"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 13 наурыздағы N 23-299қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 31 наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 521 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 06-285қ қаулысымен

      Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған»"Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсететін "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) стандарты бекітілсін.

      2. Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.

      3. Департамент осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкiм                                             А. Мамин

                                           Астана қаласы әкімдігінің
                                           2008 жылғы 13 наурыздағы
                                              N 23-299қ қаулысымен
                                                    бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау және төлеу"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      Әлеуметтік көмек - Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек, өтемақы және өзге де төлемдер түрінде әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ әртүрлі тегін қызмет көрсету.
      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексіне , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан ақшалай және заттай нысанда әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 2004 жылғы 24 сәуірдегі 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының   6 , 27-баптарына , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңының   8 , 9-баптарына , Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" N 16/4-IV шешіміне (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылдың 23 қарашасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 478 болып тіркелген), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы "Азық-түлікке бағалардың қымбаттауына байланысты Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" N 15/4-IV шешіміне (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылдың 5 қарашасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 476 болып тіркелген), Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" N 3-1-618қ қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылдың 26 наурызында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 321 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент) "Алматы" және"Сарыарқа" аудандарының әлеуметтік жәрдемақылар мен тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі бөлімдерімен, ардагерлер мен мүгедектер жұмысы жөніндегі бөлімімен, әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімімен Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 1, 4, 5, 11-кабинеттерде әлеуметтік көмек түріне қарай көрсетіледі.

      5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны:
      1) ақшалай қаражаттарды жеке шоттарына аудару арқылы әлеуметтік көмек төлемі.
      2) тегін қызмет көрсету түрінде әлеуметтік қызмет көрсету:
      - қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру;
      - дәрi-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету;
      - мерзімдік басылымдарға тегін жаздыру;
      - тiстерiн тегiн протездеуге (бағалы металдардан протездеуден басқа);
      - мерекелік және айрықша күндерге әлеуметтік көмек.

      6. Мемлекеттік қызмет мына азаматтардың санаттарына (бұдан әрі - тұтынушылар):
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне.
      2. Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға.
      3. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы алты айдан кем емес
жұмыс істеген және қажырлы еңбегі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградтталмаған адамдарға.
      4. 1, 2, 3-топтың мүгедектеріне.
      5. 16 жасқа дейінгі жастағы мүгедек балаларға.
      6. Жасы келген және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
      7. Күш құрылымдарының (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақысын алушыларға;
      8. Қазақстан Республикасының алдында ерекше қызметтері үшін зейнетақы алушыларға;
      9. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейін балалары бар көп балалы отбасыларға;
      10. Балалар үйінің, қала балалар паналарының түлектеріне;
      11. Тұлдыр жетімдер - ата-анасының бірінен немесе екеуіне айырылған тұлғаларға;
      12. Жұмыссыз азаматтарға;
      13. Табысы жиынтығы кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған азаматтарға.
      14. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына.
      15. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген
азаматтарға көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Астана қаласы бойынша Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК (бұдан әрі - МЗТО) деректер базасын алғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде ақшалай нысанда әлеуметтік көмек көрсету.
      Хабарласу бойынша, кезек тәртібінде тегін қызмет көрсету түріндегі әлеуметтік көмек әлеуметтік көмектің түрлеріне қарай кезек күтуді талап етпейді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.

      9. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат ресми ақпараттық көздерінде, Департамент фойесінде орналасқан тағанда, сондай-ақ Астана қаласы Әкімінің: www.аstana.кz. сайтында орналастырылады.

      10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.

      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушыларды қабылдау үшін Департаментінің операция залдарында ұсынылады, кезек күту үшін орындықтар, бланктерді толтыру үшін үстелдер, өтініштердің үлгісімен тағандар бар ғимаратта көрсетіледі, ғимарат пандустармен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет.
      Оқуға әлеуметтік төлем алуға:
      1) осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      2) жеке куәлігі (паспорт);
      3) тұрғын үй есебінің кітабы;
      4) ата-ананың қайтыс болуы туралы куәлігі (тұлдыр жетімдерге);
      5) мүгедектікті растайтын құжат (бала жасынан мүгедектерге);
      6) көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжат (көпбалалы отбасының балалары үшін);
      7) туу туралы куәлік (тұлдыр жетімдерге);
      8) кешенді тестілеу өткізілген орны бойынша берілген тестілеу қорытындысын растайтын мемлекеттік сертификат.
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуді ұйымдастыруға әлеуметтік төлемдер алуға өтініш еркін нысанда ұсынылады.
      Басқа жағдайларда әлеуметтік көмек ұсыну тұтынушының мәртебесін растайтын құжаттар ұсынылады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштер нысанын беру орны - Департамент ғимараты, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 1, 11-кабинеттер (тұратын аудандарына қарай).

      14. Оқуға әлеуметтік төлемдерді алуға қажетті құжаттармен бірге өтініш Департаменттің "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бөлімдеріне мына мекен-жай бойынша тапсырылады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 1, 11 кабинеттер (тұратын ауданына қарай).
      Жерлеуді ұйымдастыруға әлеуметтік төлемдер алуға өтініш Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінде Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 8-кабинетке (кеңсе) ұсынылады.

      15. Тұтынушыға оқуға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға құжаттарды тапсырған кезде қажетті құжаттармен бірге өтінішті қабылдаған маманның тегі, құжаттарды алу мерзімі көрсетілген жыртылмалы талон беріледі.
      Жерлеуді ұйымдастыруға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға өтініштерді тапсырған кезде өтініш кіріс құжатының тіркеу нөмірі қойылатын Департаменттің кеңсесінде тіркеледі.

      16. Ақшалай нысанда әлеуметтік көмек көрсеткен жағдайда, автоматтандырылған режимде екінші деңгейдегі банктерде алушылардың жеке шоттарына ақшалай қаражаттарды аудару алушылардың қосымша хабардар етуінсіз жүргізіледі.
      Тегін қызмет көрсету түрінде әлеуметтік көмек көрсеткен жағдайда кезекке сәйкес қызметтерді алу жүргізіледі (қажеттілігіне қарай).

      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату әлеуметтік көмек алушы қайтыс болған жағдайда немесе Астана қаласында әлеуметтік көмек алуға үміткер ретінде тіркелімі болмаған жағдайда жүргізіледі.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Департамент қызметі:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;
      3) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
      6) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға жол бермеу;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) сыпайы және әдепті болу қағидаларына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажеттілігі кезінде тұтынушы Департаментке, Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 1, 4, 5, 11-кабинеттерге (әлеуметтік көмектің түрлеріне қарай), бөлім бастықтары, 1, 4, 5, 11-кабинеттер телефондары: 21-09-41, 21-09-48, 21-62-17, 21-62-22 электрондық мекен-жайы: deptrud@at. kz.
хабарласуына болады.

      22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе қолма қол Департаменттің кеңсесі арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 68а, 12-кабинет.
      Электрондық мекен-жайы: deptrud@at. kz.
      Бөлім бастықтары, (әлеуметтік көмектің түрлеріне қарай), бөлім бастықтары, 1, 4, 5, 11-кабинеттер, телефондары: 21-09-41, 21-09-48, 21-62-17, 21-62-22.
      Директордың орынбасары 23-кабинет, телефоны: 21-54-97.
      Тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе, ол Астана қаласы әкімінің орынбасарына жазбаша шағым жолдауына болады.

      23. Департаментке келіп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған тәртібі мен мерзімінде жүзеге асырылады.
      Шағым жазған кезде тұтынушыға қабылдау туралы белгісі қойылған екінші данасы беріледі.
      Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Кеңсе телефоны: 21-22-61.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тұтынушыларды қабылдау Департамент жұмысының белгіленген кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Департамент директоры, 23-кабинет, телефоны: 21-04-92, факс: 21-28-39.
      Азаматтарды қабылдау кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін.
      Директордың орынбасары, 23-кабинет, телефоны: 21-54-97.
      Азаматтарды қабылдау кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Бөлім бастықтары 1, 4, 5, 11-кабинеттері, телефондары: 21-09-41, 21-09-48, 21-62-17, 21-62-22.
      Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Бөлімдердің жұмыс кестесі: азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Астана қаласы әкімінің орынбасары, мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 233 кабинет. Азаматтарды қабылдау кестесі - Астана қаласы әкімдігінің жұмыс регламентіне сәйкес. Телефон: 75-21-68.
      Астана қаласы әкімінің аппараты. Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, қала Әкімінің сайты www. Astana. kz.
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қаласы, Министрлік үйі, 35 көше, 2-үй, 6-кіре беріс, сайты www. Enbek. kz.

      25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат
      Астана қаласы Әкімінің сайты www. аstana. kz.

                                                 Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      1-қосымша

                                    Астана қаласының Жұмыспен қамту
                                    және әлеуметтік бағдарламалар
                                    департаментіне
                                    кімнен________________________
                                                  (аты-жөні)
                                    ___________________________
                                    мекен-жайы бойынша тұратын
                                    __________________________
                                    телефон _________ (бар болса)

                              ӨТІНІШ

      Сізден________________________________________________________
                                 (ЖОО атауы)
__________________________факультеті_____________________мамандығы
бойынша __________________________ ретінде оқу ақысын төлеу үшін
әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.
      Мына құжаттарды қоса ұсынамын:
      1.____________________________
      2.____________________________
      3.____________________________
      4.____________________________
      5.____________________________

      Күні______________         Қолы _____________

                                                Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      2-қосымша

      Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің норматив-
тік мәні

Көрсеткіш-
тің келесі
жылдағы нысаналы
мәні

Көрсет-
кіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған
сәттен бастап белгіленген
мерзімде қызметті ұсыну оқи-
ғаларының % (үлесі)

90

80

79

1.2. қызмет алуды кезекте 40
минуттан аспайтын уақыт
күткен тынушылардың % (үлесі)

100

100

100

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісі-
нің сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

80

76

2.2. құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс ресімдеген
жағдайдың (жүргізілген
төлемдер, есеп айырысулар
және т.б.) % (үлесі)

90

80

80

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі
туралы сапаға және ақпаратқа
қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

80

70

62

3.2. тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және бірінші
реттен тапсырған оқиғалардың
% (үлесі)

90

85

85

3.3. интернет арқылы қол
жетімді қызметтерінің ақпарат
% (үлесі)

100

80

80

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына
негізделген шағымдардың %
(үлесі)

0,5

0,1

0,1

4.2. белгіленген мерзімде
қаралған және қанағаттанды-
рылған негізделген шағымдар-
дың % (үлесі)

90

80

78

4.3. шағымданудың қолданыста-
ғы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

70

63

4.4. шағымдану мерзіміне қа-
нағаттанған тұтынушылардың %
(үлесі)

90

80

78

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайы-
лығына қанағаттанған тұтыну-
шылардың % (үлесі)

100

90

86

                                                 Мемлекеттік қызмет
                                                көрсету стандартына
                                                      3-қосымша

                                          ____________________
                                                 (кімге жолданады)

      __________________________________________________________________
                    (бас тарту себебін көрсету)
байланысты _________________________шешімімен ұсынудан бас
тартылғандығы жөнінде хабардар етеміз.

      Департамент директорының орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады