"Мал басы туралы мәлімет" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 4 тамыздағы N 366 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 қыркүйекте N 13-11-132 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 342 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің 2009.09.21 N 342 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 9-1-бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Бір үлгідегі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мал басы туралы мәлімет» мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса берілген стандарты бекітілсін.
      2. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн мерзімі өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    А. Маковский

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
4 тамыздағы № 366 қаулысымен
бекітілді

«Мал басы туралы мәлімет» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ереже

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: Мал басы туралы мәліметті ұсыну.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 1-тармағы 16) тармақшасы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізілімінің 116 тармағы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша (әрі қарай округ) поселкелердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтардың әкімдері аппараттарымен көрсетіледі (осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес).
      5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі): мал басы туралы анықтама
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
      жеке тұлғалар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі – 1 күн;
      2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің нәтижелерін алу кезіндегі кезек күту уақыты – 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат округтердің стендтерінде орналасқан, оның тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызмет сенбі мен жексенбіні қоспағанда аптасына 5 күн белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз іске асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Округтердегі үй-жайларда көрсетіледі, қабылдауды күтушілерге арналған орындықтар, құжат толтыратын үстел, толтырылған балнкілері бар ақпараттық стендттер бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін өз еркінше қалыпта өтініш жазу қажет.
      13. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін арнайы бланкілер қарастырылмаған.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін арызданушы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекен-жай бойынша келгені жөн.
      15. Мемлекеттік қызметті тұтыну үшін өтініш тапсырған кезде тұтынушыға қарау мерзімдері көрсетілген талон беріледі.
      16. Құжаттар беру Округтардың басшылығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Құжаттарды беруге мемлекеттік қызметті ұсынуға уәкілеттелінген қызметкерлер жауапты болады.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтисін алу үшін тұтынушылардың немесе олардың сенімді тұлғаларының жеке келуі талап етіледі.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздер жоқ.

3. Жұмыс принципі

      18. Қызмет көрсетулерді пайдалануға қатысты Округтардың қызметі келесі принциптерге негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен еркіндігін қадағалау;
      2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты бұзбау;
      3) сыпайылық;
      4) толық қанды ақпарат беру;
      5) ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Шағымдар пошта арқылы немсе қызмет көрсету орны бойынша Округтарда қолма-қол ауызша немесе жазбаша түрде қабылданады. Округтардың мекен-жайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасы бойынша наразылық туған жағдайда шағым мемлекеттік қызметті ұсыну орны бойынша Округ басшысының атына немесе тиісті жоғары тұрған атқарушы органның басшысының атына беріледі.
      23. Қабылданған шағым қызметті тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Округтардың шағымдар мен өтініштерді есепке алу журналында тіркеледі және заңнамамен белгіленген тәртіпте қаралады.
      Шағымдануға келген тұлғаға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген белгіленген қалыптағы талон беріледі. Жазылған шағымға жауап алудың мерзімін және орнын, оның қаралу барысын мемлекеттік қызмет көрсету орны бойынша Округтан білуге болады. Округтардың мекен-жайлары осы стандартың 1-қосымшасында көрсетілген.

6. Байланыс ақпарат

      24. Округтар мен тиісті атқарушы органдар басшыларыны қабылдауы мен жұмыс кестесі олардың жұмысының регламентіне сәйкес анықталады. Мемлекеттік қызметті ұсынған Округтардың байланыс мәліметтері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      25. Сізге керекті басқа да ақпаратты қызметті аудан әкімі аппаратында немесе тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Округтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген сенім телефондары бойынша алуға болады.

«Мал басы туралы мәлімет» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
1-қосымша

Р №

Мемлекеттік мекеменің атауы

Орналасқан орны

Телефон нөмірі

1

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Қарағаш с.

8 (71536) 76-7-85

2

«Алабота селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Ақ-құдық с.

8 (71536)
75-197

3

«Амандық селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Амандық с.

8 (71536) 74-7-36

4

«Большеизюм селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Большой Изюм с.

8 (71536) 32-5-25

5

«Донецк селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Донецкое с.

8 (71536) 74-2-35

6

«Драгомиров селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Драгомировка с.

8 (71536) 55-3-33

7

«Зеленогай селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Зеленый Гай с.

8 (71536) 77-3-73

8

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Кантемир селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Кантемировец с.

8 (71536) 39-3-45

9

«Келлер селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Келлеровка с. Строительнай көшесі, 17

8 (71536)
51-1-55

10

«Киров селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Кирово с.

8 (71536) 32-1-48

11

«Краснокамен селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Краснокаменка с.

8 (71536)
55-5-90

12

«Краснополян селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Красная Поляна с.

8 (71536) 54-2-17

13

«Летовочный селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Летовочное с.

8 (71536) 52-3-10

14

«Миронов селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Мироновка с.

8 (71536) 37-5-47

15

«Рощинск селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Рощинское

8 (71536) 53-7-48

16

«Теңдік селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Теңдік с.

8 (71536) 39-7-18

17

«Тихоокеан селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Тихоокеанское с.

8 (71539) 77-1-18

18

«Чермошнян селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Чермошнянка с.

8 (71536) 38-4-60

19

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Чкалово с., Гагарина көшесі, 26

8 (71536) 70-2-75

20

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Яснополян селолық округі әкімінің аппараты» ММ

СҚО, Тайынша ауданы, Ясная Поляна с.

8 (71536) 73-3-94

«Мал басы туралы мәлімет» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
2-қосымша

Кесте. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіштердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіш-
тердің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылдағы көрсеткіштердің ағымдағы магынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімге қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

90

85


1.2. Кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

80

81


2. Сапа

2.1. Қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

85


2.2. Лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс рәсімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

97

95


3. Қол жеткізушілік

3.1. Қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

90


3.2. Тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

81

81


3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)

20

20


4. Шағымдану үрдісі

4.1. Іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,5

0,6


4.2. Белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

99

77


4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

91

85


4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

99

99


5. Сыпайылық

5.1. Персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

85


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады