"Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 қарашадағы N 23-1045қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 11 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 597 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қарашадағы N 23-1097қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.11.22 N 23-1097қ қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 болып тiркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 47 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 40 нөмірінде жарияланған; "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 23-266қ қаулысымен өзгерістер енгізілген, Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 28 наурызда N 513 болып тiркелген, "Астана хабары" газетінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 48 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 44 нөмірінде жарияланған; "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 23-569қ қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 3 шілдеде N 585 болып тiркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 11 шілдеде N 75 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 11 шілдеде N 82 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасында:
      5-1-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген жеке көмекшілер қызметін пайданалатын адамдарға таратылмайды.".
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкiм                                           И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады