезде әділет органдары олардың жеке куәліктерін алып қояды және жалпы белгіленген тәртіппен жояды, және паспорттық елтаңбалық мөрмен куәландырылған тіркеуден шығарылғаны туралы мөртаңбасы бар кету парағы беріледі. Осыдан кейін азаматтарға Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат туралы белгіні (мөртаңба, мөр) паспорттарына қою үшін ішкі істер органына өтініш жасау қажеттігі түсіндіріледі.
      66. Он алты жасқа толмаған балаларды тіркеуден шығару жалпыға ортақ тәртіппен жүзеге асырылады. Балаларды тіркеуден шығаруға құжаттарды олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) береді.
      Тіркеуден шығару тұрғын үй-жайдың иесінің өзінің бастамасы бойынша жеке меншік құқығында тіркеуден шығарылып жатқан адамның жеке өтінішінсіз және жеке куәлігінсіз ресімделуі мүмкін. Мұндай жағдайда тұрғын үйдің иесінің өтініші, тұрғын үйге құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі (түпнұсқасы тексерілген соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын маман куәландырады және іске тігіп қояды), сондай-ақ үш данадағы кету парағы ұсынылады. Бір ресімделген кету парағы мекен-жай бюросына жіберіледі, екіншісі - тіркеуден шығарылған адамға тапсыру үшін тұрғын үй-жайдың иесіне беріледі, ал үшіншісі - жергілікті әділет органының картотекасына енгізіледі. Тұрғын үй-жайдың иесінің бастамасымен әскери міндетті азамат немесе соттың үкімі бойынша бостандығынан айырылмай сотталған азамат тіркеу есебінен шығарылған кезде тіркелген жері бойынша әскери басқарманың жергілікті органына немесе қылмыстық-атқару жүйесі органына тиісінше аумақтық әділет органы ол туралы хабарлайды. Бостандығынан айрылған сотталған адамдарды тіркеуден шығаруды, егер олар қамауда болса үкім заңды күшіне енген соң жасайды. Бұл ретте бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тіркеуден шығару үшін қамауда ұстап отырған жердің әкімшілігі үш данада кету парағын толтырады. Кету парағының біреуі тұрақты тұратын жері бойынша әділет органына жіберіледі, екіншісі мекен-жай бюросына, үшіншісі - сотталған адамның жеке ісіне тігіледі.
      Бостандығынан айырмай сот үкімімен сотталған азаматтардың тұратын жері бойынша тіркеуден шығару қамау карточкасын берген қылмыстық-атқару жүйесі органының рұқсаты бойынша жасалады.
      Қайтыс болғандарды тіркеуден шығару азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан келіп түскен құжаттардың немесе туысқандарының өтінішінің негізінде жасалады. Бұл ретте жеке куәліктері мен паспорттары екі данада мекен-жайдан кету парағын толтыра отырып белгіленген тәртіппен жойылады. Кету парағының бір данасы мекен-жай бюросына жіберіледі, екіншісі - жергілікті әділет органының картотекасына тігіледі. Егер қайтыс болған адам басқа әділет органында тіркелген жағдайда кету парағы тіркелген жері бойынша жіберіледі.
      Егер азаматтың қайтыс болғанын тіркеген кезде жеке куәлігі мен паспорты тапсырылмаған немесе оны алу мүмкін болмаған кезде қайтыс болған адамды тіркеуден шығару азаматтық хал актілерін тіркеу органынан келіп түскен мекен-жай парағында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ қайтыс болған адамды тіркеуден шығару туралы белгісі бар тізбенің (25-қосымша) негізінде жасалады. Осыған ұқсас белгілер 1-н өтінішінде жасалады.
      67. Тіркеуден шығару туралы материалдар әділет органдарында бес жыл бойы сақталатын жеке номенклатуралық іске қалыптастырылады.
      68. Тіркеу және тіркеуден шығару тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) және қарамағында ғимараттары мен үй-жайлары бар өзге де адам беретін азаматтарды тіркеу кітабында тиісті мөртаңба және жазба қою арқылы жүзеге асырылады.
      69. Азаматтарды тіркеу кітабы жеке тұлғаның тұрақты тіркелген жерін растайтын құжат болып табылады. Заңнамада белгіленген жағдайларда азаматтарды тіркеу кітабы немесе оның көшірмесі мүдделі органдарға ұсынылады.
      Азаматтарды тіркеу кітабы берердің алдында байланады және аумақтық әділет органының құжаттандыру және тіркеу бөлімшесінің паспорттық елтаңбалық мөрімен және қызметкерінің қолымен куәландырылады. Азаматтарды тіркеу кітабына мынадай мәліметтер енгізіледі:
      бірінші бетіне - азаматтарды тіркеу кітабының нөмірі, елді мекеннің, ауданның, облыстың, көшенің атауы, үйдің, пәтердің нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеген әділет органы, азаматтарды тіркеу кітабының басталу және аяқталу күні;
      екінші және үшінші бетте - тұрғын үй иелері туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты), үйдің сипаттамасы (үй, пәтер, жалпы ауданы, пайдалы ауданы, мекен-жайы), тұрғын үйге иелік ету құқығы құжатының түрі, нөмірі және берген күні;
      төртінші және кейінгі беттері - азаматтарды тіркеу не тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер (тіркелетін азаматтың реттік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке басын куәландыратын құжатының (балалардың туу туралы куәлігінің) нөмірі мен берілген күні, тиісті мөртаңба қою арқылы және оларды ресімдеген
күнін көрсетіп тіркеуді ресімдегені, тіркеуден шығарғаны туралы
белгілері, азаматтарды тіркеу кітабының нөмірі);
      соңғы бетінде мөрмен бекітілген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған нөмірленген парақтардың саны көрсетіледі.
      Бұдан басқа, әскери міндетті азаматтарға азаматтарды тіркеу кітабында тіркеу есебінен шығару туралы белгінің жанынан жергілікті әскери басқарма органы жүзеге асыратын әскери есептен шығару туралы белгі қойылады.
      70. Тұратын жері бойынша тіркелген, алайда азаматтарды тіркеу кітабы жоқ азаматтар оны алу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
      жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (он алты жасқа толмаған балалар үшін - туу туралы куәлігі). Құжаттың түпнұсқасы тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын маман куәландырады және оны іске тігіп қояды;
      азаматтың тіркелген жерін растайтын мекен-жай бюросынан анықтама (мекен-жай бюросы жоқ жерлерде ауамақтық әділет органының картотекасының мәліметі пайдаланылады);
      тұрғын үй құжатының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуді жүзеге асыратын маман куәландырады және іске тігіп қояды);
      азаматтарды тіркеу кітабына төлегендігі туралы түбіртек.
      71. Азаматтарды тіркеу кітабын ауыстыру үшін (тұрғындарды есепке алу кітабы) мынадай құжаттар ұсынылады:
      жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі (он алты жасқа толмаған балалар үшін - туу туралы куәлігі). Құжаттың түпнұсқасы тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын маман куәландырады және оны іске тігіп қояды;
      тұрғын үйге құжатының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа тексеріліп болған соң иесіне қайтарылады, көшірмесін - тіркеуді жүзеге асыратын маман куәландырады және іске тігіп қояды);
      азаматтарды тіркеудің бұрынғы кітабы (тұрғындарды есепке алу кітабы);
      азаматтарды тіркеу кітабына төлегендігі туралы түбіртек.
      Азаматтарды бұрынғы тіркеу кітабындағы (тұрғындарды есепке алу кітабында) мәліметтер жаңа азаматтарды тіркеу кітабына ауыстырылады. Азаматтарды бұрынғы тіркеу кітабы (тұрғындарды есепке алу кітабы) ондағы азаматтарды тіркеу туралы мәліметтерді жаңа азаматтарды тіркеу кітабына ауыстырылған соң азаматтарды тіркеу туралы мәлімет қамтылған беттерге "өтелді" деген белгі қойылып иесіне қайтарылады.
      Жоғалған немесе пайдалануға болмайтын жағдайларда (бүлінуі, ескіріп кетуі) азаматтарды тіркеу кітабы иесінің жазбаша өтініші бойынша әрі қарай пайдалануға болмайтын себептерін көрсете отырып, "қайтадан берілді" деген белгісі бар жаңа азаматтарды тіркеу кітабы беріледі.
      Аумақтық әділет органдарына тапсырылған кітаптар жарамсыздығына байланысты белгіленген тәртіппен акті жасай отырып, жойылады. Бұл ретте осы азаматтарды тіркеу кітабын беруді есепке алу журналында (40-қосымша) "ескертпе" деген бағанда осы азаматтарды тіркеу кітабының жарамсыз екендігі туралы жасалған актінінің нөмірі мен оны жасаған күнін көрсете отырып белгі қойылады. Жарамсыз азаматтарды тіркеу кітаптарын жою туралы актілер бес жыл бойы сақталады.
      Азаматтарды тіркеу кітабы жойылған немесе ауыстырылған жағдайларда азаматтарды тіркеу кітабын беруді есепке алу журналындағы "ескертпе" деген бағанда жоғалған немесе ауыстырылған азаматтарды тіркеу кітабының жарамсыздығы туралы жаңа азаматтарды тіркеу кітабын алу туралы тұрғын үй иесінің өтініш берген күнін көрсете отырып белгі қойылады.
      Егер азаматтарды тіркеу кітабының барлық беттері толып қалса, тұрғын үй иесіне "жалғасы" деген белгісі бар жаңа азаматтарды тіркеу кітабы беріледі. Бұл ретте бұрынғы беттері толтырылған азаматтарды тіркеу кітабы иесінде қалады.
      72. Тіркеуді ауыстырған азаматтарға мекен-жайдан кету парақтары он бес жыл сақталады, сонан кейін алынады және жойылады.
      Тегін, атын, әкесінің атын немесе ұлтын өзгертуге байланысты азаматтарға жасалған мекен-жайдан кету парақтары мекен-жай картотекасында 75 жыл бойы сақталады, содан кейін алынады және жойылады.
      73. Мекен-жай картотекасына қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қоғамнан оқшауламай жазалауға сотталған адамдардың қарауыл карточкасын енгізген кезде мекен-жайға келу парақтарында жоғары оң жақ бұрышында "б/б айырмай сотталған" деген белгі қойылады.
      Мекен-жай картотекасынан қарауыл карточкасын алу қылмыстық-атқару жүйесі органынан сотталғанның қылмыстық жазаны өтегені туралы хабарламасы алынған соң ғана жүзеге асырылады.
      74. Мекен-жай парақтары мен статистикалық есепке алу талондары күлгін, көк немесе қара сиямен (пастамен) анық етіп, барлық сұрақтарға жеке басты куәландыратын құжаттарға сәйкес толық жауап бере отырып толтырылуы тиіс.
      Кейіннен статистикалық органдарға жіберілетін мекен-жайға келу парақтарына статистикалық есепке алу талондары тұрақты тұруға келген адамдарды, сондай-ақ бір елді мекеннен екінші елді мекенге келген адамдарды, бір қаланың шегінде бір ауданнан екінші ауданға ауысқан адамдарды тіркеген кезінде жасалады. Мекен-жайдан кету парағына статистикалық талон (37 қосымша) азаматтардың республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезінде толтырылады.
      75. Шекара аймақтарында тұрақты тұратын азаматтарға олар тіркелген жердегі әділет органдары жеке басты куәландыратын құжаттарымен бірге бес жылға, алайда жеке куәлігінің қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге қолданылатын шекара аймағы тұрғынының куәлігі (38 қосымша) беріледі. Шекара аймағы тұрғынының куәлігінің қолданыс мерзімі қажет болған кезде тағы да сондай мерзімге ұзартылады. Ұзарту аумақтық әділет органының уәкілетті қызметкерінің қолымен және паспорттық елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
      76. Шекара аймағы тұрғынының куәлігі құжаттың иесіне республиканың барлық шекаралық аймақтарында кедергісіз жүру құқығын береді.
      Әрбір шекаралық облыстарда куәліктерге арнайы серия нөмірі бекітілген:
      Алматы облысы - "АЛ";
      Шығыс Қазақстан облысы - "ШҚ".
      Шекаралық аймақ тұрғынының куәліктерін беру арнайы журналда тіркеледі (39-қосымша). Әрбір ресімделген куәлікке осы Нұсқаулықта көрсетілген Қазақстан Республикасының қалалары мен аудандарының стандарттық кодттарына сәйкес аудандардың (қалалардың) үш санды кодынан тұратын нөмір және таяқша арқылы - тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі беріледі, мысалы:
      ШҚ N 246/00012 (мұнда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, N 12 куәлік дегенді білдіреді).
      Шекара аймағының тұрғынының куәлігін алу үшін азаматтар:
      - тегін, атын, әкесінің атын, тіркелген жерін көрсете отырып, тиісті әділет органының басшысына еркін нысанда өтініш;
      - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (он алтыға толмаған балалар - туу туралы куәліктерін);
      3,5 x 4,5 см бір фотосын ұсынады.
      Шекара аймағы тұрғынының куәлігінде ұсынған құжаттарының негізінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні туралы мәліметтер жазылады. Фотосы әділет органының паспорттық елтаңбалық мөрімен куәландырылады, тұратын жері бойынша тіркелген мекен-жайы толық көрсетіледі. "Берген органы" деген бағанда әділет органының атауы көрсетіледі.
      Өтініш беруші Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ауыстырған кезде, сондай-ақ өтініш берушінің шекара аймағы шегіндегі тіркелген жері өзгерген кезде шекара аймағы тұрғынының куәлігі де тиісінше ауыстырылуы тиіс.
      Шекара аймағынан тысқары кетуіне байланысты тіркелген жерін ауыстырған кезде шекара аймағы тұрғынының куәлігі алынады. Шекара аймағы тұрғынының куәлігін беру жөніндегі материалдар жеке номенклатуралық іске қалыптастырылады.";

      Нұсқаулықтың 20 және 23 қосымшалары келесі мәтінмен толықтырылсын: "Бекітемін" бастық (әділет органының атауы, Т.А.Ә. және қолы), "____"________200__ж.";

      Нұсқаулықтың 27-қосымшасында Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жарамсыз құжаттарды жою себептерінің тізбесі он үшінші абзацпен мынадай мазмұнда толықтырылсын: "табылған, бірақ талап етілмеген құжаттар";

      Нұсқаулықтың 29 және 34-қосымшаларында 11-тармақтар алынып тасталсын;

      31 қосымшадағы "31" деген сан "32" деген санмен ауыстырылсын;

      32 қосымшадағы "32" деген сан "31" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                     З. Балиева

      "КЕЛІСІЛДІ"                    "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                  Сыртқы істер министрі
      _____________Р. Түсіпбеков     ______________М. Тәжин
      2008 жылғы 28 мамыр             2008 жылғы 15 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ___________Б. Мұхамеджанов
      2008 жылғы 4 тамыз

                                  Қазақстан Республикасы Әділет
                               министрінің 2008 жылғы 27 ақпандағы
                                    N 51 бұйрығына 1 қосымша

                                 Қазақстан Республикасының халқын
                                 құжаттандыру және тіркеу ережесін
                                    әділет органдарының қолдануы
                                  жөніндегі Нұсқаулыққа 40 қосымша

            Азаматтарды тіркеу кітабын есепке алу
                          ЖУРНАЛЫ

N
р/с

Берген
күні

Азаматтар-
ды тіркеу
кітабының
нөмірі

Тұрғын үй
иесінің тегі,
аты, әкесінің аты

Мекен-жайы

Ескертпе







                                    Қазақстан Республикасы Әділет
                               министрінің 2008 жылғы 27 ақпандағы
                                    N 51 бұйрығына 2 қосымша

                                 Қазақстан Республикасының халқын
                                 құжаттандыру және тіркеу ережесін
                                    әділет органдарының қолдануы
                                  жөніндегі Нұсқаулыққа 41 қосымша

                     Жеке басты растау
                    А Н Ы Қ Т А М А С Ы

                                              ФОТОСУРЕТ
                                            (паспорттық елтаңбалы
                                            мөрмен куәландырылады)

      "____" ____________200___ж.

1. Азамат (-ша)_____________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
               (тұрғылықты жері бойынша тіркелген орны)
жеке куәлігінің N _______________ "_________" ____________________ж.
берген органы_______________________________________________________
2. Азамат (-ша)_____________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
               (тұрғылықты жері бойынша тіркелген орны)
жеке куәлігінің N _______________ "_________" ____________________ж.
берген органы_______________________________________________________
бізге ұсынылған фотосурет бойынша,

азамат (-ша)__________________________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты)
екендігін растаймыз.
Өтініш берушінің жеке басын растаушы азаматтардың қолы:
1._______________________________      ___________________________
            (Т.А.Ә.)                            (қолы)
2._______________________________      ___________________________
            (Т.А.Ә.)                            (қолы)
Анықтаманы толтырған:
_______________________________        ____________________
(құжаттандыру және тіркеу бөлімі              (қолы)
     қызметкерінің Т.А.Ә.)

                                  Қазақстан Республикасы Әділет
                               министрінің 2008 жылғы 27 ақпандағы
                                    N 51 бұйрығына 3 қосымша

                                Қазақстан Республикасының халқын
                                құжаттандыру және тіркеу ережесін
                                  әділет органдарының қолдануы  
                                жөніндегі Нұсқаулыққа 42 қосымша

"БЕКІТЕМІН"                    
Бастық _________________________
________________________________
(әділет органының атауы,  
Т.А.Ә. және қолы)      
"__" ___________ 200___ ж.     

            Жеке басты анықтау нәтижесі бойынша
                     Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

      "___"________200__ж.                    қала, тұрғылықты пункт

      Мен,_________________________________________________________,
                          (қызметі, Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспортын алу
үшін дер кезінде өтініш білдірмеген азамат (-ша) ___________________
                                           (тегі, аты, әкесінің аты)
________________"___" ______________________(туған күні, айы, жылы),
________________________________________________тумасы (туған жері),
_______________________________________________ (тұратын мекен-жайы)
жеке басын анықтау жөніндегі тексеру материалдарын қарастырып,
аз. _________________________________(Т.А.Ә.., өтініш иесінің туған
жылы) жеке басын және Қазақстан Республикасы азаматтығын растайтындығын анықтадым.
Жоғарыдағының негізінде, ҰЙҒАРАМЫН:
аз.______________________________________________________ Қазақстан
Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты берілсін.

Ресімделген 1-н арыздың N_______________________күні _______________
Құжаттандыру және тіркеу бөлімінің маманы :
                                         ___________________
                                                 (Т.А.Ә., қолы)

      Ескерту: ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды беруге негіз болатын құжаттар болмаған жағдайда, дәлелді қорытынды шығарылады.

                                  Қазақстан Республикасы Әділет
                               министрінің 2008 жылғы 27 ақпандағы
                                    N 51 бұйрығына 4 қосымша

                                Қазақстан Республикасының халқын
                                құжаттандыру және тіркеу ережесін
                                  әділет органдарының қолдануы  
                                жөніндегі Нұсқаулыққа 43 қосымша

"БЕКІТЕМІН"                    
Бастық _________________________
________________________________
(әділет органының атауы,  
Т.А.Ә. және қолы)      
"__" ___________ 200___ ж.     

             Анықтау деректерін өзгерту бойынша
                      Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

      "____"________200__ж.                   қала, тұрғылықты пункт
Мен,________________________________________________________________
                        (қызметі, Т.А.Ә.)
Аз._________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
"___" ______________________________________(туған күні, айы, жылы),
________________________________________________тумасы (туған жері),
_______________________________________________ (тұратын мекен-жайы)
анықтау деректерін - тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы (керегінің астын сызыңыз) өзгерту туралы өтінішін қарастырып, аз. _____________
_______________ауданы _______________________ облысының (қаласының)
АХАЖ органымен______________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы - керегінің астын
                                    сызыңыз)
_____________________________   ____________________________________
      (бұрынғы дерегі)                     (жаңа дерегі)
өзгерту туралы куәлік N______________берілген күні _________________
және туу туралы куәлік N______________берілген күні_________________
берілгенін АНЫҚТАДЫМ.

Өтініш негіздемесі N___________күні _________ берілген______________
____________________________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы)
өзгерту туралы акт жазбасының көшірмесімен расталады.
Жоғарыдағының негізінде, ҰЙҒАРАМЫН:
аз. ________________________________________ Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлігі мен паспорты өзгертілген деректері бойынша берілсін.
Ресімделген 1-н арыздың N ____________________күні _______________
Құжаттандыру және тіркеу бөлімінің маманы :________________________
                                                (Т.А.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады