Қарашай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қарашай ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 4219 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Қарашай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарашай селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынандай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қарашай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 26 қарашадағы № 1 "Қарашай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-62 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      шешімінің атауы мынандай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қарашай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы";
      шешімнің кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің мәтінінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2) Қарашай селолық округі әкімінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 1 "Қарашай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелерін атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-137 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      шешімінің атауы мынандай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қарашай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы";
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарашай ауылдық округінің әкімі К. Утаралин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады