Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 247, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 397 "Мәртөк ауданының Коминтерн селосын Аққайын ауылы деп қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3322 болып тіркелген) бірлескен қаулысы және шешіміне сәйкес, ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарашай ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынандай өзгерістер енгізілсін:
1) Қарашай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 26 қарашадағы № 1 "Қарашай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-62 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарашай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
мемлекеттік тіліндегі шешімнің мәтінінде "елді мекеніне" сөздері "ауылы" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 3 тармағында "Коминтерн" сөзі "Аққайың" сөзімен ауыстырылсын.
2) Қарашай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 1 "Қарашай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-137 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімнің деректемесінде "Карачевского" сөзі "Карачаевского" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарашай ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
шешімнің 1 тармағының 1 және 2 тармақтары тиісінше 1) және 2) тармақшасы деп есептелінсін;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 және 2 тармағындағы "(Қаратаусай а.)", "(Аққайың а.)" сөздері "(Қаратаусай ауылы)", "(Аққайың ауылы)" сөздерімен ауыстырылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарашай ауылдық округі әкiмiнің міндетін уақытша атқарушы |
Н. Оспанова |