"Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлері мен нормативтерін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 06 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының N 77 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 155 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 11 ақпанда N 10-5-121 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 178 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.04.14 N 178 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтiң ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлерi мен нормативтерiн бекiту туралы" Қармақшы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының N 77 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 15 желтоқсанында N 10-5-100 болып тіркелген "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 27 желтоқсандағы N 104 шығарылымында жарияланған) "Қармақшы ауданында аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтiң ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидасын және коммуналдық қызмет түрлерi мен нормативтерiн бекiту туралы" Қармақшы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс 10-сессиясының N 77 шешіміне толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті 11 сессиясының N 90 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 2 ақпанында N 10-5-103 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 13 шығарылымында жарияланған)N 2N 3 қосымшаларындағы Ескертуге төмендегі мәтінде өзгерістер енгізіліп жаңа редакцияда жазылсын:
      1) "тұтынылған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 12 пайыз мөлшерінде, ал жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленсін".
      "тұтынылған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 14 пайыз мөлшерінде, ал жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер үшін 8 пайыз мөлшерінде белгіленсін".
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс 21-сессия төрағасы                   Ә. Дәуленбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                         М. Ерманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады