Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 27.02.2014 № 113-318 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 16-1008қ қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 16 қаңтарда № 453 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 21-22 нөмірінде, «Астана хабары» газетінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 22-23 нөмірінде жарияланған); «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 4 наурыздағы № 16-277қ қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 31 наурызда № 512 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 47 нөмірінде, «Астана хабары» газетінің 2008 жылғы 12 сәуірдегі № 42 нөмірінде жарияланған) енгізілген толықтырулары бар «Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 3-1-457қ қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 1 тамызда № 404 болып тіркелген, 2005 жылғы 16 тамыздағы № 112 «Астана хабары», 2005 жылғы 11 тамыздағы № 122 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру Қағидасында:
17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Объектiге басқа қатысушылар болмаса, Жалға берушi тендер өткiзу кезінде сол объектiнiң Жалгері болып табылатын тұлғамен бұрынғы шарттар бойынша жалға беру шартын жасайды.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Жалға берушi баланс ұстаушы жалгерге олардың арасындағы шартқа қол қойылған күннен бастап кемінде бiр ай мерзiмінде объектiні тапсыруды қамтамасыз етеді. Қабылдау-тапсыру актiсiне екі тарап қол қойған күннен бастап жалдау ақысы есептеледi.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жалдау шартының қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы бойынша немесе шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда жалгерлік объектiсін жалгер табиғи тозуды ескерумен қабылдау-тапсыру актiсi бойынша бастапқы жай-күйiнде, сондай-ақ қарыздардан және басқа да мiндеттемелерден бос күйінде баланс ұстаушыға қайтарады.».
2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов