Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N А-1/19 "2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N А-2/289 қаулысы. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 15 ақпанда N 1-1-77 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 31 бабының 13 тарауының, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы "2008 жылғы Республикалық бюджет туралы" Заңының 8 бабының негізінде жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. 2008 жылы 31 қаңтарда N 5 "Көкшетау", 2008 жылы 31 қаңтарда N 5 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған, Көкшетау қаласының әділет басқармасында N 1-1-73 болып тіркелген Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № А-1/19 "2008 жылы Көкшетау қаласында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»қаулысының қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:
      - 10466 саны 10515 санымен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялау қажет.
      3. Қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З.Жұпыновқа жүктелсін.

      Қала әкімі  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады