Степногорск қаласы әкімдігінің "2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы" 2009 жылғы 7 мамырдағы № а-4/226 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № а-7/463 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда № 1-2-121 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № а-8/523а шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № а-8/523а шешімімен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Степногрск қаласы әкімдігінің «2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралары туралы» 2009 жылғы 7 мамырдағы № А-4/226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-114 тіркелген, 2009 жылдың 26 маусымында «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «2. Мақсатты топтарына жататын тұлғалар тізбесі келесі жұмыссыз азаматтар санаттарымен толықтырылсын:
      50 жастағы және одан үлкен жастағы тұлғалар;
      ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (6 айдан артық);
      29 жасқа дейінгі жастар;
      қайта некеге тұрмаған жесір әйелдер, тұл ерлер;
      орта және орта білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын оқу мекемелерінің түлектері;
      бұрын жұмыс істемегендер;
      емдеу курсынан өткен өкпе ауруымен ауыратын тұлғалар;
      мүгедектік есебінен шығарылғандар;
      жасқа толуы бойынша әскери есептен шығарылғандар».
      2. Осы Степногорск қаласы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
      3. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск
      қаласының әкімі                            А.Никишов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесі бастығының м.а                    Ф.Жукова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады