"Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 100-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 14 қазандағы N 316-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5341 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 100-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 31 наурызда N 3534 нөмірмен тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 20 қаңтардағы N 8-9 (988-989) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесінде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға жасалған шартқа сәйкес мұнайдың міндетті ең төмен жылдық көлемдерін тасымалдап беруге өздеріне міндеттеме алғандарға;".
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің және мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау жөніндегі реттелетіп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                   Н. Алдабергенов

      Келісілген:
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      ______________С.Мынбаев
      2008 жылғы 14 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады