Қарашай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 26 қарашадағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 12 желтоқсанда N 3-8-62 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округінің әкімінің 20.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округінің әкімінің 20.02.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінде "елді мекеніне" сөздері "ауылы" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарашай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Линовицк ауылы Ф.Озмитель атты көше атауы берілсін;

      2. Жоса ауылы Орманды атты көше атауы берілсін;

      3. Аққайың ауылы Ақбұлақ, Қайыңды атты көше атауы берілсін;

      Ескерту. 3 тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округі әкімінің 17.11.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Қаратаусай ауылы Болашақ, Бөрте, Егемен, Орталық атты көше атаулары берілсін.

      5. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарашай ауылдық округінің әкімі: Б. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады