"Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы N 23-502қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 4 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 581 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 01.02.2017 № 158-158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысының 1.5. тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 қаңтарда N 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы N 21 "Астана хабары", 2004 жылғы 27 наурыздағы N 34 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған; "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 3-1-323қ қаулысымен , нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 31 мамырда N 389 болып тіркелген, 2005 жылғы 7 маусымдағы N 75 "Астана хабары", 2005 жылғы 4 маусымда N 82-83 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған; "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 23-10-205қ қаулысымен , нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 11 сәуірде N 436 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 сәуірде N 52 "Астана хабары", 2006 жылғы 18 сәуірде N 56 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған; "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 3-1-65қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы N 23-4қ қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 31 қаңтарда N 459 болып тіркелген, 2007 жылғы 8 ақпандағы N 21-22 "Астана хабары", 2007 жылғы 8 ақпандағы N 22-23 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       3-тармақта "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында (бұдан әрі - Қағида):
      "департаменті", "Департамент", "Департаментте", "Департаментпен", "Департаментке", "Департаментті" деген сөздер "басқармасы", "Баскарма", "Басқармада", "Басқармамен", "Басқармаға", "Басқарманы" деген тиісті сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың 1) тармақшасында "бір айдан артық" деген сөздер алынып тасталсын;
      25-тармақта ", бірақ тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлықтан ақыдан кем емес" деген сөздер "он бес мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қағидаға 1-қосымшада :
      "департаментінің", "Департамент", "Департаментке", "департаменті" деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасының", "Басқарма", "Басқармаға", "басқармасы" деген тиісті сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспедегі "директоры" деген сөз "бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында ", бірақ тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбек ақы көлемінен кем емес" деген сөздер "он бес мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қағидаға 2-қосымшада :
      "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Қағидаға 3-қосымшада :
      "департаментінің", "Департамент", "Департаменттің", "Департаментке", "департаменті" деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасының", "Басқарма", "Басқарманың", "Басқармаға", "басқармасы" деген тиісті сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспедегі "директоры" деген сөз "бастығы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтың 2) тармақшасында "тиісті қаржылық жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ең төменгі еңбек ақы көлемінен кем емес" деген сөздер "он бес мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу Қағидасында :
      "департаменті", "Департамент", "Департаменттің", "Департаментте", "департаментіне" деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасы", "Басқарма", "Басқарманың", "Басқармада", "басқармасына" деген тиісті сөздермен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жастарды кәсіп таңдау дағдыларына оқыту Қағидасында :
      кіріспедегі:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы "," деген сөздер алынып тасталсын;
      "заңдарына" деген сөз "Заңына" деген сөзге ауыстырылсын;
      "департаменті", "Департамент", "Департаментте", "Департаментпен", деген сөздер барлық мәтін бойынша "басқармасы", "Басқарма", "Басқармада", "Басқармамен" деген тиісті сөздерге ауыстырылсын.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Әкім
И. Тасмағамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады