Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы N 100-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3534. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.26. N 67-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілген:

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі

      2005 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
агенттігі төрағасының    
2005 жылғы 24 наурыздағы  
N 100-НҚ бұйрығымен     
бекітілген          

Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық
труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол
жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.26. N 67-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы – табиғи монополия субъектілерінің және реттелетін нарықтың реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополиялар субъектінің табиғи монополия саласында ұсынылатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын, тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсыну жағдайларын қоса, ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      3) құзыретті орган - мұнай тасымалдау көлігі саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      4) мұнай тасымалдайтын ұйым - мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін кәсіпорын;
      5) мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды және жанатын сланцтарды тазартқаннан немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмір сутектері.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.26. N 67-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қолданылады.

2. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін
магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау
саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең
жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      4. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) барлық тұтынушылар үшін мұнайды магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділігі;
      2) мұнайды магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) барлық тұтынушыларға қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) мұнай тасымалдау ұйымының қызметтер тізбесінің, осы қызметтерге арналған тарифтердің ақпараттық ашықтығы.

3. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық
труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп
көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)
тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының аумағындағы тұтынушының мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жеткізу құқығы бар.

      6. Тұтынушы мен мұнай тасымалдайтын ұйым арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекiтiлген Мұнай тасымалдау жөнiндегi қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған үлгі шартқа сәйкес шарт негізінде жасалады.

      7. Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тұтынушыларға құзыретті орган бекіткен мұнайын тасымалдау кестесіне сәйкес ұсынылады.

      8. Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистралдық труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетудің магистральдық труба құбырларының бос қуатының болмауы салдарынан техникалық мүмкіндігі шектелген жағдайда, мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге бірінші кезекте қол жеткізу басымдығын мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін:
      1) Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін жеткізуді жүзеге асырушы;
      1-1) мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға жасалған шартқа сәйкес мұнайдың міндетті ең төмен жылдық көлемдерін тасымалдап беруге өздеріне міндеттеме алғандарға;
      2) тасымалданатын мұнайдың және (немесе) мұнай өнімдерінің қоспасын сапасы бойынша олардың аумағы бойынша тасымалдау жүзеге асырылатын елдердегі мұнай тасымалдаушы ұйымдарының белгілеген техникалық талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін қажетті сападағы мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау үшін ұсынушы;
      3) магистральдық труба құбырының немесе оның жекелеген объектілерінің босату қуатын кеңейтуді инвестициялау үшін жасалған шарттың талаптарына сәйкес және инвестициялар толық орнын толтырғанға дейін тартылған;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерін және (немесе) Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуші;
      5) өзінің мұнайын және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдау үшін баламалы техникалық мүмкіндігі жоқ тұтынушыға ұсынылуы мүмкін.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008.10.14 N 316-НҚ Бұйрығымен.

      9. Қалған тұтынушылардың арасында магистральдық труба құбырларының қуаттарын бөлуді құзыретті орган тұтынушылар мәлімдеген мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдаудың көлемдеріне қатысы бойынша тепе-тең негізде жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады