Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпараттындыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 9 шілдедегі N 291 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5734 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы "Пошта туралы" Заңының 8-бабының 2-тармағы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша беріліп отырған Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төраға орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                    Қ. Есекеев

Қазақстан Республикасы 
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының 
2009 жылғы 9 шілдедегі 
N 291 бұйрығымен    
бекітілген      

Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы", "Пошта туралы" Заңдарына және Дүниежүзілік Пошта Одағының кесімдеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы пошта операторларымен пошта мөртабанын пошта жөнелтімдерінде қолдану тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) өшіру – пошта жөнелтімі қабылданғанын растайтын мемлекеттік пошта төлемі белгілеріне пошта мөртабаны бедерін басып шығару;
      2) пошта мөртабанының күні мен уақыты – пошта мөртабанында ауыстырылып орнатылатын ағымдағы күнтізбелік күн мен уақыттың белгілеуі.

2. Пошта мөртабандарын қолдану, жасап шығару және сақтау тәртібі

      3. Пошта мөртабаны оның бедерін басу жолымен пошта жөнелтімін өңдеудің ағымдағы күнтізбелік күні мен уақытын белгілеу мақсатында төмендегі жағдайларда қолданылады:
      1) жазбаша хат-хабарларды қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында пошта айналымында жүрген мемлекеттік пошта төлемі белгілерін өшіру үшін, сондай-ақ өңделетін пошта жөнелтімдеріне;
      2) пошта жөнелтімдерін қабылдауда пайдаланушыға берілген түбіртекті растау үшін;
      3) пошта операторының өндірістік құжаттарын ресімдеу үшін.
      Пошта мөртабанының бедерлері халықтың сұрауы бойынша әртүрлі филателиялық және басқа материалдарға (хат қалталар, ашық хаттар, маркалар және тағы сол сияқты), жіберілетін пошта жөнелтімдеріндегі салымдардың барлық түрлеріне және пошта операторының өндірістік құжаттары болып табылмайтын құжаттарға қойылмайды.
      4. Мемлекеттік пошта төлемі белгілері пошта мөртабанының бедерімен қайтадан екінші рет қолданылмайтындай етіп өшіріледі. Портреттері бар пошта төлемі белгілерін өшіру кезінде пошта мөртабанының бедері бет бейнені ластамауы керек. Төлемге жарамсыз пошта төлемі белгілері (айналымнан алынған, басқа мемлекеттердің пошта төлемі белгілері) пошта мөртабанымен өшірілмейді.
      Пошта мөртабанының бедері арнайы пошта мөртабаны бедерінің үстіне қойылмауы керек.
      5. Пошта жәшіктерінен жәшіктегі көрсетілген алу уақытына дейін жиналып алынған жай хаттарға басылған пошта мөртабанының күні нақты күнтізбелік күнге сәйкес келуі тиіс.
      Пошта жәшігіне осы жәшікте көрсетілген алу уақытынан кейін түсірілген жай хаттарға басылған пошта мөртабанының күні келесі күнтізбелік күнге сәйкес келуі тиіс.
      6. Қызмет пайдаланушысына берілген түбіртектегі пошта мөртабанының күні пошта жөнелтімінің нақты қабылданған күнтізбелік күніне сәйкес келуі тиіс. Жіберушінің сұрауы бойынша да, ағымдық операциялық күннің жабылуы себебі бойынша да өзге күндерді қоюға жол берілмейді.
      7. Пошта мөртабандарындағы барлық жазбалар (өндірістік объектілердің атаулары) мемлекеттік тілде орындалады.
      Халықаралық пошта алмастыру орындары мен пунктері үшін пошта мөртабандарындағы жазбалар латын әріптерімен орындалады.
      Егер жұмыс талаптары бойынша қажет болса, өндірістік объектілер пошта мөртабандарының қажетті санын қолдана алады, бұл жағдайда оларға қосымша әріптік литер немесе нөмір ойып жазылады.
      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық пошта операторының барлық өндірістік объектілерінде пошта жөнелтімдеріне мөр соғу кезінде және өндірістік құжаттарда қара (көк) түсті, ал пошта вагондарында – қызыл түсті мөртабан бояуы қолданылады.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық пошта операторының пошта мөртабанының күні мен уақытын орнату үшін "ККААЖЖСС" форматы пайдаланылады, мұндағы:
      КК – күнтізбелік күннің саны;
      АА – айы;
      ЖЖ – жылы;
      СС – сағаты (белдеулік уақыт бойынша ағымдағы сағаттың басталуынан).
      Қазақстан Республикасы Ұлттық пошта операторының өңдейтін пошта трафигі көлемі елеулі емес өндірістік объектілерінде (әдетте, пошта желісінің торапты емес пунктілерінде) пошта мөртабанында ағымдық уақыттың белгілеуі болмауы да мүмкін.
      10. Пошта операторының өндірістік объектілерінде пошта мөртабандарының жұмыс орындарына берілуі туралы күнделікті есеп, сондай-ақ орнатылған күнтізбелік күндердің (уақыттың) сәйкестігіне және мөртабандардың сақталуын қамтамасыз етуге бақылау жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады