"Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша әлеуметтік төлемді қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 4 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 ақпанда N 13-12-56 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қарашада N 217 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің 2009.11.13 N 217 Қаулысымен

      «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша әлеуметтік төлемді қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде қоса берілген стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономикалық сұрақтары және ауыл шаруашылығы жөнінде аудан әкімінің орынбасары И.В. Циммерманға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Жұмабеков

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
14 қаңтардағы № 4 қаулысымен
бекітілді

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша әлеуметтік төлемді қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына тағайындау және төлеу»

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы: «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша әлеуметтік төлемді қажет ететін азаматтардың жекелеген санаттарына тағайындау және төлеу».
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне әлеуметтік көмекті беру.
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тіс протездеуге әлеуметтік көмек беру.
      3) Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру.
      4) Белсенді туберкулҰзбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті беру.
      5) Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық–курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі – жарым-жартылай автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызметтер мына негіздерінде көрсетіледі:
      1) 2001 жылғы 28 тамыздағы № 78 Тимирязев ауданының әкімдігінің «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы» қаулысы 2001 жылғы 13 қыркүйекте № 444 Солтүстік Қазақстан әділет басқармасында тіркелген;
      2) «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тіс протездеуге әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 71 қаулысы, 2006 жылғы 18 сәуірінде № 1619 Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаментінде тіркелген.
      3) «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 наурыздағы № 76 Тимирязев ауданы әкімдігінің № 76 қаулысы, 2005 жылы 31 наурыздағы № 1559 Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде тіркелген.
      4) «Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 89 қаулысы 2006 жылы 18 мамырдағы № 1623 Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде тіркелген.
      5) «Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық–курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 наурыздағы № 75 Тимирязев ауданы әкімдігінің қаулысы 2005 жылғы 30 наурыздағы № 1557 Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде тіркелген.
      Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы:
      «Тимирязев ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1, ro_timir@mail.online.kz.
      Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі):
      алушылардың ашық шоттарына сомаларды тағайындау;
      арызданушыға әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы хабарлама.
      әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім.
      Мемлекеттік қызмет көрсетіледі мыналарға:
      «Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне әлеуметтік көмекті беру» қызметіне - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға.
      «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тіс протездеуге әлеуметтік көмек беру» қызметіне – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне
      «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру» қызметіне - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, қаза тапқан әскерлердің жесір қалған, қайта тұрмыс құрмаған әйелдерге, жасөспірімдер жасында қамалуда болғандар және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдарда адал еңбек еткен және мінсіз әскери қызметті атқарғандар үшін, Бұрынғы Социалистік Республикалар Кеңестік Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталғандарға.
      «Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті беру» қызметіне – туберкулезге қарсы мекемелерде диспансерлық есепте тұрған, белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға.
      «Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық–курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру» қызметіне - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, қаза тапқан әскерлердің жесір қалған, қайта тұрмыс құрмаған әйелдерге, қаза тапқан әскерлердің отбасыларына, тылда адал еңбек еткен және мінсіз әскери қызметті атқарған азаматтарға және барлық санаттардағы мүгедектерге.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
      1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т. б.): 10 күн құрайды
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.): 30 минут құрайды;
      3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты 40 минут құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету: «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеу» бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу тегін көрсетіледі.
      9. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеу» бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу мемлекеттік қызмет көрсетулердің:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне әлеуметтік көмекті беру;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тіс протездеуге әлеуметтік көмек беру;
      3) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру;
      4) белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті беру;
      5) Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық–курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру стандарттары аудандық «Нива» газетінде жарияланады Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй,№ 3, 4 кабинеттер мекен-жайы бойынша орналасқан «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жайында стенд орналастырылады. Қызмет осы мекенжай бойынша көрсетіледі.
      10. Жұмыс кестесі: күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін, алдын ала жазылу талап етілмейді.
      11. «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жайында қызмет көрсетіледі. 3,4 кабинеттерінде креслолар, орындықтар бар, өтініштердің үлгілерімен ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш беруші мына құжаттарды тапсырады:
      1) «Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне әлеуметтік көмекті беру» қызметі үшін:
      белгіленген үлгідегі өтініш;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының немесе оларға теңестірілген тұлғалардың куәліктерінің көшірмесі;
      зейнетақы аударылатын сақтау кітапшасы;
      жеке куәліктің көшірмесі;
      2) «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына тіс протездеуге әлеуметтік көмек беру» қызметі үшін:
      белгіленген үлгідегі өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      мәртебесін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын орнын растайтын құжаттың көшірмесі;
      тіс протездеген бағасы туралы мекемеден есеп-фактурасы.
      3) «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру» қызметі үшін:
      белгіленген үлгідегі өтініш;
      жеке куәліктің көшірмесі;
      қасиет санатына керек–жарағын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      4) «Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмекті беру» қызметі үшін:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын орнын растайтын құжаттың көшірмесі;
      белсенді топ жөнінде диспансерлық есепте тұратын жайында туберкулезге қарсы мекеменің анықтамасы.
      5) «Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық–курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру» қызметі үшін:
      белгіленген үлгідегі өтініш;
      жеке куәліктің көшірмесі;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      санаторлық-курорттық емделуге қажеттілігі туралы медициналық мекеменің қорытындысы;
      арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушының статусын растайтын туралы зейнетақы және жәрдем төлеу жөнінде мемлекеттік орталықтың аудандық филиалынан анықтама
      13. Бланктар Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1, № 3 кабинетте мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.
      14. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1, № 3 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
      15. Мемлекеттік қызмет алу үшін керек құжаттарды тапсырған өтінушіге орындалу мерзімі және алынған датасымен арызданушының орындалу мерзімі және алынған датасымен үзінді талоны беріледі.
      16. Хабарлама поштамен жіберіледі немесе Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, № 3 кабинетте мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасқанда табыстайды.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету.
      1) жан басына шаққандағы орташа табыстың сәйкес мерзімнің бір айындағы кедейшілік шегі мөлшерінен асуы;
      2) толық емес құжаттардың жиынтығын тапсырғаны.

3. Жұмыс принципі

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
      1) бөлім мамандарының әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;
      2) белгіленген үлгідегі өтінішті және оған қоса берілген бланктерді тегін алуға;
      3) тоқсансайын тағайындалған төлемдерді банктік шоттарына аударылғанына арқа сүйей алады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік
көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе басқа да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізушілігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану:
      Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі,1 үй, 2 кабинет немесе орынбасарға 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
      2) Тимирязев ауданының әкіміне
      3) Тимирязев аудандық сотқа.
      22. Шағым түскен мемлекеттік органы:
      1) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2 кабинет;
      2) «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары – 4 кабинет;
      3) Тимирязев ауданының әкіміне, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1;
      4) Тимирязев аудандық сотқа, Тимирязев с., Уәлиханов көшесі,1
      23. Қабылданған шағымдарды растайтын және берілген шағымға жауап алудың мерзімі 15 күн, шағымды қарау барысында білуге болатын лауазымды тұлғалардың байлыныс мәліметтері қаралатын құжаттар атауы датасы мен шағым қабылданған уақыты көрсетілген үзінді талон беріледі.

6. Байланыс ақпарат

      24. Мемлекеттік органның байланыс мәліметтерін электрондық пошта мекен-жайы, жұмыс және қабылдау кестесі, мекен-жайы, телефондары:
      «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 1 үй, электрондық пошта мекен-жайы:ro-timir@mail.online.kz.
      Мекеме бастығы, телефон 21494, № 2 кабинет;
      Бастықтың орынбасары, телефон 21649, № 4 кабинет;
      Әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі - 3 кабинет;
      Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz.

«Жергілікті өкілетті органдарының шешімі
бойынша әлеуметтік төлемді қажет ететін
азаматтардың жекелеген санаттарына тағайындау
және төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша

Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы

Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері

Көрсеткіш-тердің норматив-
тік мағынасы

Келесі жылдағы көрсеткіштер-дің мақсатты мағынасы

Есеп беру жылындағы көрсеткіштер-дің ағымдағы мағынасы

1

2

3

4

1. Дер кезділік

1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары

95

75

60

1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)

90

50

40

2. Сапа

2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

70

60

2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс ресімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95

75

65

3. Қол жеткізушілік

3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

80

50

40

3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі)

80

30

25

3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі)

50

30

25

4. Шағымдану үрдісі

4.1. іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі)

0,1

0,4

0,6

4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)

95

60

50

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

85

70

50

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

95

50

40

5. Сыпайылық

5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

90

70

60

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады