Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 тамыздағы N 04.2-44/145 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5781 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5223 тіркелген, 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1485) "Юридическая газета" және 2008 жылғы 6 маусымдағы N 85 (1311) "Заң газетінде" жарияланған), "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 28 тамыздағы N 04.2-09/207 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5300 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2008 жылғы қыркүйегінде N 9 жарияланған), "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 04.2-44/18 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5529 тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы N 30 (1627) "Юридическая газета" және 2009 жылғы 26 ақпандағы N 30 (1453) "Заң" газетінде жарияланған), "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 30 наурыздағы N 04.2-44/84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5682 тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы N 84 (1681) "Юридическая газета" және 2009 жылғы 5 маусымдағы N 84 (1507) "Заң" газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымшада:
      1-тармақта:
      16) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      "17) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің қаржылық ахуалын қалпына келтіру және жұмысының сапасын жақсарту үшін эмитентті қайта құрылымдау жоспары негізінде ол ерікті негізде жүзеге асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа іс-шаралардың кешені.";
      4-тармақта:
      4) тармақшаның үшінші абзацтағы орыс мәтініндегі "по истечении" деген сөздері "в течение" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      5) тармақша мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда, эмитенттің меншікті капиталы сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселі мөлшердегі АЕК баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептілік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі.";
      6) тармақша мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда, жылына сексен бес мың алты жүз АЕК еселі мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептілік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес соңғы үш жылдың ең болмағанда екі жылында акциялар эмитентінің таза кірісі бар болуына жол беріледі.";
      5-тармақта:
      4) тармақшаның үшінші абзацтағы орыс мәтініндегі "по истечении" деген сөздері "в течение" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      5) тармақша мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Акциялар осы санатта болғанда, эмитенттің меншікті капиталы бір жүз жетпіс бір мың АЕК еселі мөлшердегі баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі.";
      6) тармақшадағы "әрқайсысы" деген сөзі "біреуі" деген сөзімен ауыстырылсын;
      7-тармақта:
      бірінші абзацтағы "екі" деген сөзі "үш" деген сөзімен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мына мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) буферлік санат.";
      8-тармақта:
      5) тармақшаның үшінші абзацтағы орыс мәтініндегі "по истечении" деген сөздері "в течение" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      10-тармақта:
      4) тармақшаның үшінші абзацтағы орыс мәтініндегі "по истечении" деген сөздері "в течение" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      11-тармақта:
      4) тармақшаның үшінші абзацтағы "өтіп" деген сөзі "ішінде" деген сөзімен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "екі" деген сөзі "үш" деген сөзімен ауыстырылсын;
      9) тармақша алынып тасталсын;
      мына мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3, 13-4, 13-5, 13-6, 13-7, 13-8, 13-9, 13-10, 13-11, 13-12, 13-13, 13-14, 13-15 және 13-16-тармақтармен толықтырылсын:
      "13-1. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар мен оның эмитенттері осы Талаптардың 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны төлеу бойынша дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда);
      3) эмитент міндеттемелері қайта құрылымдағанда.
      13-2. Қор биржасы эмитент пен оның бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.
      13-3. Осы Талаптардың 13-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.
      13-4. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.
      13-5. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қор биржасының атына директорлар кеңесі бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасаудың негіздерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми сайтында орналастырады.
      13-6. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
      13-7. Іс-шараларды қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасының органы қабылдайды және қор биржасының директорлар кеңесі оны бекітеді.
      13-8. Эмитент "буферлік санат" санатына өзінің бағалы қағаздарын аударым жасаудың негіздерін жойған не делистингі және "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған сәтке дейін растайтын құжаттарды берген не бағалы қағаздардың делистингі жағдайында, осы бағалы қағаздар осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасалған сәтте болған қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің санатында қалады.
      13-9. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "буферлік санат" санатында бағалы қағаздардың болуының барынша ұзақ мерзімі эмитентті және оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.
      13-10. Бағалы қағаздар "буферлік санат" санатында болған кезеңде, эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде сауда-саттықты ұйымдастырушысына мына ақпаратты береді:
      1) қор биржасының ішкі құжаттарында және листинг туралы шартта тізбесі айқындалатын, эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар жөніндегі оның ішінде мәліметтер бар есептілікті және ақпаратты береді;
      2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді.
      13-11. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда, осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымдары "буферлік санат" санатына аударым жасалады.
      13-12. Осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген негіздер жойылған жағдайда, құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының шешімі негізінде бағалы қағаздар "буферлік санат" санатынан бұдан бұрын олар болған санатқа аударым жасалады.
      Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаған жағдайда, оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатынан басқа санатқа (шағын санатқа) аударым жасаудың негізі болып құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының эмитент және оның бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешімі табылады.
      13-13. Осы Талаптардың 13-1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген сәйкессіздіктерді осы Талаптардың 13-9-тармағында  көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      13-14. Егер эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы Талаптардың 10-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      13-15. Егер бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, эмитент қайта құрылымдау жөнінде хабарлаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында қалады.
      13-16. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:
      1) эмитенттің қызметі қайта құрылымдау немесе тарату не эмитент тарату процесінде болу нәтижесінде тоқтатылғанда;
      2) өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу жөнінде эмитенттің дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) және эмитент осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      3) бағалы қағаздар және оның эмитенттері осы Талаптардың 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде және эмитент осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      4) қор биржасы осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;
      5) егер эмитенттің директорлар кеңесі міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолтында;
      6) қор биржасы осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген негіздерді жою мүмкін емес фактісін айқындағанда;
      7) осы Талаптардың 13-13-тармағының талаптарын ескеріп, осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген негіздерді осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймағанда;
      8) егер эмитенттің директорлар кеңесі міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы Талаптардың 13-14-тармақтарын ескеріп, осы Талаптардың 10 және 11-тармақтарының басқа да талаптарына сәйкес келмегенде;
      9) сот эмитентті банкрот деп танығанда;
      10) эмитент мүлігіне осы эмитент активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салынғанда;
      11) эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитент (рұқсатнама бастамашысы) тізбесі осы Талаптардың 13-10-тармағында көрсетілген ақпаратты бермегенде;
      12) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындамағанда;
      13) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.";
      14-тармақтың 9) тармақшасының бірінші абзацы мына мазмұнда жазылсын:
      "9) соңғы есептілік күні инвестициялық қордың таза активінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес екі жүз он бес мың еселенген АЕК мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.".
      2. Осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарының қолданылуы 2012 жылғы 1 шілдеге дейін таралады.
      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Даму департаменті:
      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамы және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;
      3) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                            А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігінің төрайымы
      ________________ Е. Бахмутова
      20 тамыз 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады